Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет219/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

энергия айналымы, ырғақтылық, зоналылық заңдылықтар жата-
ды. 


307
8.2. Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығы
Географиялық 
қабықтың 
біртұтастық 
заңдылығы
Географиялық қабықты құрайтын компоненттер (жер бедері, ауа, 
су, топырақ, тіршілік дүниесі) əрқайсысы өзіне тəн заңдылықтар 
негізінде қалыптасады. Бірақ олар жеке-дара, оқшау дами алмайды, 
өйткені олар географиялық қабық ауқымында бір-бірімен өзара бай-
ланысты жəне тəуелді. 
Осылайша географиялық қабықтың əр компоненті өз 
заңдылықтары бойынша дами отырып, өзге компоненттердің əсеріне 
де ұшырайды жəне өз кезегінде оларға да əсер етеді. Біртұтастық 
заңдылығына сəйкес, бір компоненттің өзгерісі міндетті түрде басқа 
компоненттердің өзгерісіне себепші болады. Аталған өзгерістер өте 
ауқымды сипат алса, онда географиялық қабық тұтасымен өзгеріске 
түсуі мүмкін. 
Табиғи жүйедегі өзгерістердің қарқыны мен ауқымы бұл 
жүйеге енетін компоненттердің өзгеру жылдамдығына байланы-
сты. Компоненттерді өзгерістерге тұрақтылығы жөнінен мынадай 
қатарға: геологиялық жыныстар – жер бедері – климаттық жағдайлар 
– су – топырақ – өсімдік – жануарлар дүниесі қоюға болады 
Географиялық қабықтың біртұтастық заңдылығын білудің 
ғылыми-қолданбалы маңызы зор. Қазіргі таңда табиғи өсімдік 
жамылғысын мəдени өсімдіктермен алмастыру, жасанды бөгендер 
мен бөгеттер салу, шөлді аудандарды суландыру мен батпақтарды 
құрғату тəрізді шаруашылық əрекеттер табиғат комплексінің 
тұтастығына елеулі түрде ықпал етіп, уақыт өте келе оның кері 
өзгерістеріне, кейде, тіпті, апатты жағдайларға да алып келуі мүмкін. 
Қазақстанда тың жəне тыңайған жерлерді игеру барысында 
солтүстік аймақтағы құнарлы жерлер жаппай жыртылды. Бірақ осы 
шараларды жүзеге асыру барысында жергілікті жердің климаттық 
жағдайы ескерілмеді. Бұл аймақ арқылы өте қуатты желдер соғады, 
ол топырақтың беткі қабатын ұшырып əкетеді. Соның нəтижесінде 
бірнеше жылдар өткен соң бұрынғы құнарлы топырақтың біраз 
бөлігі жарамсыз жерлерге айналды. 
Əрине, жіберілген қателікті түзету мақсатында көптеген ша-
ралар жүргізілуде, бірақ табиғатқа келтірілген кері өзгеріс еш 
уақытта орнына келмейді. Мұндай мысалдарды Жер шарының 
кез келген бөлігінен келтіруге болады. Сондықтан географиялық 


308
қабықтың тұтастық заңдылығын сақтай отырып қана, саналы түрде 
шаруашылық əрекеттерді жүзеге асыру қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет