223
Төменде келтірілген 117-суретке сүйене отырып, əрбір
атмосфералық құбылыстардың
қандай ауа райы жағдайында
қалыптасуы мүмкін екендігін анықтаңдар.
Əрбір атмосфералық құбылыстың
сендер тұрған жерде
жылдың қандай мезгілінде қалыптасатындығын түсіндіріңдер.
əрбір құбылысты сипаттайтын шағын эссе жазуға талпыныс жасап
көріңдер.
1 2 3
4 5 6
117-сурет. Атмосфералық құбылыстар
Климаттық карта көмегімен белгілі бір жердің климатын
сипаттау жоспары:
1. Қандай климаттық белдеулерде (белдеуде)
орналасқанын
анықтау
2. Белдеу ішінде климаттың қандай ішкі айырмашылықтары бар
екенін анықтау.
3. Қаңтар мен шілденің орташа температура көрсеткіштерін табу.
4. Абсолюттік максимум температура көрсеткішін табу.
5. Абсолюттік минимум температура көрсеткішін табу.
6. Белдеу шегінде орналасқан қысымдық орталықтарды анықтау.
7. Басым желдердің бағытын, олардың маусым бойынша таралу
ерекшелігін сипаттау.
224
8. Жылдық жауын-шашынның
орташа көрсеткішін, оның
жылдың қандай мезгілінде басым түсетінін анықтау.
9. Климаттық жағдайдың сол жердегі адамдар өміріндегі маңызы.
Достарыңызбен бөлісу: