Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет43/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Жарық жылы – 9,4605·10
15 
м = 63 240 а.б. тең, ол өлшем 
бір жылдағы жарықтың жүріп өтетін жолымен анықталады. Ал 
жарықтың жылдамдығы 300 000 км/сек тең. 
• Парсек (пс) – 3,0857·10
16 
м = 3,26 жарық жылына тең.


54
• Хаббл тұрақтысы (Н) – 7,8 км/с·мегеперсек, галактикада 
жинақталған аспан денелерінің бір-бірінен қашықтау жылдамдығы 
немесе Ғарыш əлемінің ұлғаю мүмкіндігінің өлшемі болып санала-
ды.
Ғарыш əлемі. Бізді қоршап тұрған аспан əлемі ортасының негізгі 
қасиеттерін танып-білу үшін ең алдымен, оның ғарыш кеңістігіндегі 
орнын анықтау қажет. 
«Ғарыш» дегеніміз – бізді қоршап жатқан уақыт жəне кеңістіктегі 
шексіз материялық дүниенің (метагалактика) көзге көрінетін 
бір бөлігі ғана. Бұдан шығатын қорытынды: бар əлем осымен 
шектелмейді, бұл тек қазіргі уақыттағы аспан əлемінің бізге белгілі 
шағын кеңістігі ғана. 
Ал оның шекарасының уақыт өте келе, бақылаудың озық 
мүмкіндіктері туындаған сайын, ауқымы мен аумағы жағынан 
тоқтаусыз кеңейе беретіндігі айқын нəрсе. Өйткені есептеулер 
бойынша неғұрлым қашық орналасқан аспан əлемінің кейбір 
бөліктерінің сəулелері жер бетіне 10 млрд жылдар шамасында жетуі 
мүмкін.
Астрономдардың зерттеулері бойынша Аспан əлемі өте қуатты 
жарылыстар нəтижесінде бұдан шамамен 17-18 млрд жыл бұрын 
пайда болған. Бұл құбылысты Үлкен жарылыс деп атайды. 
Аспан əлемін құрайтын барлық нысандардың құрамы алғашқыда 
сутегі (80%) мен гелийден (18%) тұрған, ал қалған азғана бөлігі 
басқа элементтерден құралған деген болжам бар. Бұл тұжырымның 
шындыққа жанасатындығын бізге ең жақын орналасқан алып 
жұлдыз Күннің құрамы дəлелдейді.
Ғарыш кеңістігін зерттеу барысында оны құрайтын аспан 
денелеріне 
жаратылыстанудың 
негізгі 
заңдылықтарының 
барлығының да оларға тəн екені анықталды. Алайда ғарыш құрамы 
тұрақты емес, оның барлық физикалық көрсеткіштері уақытқа 
тəуелді болып саналады. 
ХХ ғасырдың соңындағы зерттеулер бойынша Ғарыштағы 
материяның дамуында жарылыс құбылыстарының ерекше маңыз 
атқаратындығы анықталды. Осы жарылыс əсерінен Ғарыш 
объектілерінің дамуында бір сапалық күйден екіншіге сапалық күйге 
өту процесі жүреді, бұл өз кезегінде жаңа аспан денелерінің туында-
уына əкеліп соғады. Ғарыш кеңістігінің өзін-өзі қалыптастыруы мен 
реттеп отыруы үздіксіз жүріп отыратын құбылыс .
Қазіргі таңда Ғарыш пульсациясы деген гипотезаның маңызы 


55
өте жоғары. Бұл тұжырымдама бойынша Ғарыш эволюциясының ба-
стауы бар, бізге белгілі Ғарыш кеңістігінің шекарасы тұрақты емес, 
ол Хаббл теңдеуі көрсеткендей жылдамдықпен кеңейіп отырады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет