168
тоннадан асатын шомбал кесек тау жыныстары бөлшектерінің
соққысынан тұрады. Механикалық
абразия теңіз абразиясының
негізгі түрі, ол əрекеттер химиялық жəне термиялық абразиялар
əсерінен күрделенеді.
Химиялық абразия теңіз суы əсерінен
жағалық тау
жыныстарының еруі нəтижесінде жүзеге асады. Əсіресе жаға жиегі
карбонатты тау жыныстарынан құралса,
онда химиялық абразия
(карст процестері əсерінен) қарқынды түрде жүреді.
Термиялық абразия – тоңды тау жыныстарынан құрылған
жағалардың мұзын теңіз суының ерітуі əсерінен бұзылуынан пайда
болады.
Жағалық сызық – құрлық пен су алқабы (теңіз, көл-бөген)
арасындағы шартты шекара. Су
бетінің құрлыққа жанасатын
жерінде пайда болатын сызық түрінде жүргізіледі. Судың деңгейі
үнемі өзгеріп тұратындықтан жағалық сызық тұрақты болмайды.
Сондықтан оның көп жылдық орташа деңгейін алып, белгілейді.
Қазіргі заманның жағалық сызығы
төрттік кезеңінің жамылғы
мұздығының еруі себебінен дүниежүзі мұхит деңгейінің көтеріліп,
құрлықтың шеткі бөліктерін су басуы нəтижесінде қалыптасқан.
Мұндай жағдайда қалыптасқан жағаларды
ингрессиялық жағалар
деп атайды (
80-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: