Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Дүниежүзілік мұхит деңгейі өзгерісінің үш басты себебі бар



Pdf көрінісі
бет162/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Дүниежүзілік мұхит деңгейі өзгерісінің үш басты себебі бар:
1. Жердегі тектоникалық белсенділіктің эволюциялық өзгерістері 
нəтижесінде, өте баяу, өзгеру уақыты миллирдтаған жылдар 
аралығын қамтиды;
2. Жердегі тектоникалық белсенділіктің мантиядағы химиялық 
заттар тығыздығының қайталанып отыратын құрылымдық 
өзгерістері нəтижесінде, өзгеру уақыты миллиондаған жылдар 
аралығын қамтиды;
3. Жердің полярлық аймақтарындағы жабынды мұздықтар 


230
мен тау мұздықтарының еруі нəтижесінде, өзгеру жылдам жүреді, 
бірнеше жүз мыңнан миллион жылға дейін созылуы мүмкін. Мұхит 
деңгейінің өзгерісі ±100-150 метрден аспайды.
Гидросфера мен атмосфера арасындағы өзара байланыстың аса 
маңызды бөлігі оттегі мен көмірқышқыл газының алмасуы арқылы 
жүзеге асады. Мұхиттағы бос оттегі молекулалары фитопланктон 
фотосинтезі нəтижесінде түзіледі. Олар заттардың биохимиялық 
өзгерістерін жүзеге асырады, артық бөлігі атмосфераға бөлініп 
шығады (басым бөлігі тропиктік ендіктерде).
Еріген оттегі мұхит суының барлық тереңдіктерінде кездеседі 
(тек кейбір терең шұңғымалардан басқа, мəселен Қара теңіз). Бұл өз 
тарапынан барлық тереңдіктерде тіршіліктің қарқынды дамуы мен 
органикалық жəне минералдық заттардың тотығуына жағдай жасай-
ды.
Мұхит суында атмосферамен салыстырғанда 50 есе артық 
мөлшерде еріген көмірқышқыл газы жинақталған, əсіресе, оның кон-
центрациясы жоғарғы ендіктерде өте жоғары. Өйткені түпкі салқын 
суларда олардың ерігіштігі күрт жоғарылайды. Көмірқышқыл газы 
теңіз организмдерінің əк тасты қаңқалары мен сыртқы қорғаныш 
қабықтарын құрайды.
Мұхит суы құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының 
арақатынасы антропогендік əрекеттер нəтижесінде өзгеруде, соның 
əсерінен ауадағы оттегі мөлшері азайып, керісінше, көмірқышқыл 
газының концентрациясы күрт жоғарылауда.
Гидросфера мен литосфера арасындағы өзара байланыс 
Дүниежүзілік мұхит эволюциясында аса маңызды орын алады. Бұл 
байланыс əсіресе, мұхиттың жағалық бөлігінде ерекше қарқын ала-
ды. Ол жағалық бөліктердің қалыптасуынан, тұздардың келуінен
мұхит түпкі шөгінділерінің түзілуінен айқын көрінеді.
Гидросфера мен биосфера арасындағы өзара байланыс тірі 
организмдердің тіршілік ортасы ретіндегі маңызымен түсіндіріледі. 
Тіршілік өнімділігі ашық мұхитпен салыстырғанда жағалық бөлікте 
50 есе жоғары.
Гидросфера мен педосфера (мұхит түпкі шөгінділері немесе 
«мұхит топырағы) арасындағы өзара байланыс жергілікті маңыз 
алады. Оның түзілу жылдамдығы мен қалыңдығы мұхит суының 
вертикальды қозғалыстарына да тəуелді. Конвергенция зонасында 
планктон өнімділігі төмен болса, керісінше, дивергенция зонасында 
күрт жоғарылайды.


231
Сондықтан да жоғарыда аталған сфералар арасында, яғни гид-
родинамика, химиялық элементтер балансы жəне биологиялық 
өнімділік арасында өте тығыз байланыстар орнаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет