Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет199/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Көлдер. Дүниежүзілік мұхитпен тікелей байланысы жоқ, табиғи 
қазаншұңқырда, ойыста орналасқан су айдынын көл деп атайды 
Жалпы алғанда, көлдер құрлық ауданының 2%-ға жуығын ғана 
алып жатыр (17-кесте). Бірақ көлдер құрлықта біркелкі таралмаған. 
Өйткені аумақтағы көлдердің санына (көлділік) климат пен жер 
бедерінің сипаты тікелей əсер етеді. Климаты ылғалды, ойыстар 
мен қазаншұңқырлар көп кездесетін аумақтарда көлділік деңгейі де 
жоғары болады. Ресейдегі Кола түбегі мен Карелия аумағының 10%-
ын көлдер алып жатыр.


279
17-кесте. 
Дүние жүзіндегі аса ірі көлдер 
Атауы 
Орналасқан жері
Ауданы, мың 
км
2
Ең терең жері, 
м
Каспий теңізі 
Еуразия 
396 (390)
1025
Жоғарғы көл
Солтүстік Америка
82,4
393
Виктория 
Африка 
69,5
80
Гурон 
Солтүстік Америка
59,7
228
Мичиган 
Солтүстік Америка
57,8
281
Арал теңізі 
Азия 
33,6
61
Танганьика 
Африка 
32,9
1435
Байкал 
Азия 
31,5
1620
Ньяса 
Африка 
29,6
706
Үлкен Аюлы 
көлі
Солтүстік Америка
31,3
137
Үлкен Еріксіздер 
көлі 
Солтүстік Америка
28,6
156
Көлдер қазаншұңқырының шығу тегі мен қалыптасуына байла-
нысты:
Тектоникалық; 
• Мұздық; 
• мұздық-тектоникалық; 
• қалдық (реликт); 
• карстілі;
• жанартаулық типтерге бөлінеді. 
Тектоникалық көлдер жер қыртысының майысып, төмен түскен 
бөліктерінде жəне жарықтар бойымен пайда болған. Жер шарындағы 
ең терең көл – Байкал көлі шығу тегі жағынан тектоникалық көл 
болып табылады. Терең тектоникалық жарық (грабен) бойында 
орналасқандықтан Байкал,Танганьика сияқты көлдерді рифтілік 
көлдер деп те атайды.
Шығыс Сібірдің оңтүстігінде орналасқан Байкал көлі – 
ғаламшарымыздағы айрықша көлдің бірі. Тектоникалық жолмен 
пайда болған орасан үлкен опырынды қазаншұңқырдың ұзындығы 
636 км, ені 80 км, ал ауданы 31,5 мың км
2
жетеді. Байкал жағалауының 
жалпы ұзындығы 2,5 мың км, ал тереңдігі (1620 м) жөнінен Байкалға 
теңесетін көл жоқ. 


280
Көлде шамамен 23 мың км
3
су жинақталған, ол Азов теңізімен 
салыстырғанда 95 есе көп. Байкалда дүние жүзіндегі тұщы су 
қорының 20%-ы шоғырланған, оның суы аса мөлдір, оттегіне 
бай, жұмсақ, таза. Судың мөлдірлігі соншалық, желсіз күндері 40 
м тереңдікке дейінгі көл түбі көрініп жатады. Байкалда 26 арал 
орналасқан, ең ірісі Ольхон аралы. 
Көлге ірілі-ұсақты 336 өзен құяды, жалғыз Ангара өзені ағып 
шығады. Якут (саха) тілінде көл аты «бай көл» дегенді білдіреді. 
Шындығында да Байкал суға ғана емес, тіршілік дүниесіне де бай. 
Көлде өсімдіктердің 1000 жуық түрі, балықтар мен жануарлардың 
1550 түрі кездеседі. Көлде тіршілік ететін ескек аяқты ұсақ шаяндар 
– эпишуралар көл суын ластайтын ұсақ балдырлармен қоректену 
арқылы көл суын тазартады. 
Қырғызстандағы Ыстықкөл, Қазақстан жеріндегі Зайсан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет