Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-кесте.  Жер шарындағы ең ірі метеориттік кратерлер



Pdf көрінісі
бет66/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

5-кесте
Жер шарындағы ең ірі метеориттік кратерлер

Кратер атауы
Орналасқан жері 
Абсолюттік 
жасы
Диаметрі, 
км есебімен
1 Фредофорт 
Оңт. Африка Респ. <2 млрд жыл
300
2 Садбери 
Канада 
1,85 млрд жыл 250
3 Чиксулуб 
Мексика 
65 млн жыл
170
4 Маникуаган 
Канада 
214 млн жыл
100
5 Попигай 
Ресей (Таймыр)
35 млн жыл
100
6 Акрамен 
Аустралия 
450 млн жыл
90
7 Чесапик шығ-ғы АҚШ
35,5 млн жыл
90
8 Пучеж-Катунки Ресей (Волга бойы) 175 млн жыл
80
9 Мороквенг 
Оңт. Африка Респ. 145 млн жыл
70
10 Кара 
Ресей (Орал)
73 млн жыл
65
Геолог ғалымдардың тау жыныстары құрамын зерттеу бары-
сында, бұдан шамамен 65 млн жыл бұрын, жердегі динозаврлар 
мен басқа да ежелгі жануарлардың жойылып кетуіне осындай 
аспан денелерінің құлауы себепші болған. Өйткені осы жануарлар 
қалдықтары табылған сол дəуірдің тау жыныстары құрамынан Жер-
де өте сирек кездесетін, керісінше метеориттер құрамындағы жиі 
кездесетін иридий металының мол қорын анықтаған. 
1990 жылы осындай Чиксулуб кратері Мексика жеріндегі Юкатан 
түбегінен табылған, ол кейінгі дəуірлердің жыныстарымен жабылған. 
Өте қуатты жарылыс күші 1 млрд тонна тротил эквивалентіне жақын 
болған. Метеориттің құлауы кезінде 100 трлн тонна тау жыныста-
ры бірнеше километр биікке көтеріліп, жер бетіне қайта құлаған. 
Апатты жер сілкіну, цунами, алапат өрттер орын алған. Метеориттің 
негізгі бөлігі Мексика шығанағы табанында жатуы мүмкін, өйткені 
ғалымдар осы жарылыс əсерінен шығанақ табанының қалыптасу 
мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Шоқжұлдыздар жүйесі – ғарыш əлеміндегі Күн жүйесі тəрізді 
аспан денелерінің жиынтығы болып табылады. Бүгінгі таңда 
Жерден 65-тен 192 астрономиялық бірлікке дейінгі қашықтықта 
орналасқан 30-дан астам жұлдызды-ғаламшарлық жүйелер мен 88 
шоқжұлдыздар жүйесінің бар екені ғылымға белгілі болып отыр.


87
Жұлдызды-ғаламшарлық жүйелерге сандық нөмір белгіленіп
латын тіліндегі аттар беріледі. Ал шоқжұлдыздар жүйелеріне кейбір 
заттар мен ежелгі мифологиялық персонаждардың есімдері берілген 
(30-сурет).
Шоқжұлдыздар жүйесіндегі əрбір жұлдыздың ғарыш əлеміндегі 
орналасуы біркелкі емес. Сондықтан да олардан шығатын жарықтың 
Жер бетіне жету ұзақтығы да түрліше болып келеді. Жарық шығару 
ерекшелігіне қарай жұлдыздар жарық жұлдыздар жəне көмескі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет