203
Муссондар – бағытын қыстан жазға жəне
жаздан қысқа карай
күрт өзгертіп отыратын маусымдық сипаттағы ауа ағындары. Мус-
сондар циклондар мен антициклондар неғұрлым тұрақты болатын
жəне олар маусым бойынша күрт
айырмашылық жасайтын аудан-
дарда қалыптасады.
Муссондарды
тропиктік емес жəне
тропиктік (экваторлық)
муссондар деп жалпы екі топқа бөледі.
Тропиктік емес муссондар жылдың бір мезгілінде құрлық пен
мұхиттың жылынуының əркелкі болуына байланысты пайда болады.
Олар негізінен солтүстік жарты шарда айқынырақ байқалады. Мұнда
материктердің шығыс жағалаулары қоңыржай жəне
субтропиктік
ендіктерде муссондық циркуляция ықпалында болады.
Өйткені бұл аудандарда батыс желдерінің əсері азаяды, сондық-
тан құрлық пен көршілес орналасқан мұхит айдыны арасындағы
температура мен қысым айырмашылығы
маусымдық тұрақты
желдердің (муссондардың) пайда болуына жағдай жасайды.
Қоңыржай ендіктерде батыс желдерінің бағытына қарама қарсы
соғатын жазғы муссондар құрлыққа жауын-шашын əкеліп, ауа тем-
пературасын едəуір төмендетеді.
Ең тұрақты жəне айқын байқалатын муссондар тропиктік
ендіктерде пайда болады. Тынық жəне
Атлант мұхиттарының
тропиктік ендіктерінде жыл бойы пассаттар басым болады.
Сондықтан тропиктік муссондар тек Тынық мұхиттың батыс бөлігі
мен оған көршілес Шығыс Азия мен Индонезия жағалауларында
ғана айқын байқалады.
Муссондық циркуляция Үнді
мұхиты алабының тропиктік
ендіктерде жатқан үлкен кеңістіктерін қамтиды. Бұл Үнді мұхиты-
ның екі ірі құрлықтың аралығындағы орнымен жəне екі жарты шар-
да орналасуымен түсіндіріледі.
Тропиктік
(эквторлық)
муссондардың
пайда
болуына
субтропиктік антициклондар мен экваторлық төмен қысымды
алаптың жыл мезгілдеріне қарай орнын
өзгертуі тікелей себепші
болады. Шілдеде экваторлық төмен қысымды алап солтүстік жарты
шардың неғұрлым жоғары ендіктеріне қарай, ал қаңтарда керісінше,
оңтүстік жарты шарға қарай ығысып, орын ауыстырады (
107-сурет).
Субтропиктік антициклондар да осы бағытта ығысады. Экваторға
көршілес аймақтарда қысымдық орталықтардың жыл мезгілдеріне
қарай күрт орын ауыстыруы себепті
басым желдердің де бағыты
да өзгереді. Тропиктік муссондарға екі жарты шардың жыл ішінде
біркелкі жылынбауы да себепші болады.