Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет37/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Перпендикуляр тəсілі. Бұл тəсілді жылғаларды, қисық ор-
ман жиегі контурын, үлкен ғимараттар мен күрделі пішінді. 
объектілерді түсіруде қолданады. Сондықтан олардың контурының 
арақашықтығын негізгі бағыт сызығына перпендикуляр жүргізе 
отырып, түсіруге болады. Ол үшін əрбір түсірілім нүктесінен жүріс 
бағыты бойынша перпендикуляр бағыттағы арақашықтық өлшенеді, 
содан соң тік нүктеге дейінгі арақашықтық есептеледі.
Створ əдісі. Оны учаскелердің түзу сызықты шекарасын неме-
се түзу сызықты электр байланыс сызықтарының орнын анықтап 
түсіру үшін қолданады. Створ – бұл бақылаушы көзімен бағыттаған 
кезде, бір сызық бойында екі обьектінің қатар орналасуы. Көздеу 
орнынан осы сызықтағы створ нүктесін табуға болады. Одан кейін 
створ сызығы бойынша обьектіге дейінгі қашықты өлшеуге болады.
Көз мөлшерлі түсірілім жоспары шартты белгілермен сызылады. 
Көз мөлшерлі түсірілім жергілікті жерде бағыттаудың қарапайым 
тəсілдері көмегімен жүргізіледі.
Көз мөлшерлі түсірілім кезінде ағаш, бағана, көпір сияқты 
заттардың биікітігін сызғыш көмегімен анықтауға болады. Ол үшін 
сызғышты қолда ұстап тұрып, көздейтін затқа туралайды. Заттың 
биіктігі сызғыш бөліктерінен асқанға дейін бағыттайды. Есепті 
сызғыш бойындағы мəліметтерден алады. 


46
7-сурет. Жергілікті түсірілім түрлері: 
а-полярлық түсірілім тəсілі, ə-таңба тəсілі,
б-перпендикуляр тəсілі, в-створ əдісі
Обьект биіктігі Н, осы арақатынас арқылы анықталады:
l
h
L
H


мұндағы, L – бақылаушыдан обьектіге дейінгі қашықтық (қадаммен 
өлшенеді) өлшемі, метр есебімен; h – сызғыш бойындағы өлшем
сантиметр есебімен; l – көзбен қарағандағы сызғыш қашықтығы
сантиметр есебімен алынады (8-сурет). 
Күн ашық кезде обьект биіктігін заттың көлеңкесін пайдала-
нып, өлшеуге болады. Мысалы: адам көлеңкесі 1,2 метрге тең деп 
есептесек, осы көрсеткішке сүйене отырып, коэффицентті есептеп 
шығаруға болады. Оны ағаш, үй, бағана, мұнара жəне басқа да 
топографиялық обьектілер бикітігін анықтау үшін қолдануға бола-
ды. 
Көлеңке болмаған жағдайда, обьект биіктігін бойының 
ұзындығы белгілі адамға сəйкестеп, шамамен де анықтауға болады. 
Біраз қашықтыққа жүріп барып, бір көзбен объект жəне адам бойын 
салыстырып қарау қажет.


47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет