Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


А - бір орталықтан жан-жаққа таралған, Б – жан-жақтан бір



Pdf көрінісі
бет111/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

А - бір орталықтан жан-жаққа таралған, Б – жан-жақтан бір 
орталыққа тартылған; В - параллель; Г - бұтақ тəрізді; Д - кереге көз 
тəрізді; E - қауырсын тəрізді
73-сурет. Өзен тораптарының түрлері:
Табиғатта өзен тораптары түрлерінің бұтақ тəрізді, параллель, 
бір орталықтан жан-жаққа таралатын, жан-жақтан бір орталыққа 
тартылатын жəне шеңбер тəрізді жəне де басқа көптеген түрлері 
кездеседі (73-сурет). 
Карст процесі əрекетінен қалыптасатын жер бедері. Карст 
(Балқан түбегіндегі Kras үстірті атымен аталған, оңтүстік славян 
тілінде жартас деген мағына береді) – тау жыныстарының суда 
еруінен жəне онымен байланысты химиялық процестерден туындай-
тын құбылыстар жəне сол процестер əсерінен түзілген жер бедері 
пішіндері. 


155
Карст процестерінің жүзеге асуының негізгі себебі – тау 
жыныстарының атмосфера құрамындағы, жер бетіндегі, жерасты 
сулары мен кейбір жағдайда теңіз сулары əсерінен epyі. 
Карст құбылыстарының пайда болуы мен дамуына жəне оның 
таралуына бірнеше табиғи факторлар əсер етеді: 
1. Оларға жер бедерінің тегіс, жайпақтау келген жерлеріндегі 
шөгінді тау жыныстарының карст процесіне тезірек ұшырауы;
2. Əктасты жыныстардың тазалығы мен қалыңдығы, өйткені 
əктас қабаты неғұрлым таза жəне қалың болса, соғұрлым олар карст 
түзілуіне тезірек ұшырайды; 
3. Тау жыныстарының механикалық құрылымы, неғұрлым 
жұмыр, ірі кесекті əктастар ұсақ түйірлі əктастарға қарағанда карст 
құбылысына баяу ұшырайды; 
4. Ауа райы жағдайы: температура мен жауын-шашынның 
мөлшері, ауа райы сипатымен тығыз байланысты 
5. Өсімдік жамылғысы, өсімдік қалдықтарының ыдырауы, 
карстық тау жыныстардың жарықшақты болып келуі жəне т.б. 
жағдайлар түрлі карст пішіндерінің қалыптасуына мүмкіндік 
туғызады (74-сурет).
74-сурет. Балқан түбегіндегі Карст (Красс) үстірті
Судың жерасты циркуляциясы, яғни гидрогеологиялық 
жағдайлар да карст процесінің дамуына зор əсерін тигізеді. Карстық 
аймақтарда өздерінің гидрогеология жағдайларымен ерекшеленген 
бірнеше қабатты ажыратуға болады:
Тұрақты ылғалға қаныққан қабат жер бетінен бастап жер 
астындағы еспе (грунт) суының бетіне (деңгейіне) дейінгі бөлікті 
алады. Бұл топырақ пен атмосфералық ауа алмасу немесе аэра-


156


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет