90
ғаламшары орбитасы маңайында түрлі сипаттағы қалдықтардың үлесі
күннен-күнге артуда. Сонымен қатар Жер ғаламшары маңайындағы
кеңістіктердің ластануы табиғи жолмен де жүреді. Бұл құбылысты
барынша тежеу Жер атмосферасының тығыз қабаттарына енген кез-
де, ғарыш денелерінің жануы арқылы жүзеге асады.
Күн белсенділігінің 11-жылдық өзгеруі əсерінен Жер
атмосферасының тығыздығы осы уақыт
аралығында ауытқуларға
ұшырап отырады. Күн бесенділігі артқан сайын Жер атмосферасының
тығыздығы да артады, демек Жерге жететін қалдықтардың мөлшері
азаяды деген сөз.
Бұл мəселелерді зерттеумен жаңа қалыптасып келе жатқан
қолданбалы – ғылым саласы –
ғарыштық экология айналысу-
да. Ғарышты игеру басталғалы бері Жерден ұшырылған ғарыш
объектілерінің жалпы саны шамамен 8700-ге,
жалпы массасы
2,3·10
6
кг жеткен жəне бұл көрсеткіш қазіргі техникалық жетістіктер
нəтижесінде артып отыр.
НАСА жəне Еуропалық Ғарыш Агенттігінің мəліметтері бой-
ынша ғарыш кеңістігін ластаушы заттардың үлесі мынадай сипатта
болып келеді (
32-сурет)
32-сурет. Ғарыш қалдықтарының үлесі
Бүгінгі таңда ғарыш кеңістігінен ластаушы заттардың үлесін
барынша азайту аса маңызды ғаламдық проблемалардың біріне ай-
налып отыр.
Сондықтан да ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында
неғұрлым қалдықсыз технология талаптарын барынша қатаң сақтау,
жеңіл салмақты конструкцияларды пайдалану,
қалдықтардың
өздігінен зарарсыздануы сияқты шараларды жүргізуді басшылыққа
алу жолға қойылуда.
Ғарыштан
түсірілген
суреттер
көмегімен
табиғат
ресурстарының таралуын, ландшафт зоналарының шекарасын,