50
11-сурет. Нивелирлеу нəтижесі бойынша профиль түсіру
Бағытталуда көкжиек жақтарының салыстырмалы бағытын
компас, карта, аэрофототүсірілім, табиғи зат, күн жəне шоқжұлдыз
бойынша білу маңызды.
Оңтүстік орнын күн бойынша тал түс анықтайды. Бұл анықтау
күзде,
көктемде, қыста өте дəл болып табылады, ал жазда ол 25
0
қателікпен анықталады, себебі күн горизонттан жоғары орналасады.
Бағытты Темірқазық жұлдызы бойынша анықтау дəл болады.
Ол үшін Үлкен Аю шоқжұлдызының
ең шеттегі екі жұлдызының
арасындағы бес теңаралықты қашықтықты алу керек.
Орманда жергілікті жер заттарына бағытталуда оларды кешенді
пайдалану керек. Ағаш қабығының солтүстік жағы қалың, қынамен
жабылған, жондарда жəне үлкен тастарда қына солтүстік жақта
өседі. Құмырсқа илеуінің солтүстік жағы оңтүстікке
қарағанда тік
болып келеді.
Жергілікті жерде бір жерден екінші жерге адаспай бару үшін
бағыттарды маршрут бойынша жазып алу немесе есте сақтау ке-
рек. Жергілікті жерде кері жолды еркін табуға мүмкіндік
беретін
белгілерді – тастарды, бұтақтарды тастап кетіп отыру қажет болады.
Картаның рамкасы батыс немесе шығыс жағы маңына компас
штрихтарын 0 ден 180
0
етіп орналастырып, картаға бағдар жасауға
болады. Компас стрелкасы (тілі)
магниттік ауытқу шамасын өз
белгісімен көрсетуі керек.
Кез келген картографиялық туындының өзі басқа ғылым сала-
лары үшін картографиялық дереккөз қызметін атқарып, оларды
түрлі дəрежедегі ақпараттармен қаитамасыз ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: