206
Температурасы жоғарылаған
сайын ауа өзінің құрамында
неғұрлым көп су буын ұстай алады, суық ауа қанығу шегіне жылдам
жетеді. Жылы, ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суынып,
кон-
денсациялану құбылысы жүреді. Ауа құрамындағы су буы бөлініп
шығып, тамшы күйіне өтеді.
Су буының атмосферадағы үлесін ауаның ылғалдылығы деп
атайды. Түсетін жауын-шашын мөлшері
ауаның ылғалдылығына
байланысты болады. Ауаның
абсолютті ылғалдылығы деп 1 м
3
ау-
ада болатын су буының мөлшерін атайды, оны əдетте,
мм немесе
мб
есебімен көрсетеді. Ауа құрамында су буы көп болған сайын оның
қысым көрсеткіші жоғарылайды.
Абсолютті ылғалдылықтың белгілі бір температура жағдайында
мүмкін болатын максималды ылғалдылыққа қатынасын
салыстыр-
малы ылғалдылық деп атайды. Салыстырмалы ылғалдылық
пайыз-
бен (%) өлшенеді. Оны анықтау үшін қолданылатын құрал –
гигро-
метр деп аталады (
109-сурет).
Егер ауаның абсолютті ылғалдылығы 8 мм тең болса,
қанығу
шегіне жеткен кезде дəл осы температура жағдайында ауа өзінің
бойында 10 мм ылғалды бойында ұстай алады. Демек,
ауаның са-
лыстырмалы ылғадылығы 8:10 қатынасына тең немесе 80%-ды
құрайды.
Ауаның ылғалдылығы экватор маңында ең жоғарғы көрсеткішіне
жетеді, мұнда салыстырмалы ылғалдылық жыл бойы 85% шамасын-
да болады. Батыс Еуропа сияқты ұдайы мұхит ықпалына ұшырайтын
аймақтарда да ауаның ылғалдылығы жыл бойы жоғары жағдайда
сақталады.
Муссонды аудандарда ылғалдылық жазда жоғары, қыста төмен.
Қыс кезінде құрлықтың жоғары ендіктерде орналасқан аудандарын-
да ауа өте ылғалды болады. Ауаның ылғалдылығы Сахара, Арабия
жəне Мексикадағы шөлдерде, Оңтүстік Америка мен Аустралиядағы,
Оңтүстік
Африкадағы шөлді аудандарда, Монғолияда өте төмен,
оның мөлшері 50%-дан төмен болады.
Ең жоғары салыстырмалы ылғалдылық
көрсеткіші Амазонка
өзені сағасында (90%), ал ең төменгі көрсеткіш Ніл өзені бойындағы
Хартум қаласында (28%) тіркелген.
Ауа құрамындағы су буының мөлшері температураға байланы-
сты. Мөлшері 1 м
3
ауа массасы –20
0
С жағдайында 1грамнан артық
ылғалды бойында ұстай алмайды. 0
0
С жағдайында ауа құрамында
5
грамнан артық, +10
0
С жағдайында 9 грамнан артық, +30
0
С
207
жағдайында 30 грамнан артық ылғал бола алмайды.
Ауа темпера-
турасы неғұрлым жоғары болған сайын оның құрамындағы ылғал
мөлшері артып отырады.
Достарыңызбен бөлісу: