Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет255/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Суасты жанартаулары  мұхит түбінде, мұхиттардың орталық 
суасты жоталарында орналасқан жанартаулар, олардың биіктігі жəне 
белсенділігі түрліше болып келеді.
Субдукция зонасы – литосфералық тақталардың жымдасу 
аймақтары 


399
Субъядро – планетамыздың орталығын (5120-6371 км) құрайтын 
бөлік, диаметрі 2500 км шамасында. Сыртқы ядро мен субъядроның 
шекарасын даниялық ғалым-сейсмолог – Инге Леман анықтаған.
Сульфидтер – металдардың күкіртпен қосындылары, ал 
бұлардың табиғатта 27-ден астам түрі белгілі əрі бұлар көптеген 
металдардың басты рудалары болып табылады.
Сульфаттаркүкірт қышқылының (H
2
SO
4
) тұздарын 
біріктіретін минералдар тобы. Бұлардың табиғаттағы жалпы саны 
130-ға жуық.
Сыртқы ядро – “Вихерт-Гутенберг шекарасынан” 4990 км – 
ге дейінгі аралықты алып жатқан бөлік. Ондағы заттар балқыған, 
сұйық күйде болады.
Сыртқы күштер (эндогендік)күн сəулесі энергиясы мен 
ауырлық күші нəтижесінде қалыптасқан жер бедері пішіндерін 
бұзумен қатар, жер бедерінің жаңа пішіндерін де түзеді. Сыртқы 
күштер біріне-бірі жалғасып кететін үш тізбекті əрекеттер жүйесінен 
құралады: үгілу – тау жыныстарының бұзылуы, бұл əрекет жер 
бедерін түзбейді, тек қана үгілу өнімдерін даярлайды; денудация 
– үгілген өнімдердің тау беткейлерімен төмен сыбағалы салмағына 
қарай сырғуы; аккумуляция – үгілу өнімдерінің бір жерден екінші 
жерге тасымалдануы. Соңғы екі əрекеттің əсерінен тегістелген 
жазық жерлер (пенеплен) түзіледі.
Тayлap жоғары биіктікке (8000 м-ге жəне одан да жоғары) 
көтерілген жер қыртысының қатпарлы жəне қатпарлы-жақпарлы 
құрылымдармен күрделіленген, теңіз деңгейімен жəне қоршаған 
жазықтармен салыстырғанда биіктік көрсеткіштері өте жиі жəне 
күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. 
Гипсометриялық көрсеткіштері бойынша биіктігіне қарай олар 
- аласа (1000 м-ге дейін), орта (1000-3000 м) жəне биік (3000 м 
жоғары) тауларға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет