221
асырады. Ал жергілікті жердегі ауа райы өзгерістеріне байқау жасау
шағын метеорологиялық алаңдар көмегімен жүзеге асады (
116-су-
рет).
116-сурет. Метеорологиялық алаң
Метеорологиялық алаңдағы
құралдарды пайдалана оты-
рып, жергілікті ауа райындағы өзгерістерге байқау жасау.
Байқау
мəліметтерін төмендегі кестеге толтыру қажет (
9-кесте).
9-кесте.
Ауа райын сипаттайтын көрсеткіштер
Уақыты ________
Сағат 900 Сағат 1200 Сағат 1500 Сағат 1800
Флюгер бойынша желдің
бағыты
Желдің жылдамдығы,
анемометр көрсеткіші
бойынша
Бұлттылық, балл
есебімен (0-10 балл
аралығы)
Атмосфералық
құбылыстар, арнайы
шартты белгімен көрсету
Температура, 0С
есебімен
Салыстырмалы
ылғалдылық,%
Атмосфералық қысым,
мм немесе мб есебімен
Атмосфералық жауын-
шашын, мм есебімен
222
Ауа райын байқауға арналған тапсырмаларды орындау реті
мынадай:
1. Метеорологиялық алаңға байқау нəтижесін алу үшін
белгіленген уақыттан сəл ертерек бару қажет.
2. Байқау алынатын құралдардың дұрыс жұмыс жасап тұрғанын
алдын-ала тексеріп алу қажет.
3. Байқау мəліметтерін алу дəл кестеде көрсетілген уақытта
жасалынуы тиіс.
4. Байқау мəліметтері кестеге сол жерден кетпей тұрып түсірілуі
қажет.
5. Байқау
кезінде
болған
атмосфералық
құбылыстар
10-кестедегі шартты белгілер негізінде белгіленуі тиіс.
6. Кестеге жазылатын мəліметтер қарындашпен түсірілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: