298
əдебиеті мен өнері, тарихы мен ғылымы жөнінде көшелі ойлар
айтқан ірі зерттеулерге пара-пар көлемді ізденістер болып табы-
лады. Бұл мақалалардың басым көпшілігін Міржақып “Қазақ”
газетінде қызмет істеген жылдары жазды. “Манап” драмасы (1914
№82), “Қазірет сұлтан” (1913 №16, 17), “Шоқан Шыңғысұлы
Уəлиханов” (1914 №71, 73, 77), “Исмаилбек Гаспринский” (1914
№50, 81), “Ғабдолла Тоқай” (1913 №9), “Григорий
Николаевич
Потанин” (1915 №158), “Абай” (1914 №67), “Надандық құрбаны”
(1916 №175), атты мақалалары алғаш осы “Қазақ” газетінде
жарияланған. Бұл мақалалардың құндылығы – аталған тұлғалар
мен шығармалар туралы көбіне алғашқы айтылған қомақты пікір,
құнды зерттеу еңбек болып келетіндігі.
Міржақып Дулатов – “Ұлық болсаң, кішік бол” деген халық
даналығын бойына сіңіріп өскен,
дархан дарын, тума талант. Өзі
ұстаз тұтқан, қатар жүріп қадір-қасиетіне тұшынған ағаларын
халқына таныту, таныстыру жолында да ол алғашқы болып қызмет
етті. Олардың ел алдындағы еңбегін үнемі дəріптеп отырды.
Мұның бір айғағы – 1922 жылы орыс тілінде жазылған “Ахмет
Байтұрсынович Байтұрсынов” атты көлемді зерттеу мақаласы. Бұл
Ахмет Байтұрсыновтың көзі тірісінде оның азаматтық тұлғасын жан-
жақты ашып көрсеткен, ғалымдық, шығармашылық болмыс-бітімін
терең танытқан əрі тұңғыш, əрі ең көлемді мақала болды. Мақала
1922 жыл Орынборда басылып шыққан, “Труды общество изуче-
ния Киргизского края” атты жинақтың үшінші
шығарылымында
жарық көрген. Бүгінгі күнде Ахаң жайлы жазылып жатқан көптеген
мақалалар мен зерттеу еңбектердің бастау көзі – осы мақала екені
бұлтартпас шындық.
М. Дулатов шығармашылығының ең бір биік белесі – прозадағы
шоқтығы биік жанр – роман жазуы. ХІХ ғасырдың екінші жарты-
сында жəне ХХ ғасырдың басында қазақ əдебиетінде прозаның
шағын жанрлары новелла, хикая əңгімелер туып, дами бастады.
Ал осы саладағы көлемді туынды алғаш Міржақыптың қарымды
қаламынан қанат қақты. Ол 1910 жыл Қазанда басылып шыққан
“Бақытсыз Жамал” романы еді. Өз кезегінде Міржақып заманда-
стары-зиялылар, ақын-жазушылар, сыншылар А. Байтұрсынов,
Ə.
Бөкейханов, К. Кемеңгеров, С. Сəдуақасов романды əр қилы
бағалағанымен, оның қазақ прозасындағы көлемді шығарма
ретіндегі тұңғыштығына, ХХ ғасыр басындағы қазақ прозасының
табысы болып саналатындығына еш шек келтірмеген. Ендеше
299
“Бақытсыз Жамал” – бүгінгі күнде қазақ əдебиетінде
жетекші
жанрға айналған роман жанрына тұңғыш түрен салған шығарма.
А. Байтұрсынов 1914 жылы “Арысұлы” деген бүркеншік есіммен
жазған “Роман не нəрсе?” деген мақаласында Міржақыптың
“Бақытсыз Жамалы” туралы “Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің
арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған Міржақып Ду-
латов болды. Оның “Бақытсыз Жамал” деген романы 1910 жылы
басылып жарыққа шықты…” – десе, С. Сəдуақасов: “Меніңше,
Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы” да ескермеген ескі мұраның
бірі. Бақытсыз Жамал – сүйгеніне тие
алмаған қазақ қыздарының
бірі. Оны бақытсыз еткен – малына сенген таз Жұман…”, – деп,
романға замананың көкейкесті мəселесі арқау болып, өз кезеңіндегі
ірі шығарманың бірі болғандығын нақты айтады.
Ал, көрнекті сыншы Қошке Кемеңгеров романның жұртшылыққа
кең тарағандығын айта келіп: “Міржақыптың “Бақытсыз Жама-
лы”, “Бедная Лиза” сияқты болған”, – деген қорытынды жасайды.
Кезінде қазақ оқығандары мен қарапайым оқырмандарының жылы
қабылдауына ие болған туынды қазақ прозасының дамуындағы
үлкен белес болып табылады. 1914 жылдары бұл шығарманың жан-
рын роман деп айқындаған Ахаң, 1926 жылы шыққан “Əдебиет
танытқышта” басқаша пікір айтқан. “Ұлы əңгіме түрде қазақ тілінде
басылған шығарма əзірше жоқ. Міржақыптың “Бақытсыз Жамалы-
на” роман, ұлы əңгіме деп ат қойылса да,
өресі мен өрісі шағын
болғандықтан, ол ұлы емес ұзақ əңгімеге (повесть. – Ө. Ə.) жақын”,
– деп баға берді. Дегенмен М. Дулатовтың бұл шығармасы өзінің
олқылығымен де, өзгелерден озық тұрған жетістігімен де қазақ
прозасындағы алғашқы роман ретінде бағаланары сөзсіз.
Романның өлеңмен жазылған сөз басында:
Достарыңызбен бөлісу: