287
19. Дүниежүзілік мұхит табиғатын
зерттеумен айналысқан
қандай ғалымдарды білесіңдер?
20. Гидроакустика ғылымының міндеті неде?
21. Дүниежүзілік мұхит табанына тəн ірі құрылымдарды
атаңдар?
22. Дүниежүзілік мұхиттағы гидрологиялық фронт дегеніміз не?
23. Дүниежүзілік мұхиттағы тіршіліктің негізгі топтары қандай?
24. Дүниежүзілік мұхиттағы биологиялық өнімділік ең жоғары
аудандары қайда орналасқан, не себепті?
25. Дүниежүзілік мұхит табиғатын қорғаудың қандай тиімді
жолдарын білесіңдер?
26. Дүниежүзілік мұхитының табиғат ресурстарына не жатады?
27. Дүниежүзілік мұхиттағы рекреациялық ресурстардың басты
аудандарын атаңдар?
28.
Жердің су балансы дегеніміз не, ол қалай жүзеге асады?
29. Дүниежүзілік су айналымы дегеніміз не, оның қандай
түрлері бар?
30. Судың жылы сиымдылығы дегеніміз не, оның қандай
маңызы бар?
31. Құрлық суының құрамдас бөліктеріне нелер жатады?
32. Өзеннің су жинау алабы дегеніміз не, ең үлкен су жинау ала-
бы қандай өзенге тəн?
33. Өзен аңғары дегеніміз не, оның басты элементтерін атаңдар?
34. Өзен бөліктерінің басты элементтерін атаңдар?
35.
Өзеннің су шығыны дегеніміз не, оның қандай түрлері бар?
36. Өзен барып құятын жер қалай аталады?
37. Көлдер қазаншұңқырларының қалыптасуына қарай қалай
жіктеледі?
38. Жер шарындағы мұз ерімей сақталатын қабат қалай аталады?
39. Қардың мұзға айналуына қандай жағдайлар ықпал жасайды?
40. Жер шарындағы жамылғы мұз басудың басты аудандары
қайда орналасқан, не себепті?
41. Ірі тау мұздықтары орналасқан тау жүйелеріне
мысал
келтіріңдер?
42. Жерасты суларының қандай түрлері бар, олар қалай
қалыптасады?
43. Ювенильді су дегеніміз не, олар қалай пайда болады?
44. Қазақстан жерінде жерасты
суларының мол қоры қайда
кездеседі?