Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет133/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Айдын самал,
Жағасы мал,
Көлдерде қу, қырда құс.
Бай табиғат,
Сəн салтанат,
Тұрмыс бейне көрген түс.
Үй айнала,
Қыз, бозбала,
Ұмытқам жоқ əлі ойда!
Лирикалық қаһарман өзі сүйген жанының асыл бейнесін өте 
əсерлі суреттейді. Нағыз арудың қайталанбас бейнесі жасалып, 
жадыңда мəңгілікке қалады. “Мен үшін оның өзі бақыт алар 
құбылыс, сөзі – құран, ал анты – иман” деп есептейді ақын. По-
эмада бұдан кейін ақын аласапыран заманның қым-қуыт кезеңінің, 
қазақ даласындағы азамат соғысының елге лаң əкелген қанды шар-
пуын, оның елге тигізген кесір-кесапатын ашуға ұмтылады. Бірақ 
бұл тікелей айтылмай, сол кезеңге тəн бейнелі де бедерлі сурет-
тер арқылы поэтикалық көркем образбен беріледі. Ол суреттеулер 
мен бедерлі бейнелеулерден біз көркемдік шындықтан туған өмір 
шындығын көреміз.


395 
Өтті күндер,
Есті желдер,
Өтті күндер… есті жел
Қамыс құшып,
Зəрін ішіп,
Жел дүниеге у шашты.
Буланды су,
Уланды ну,
Ай да, күн де уланды.
Дəрия оқпын
Таудай толқын
Тасыды да жынданды.
Қарсыласқан,
Қара басқан
Өткір қылыш көшірді.
Тəнге, жанға,
Қызыл қанға
Бөкті-дағы қанды жер.
Сұрапылды,
Үрген сорын
Көтере алмай қалды ел.
О да өтті,
Тағы жетті
Одан бетер “аштық қарт”.
Лирикалық қаһарман сонау кездегі қиын-қыстау, өртті шақтан 
аман қалып, пəк махаббатына куə болған ақ қайыңға мұң-шерін 
шертеді, ақ қайыңмен адамша тілдесіп, сырын бөліседі. Ақынның 
осы бір өзгеше сағынышты сезім күйі оқырман жанын тебірентпеуі 
мүмкін емес. Ақын ең соңында тылсым табиғатпен тілдесіп, өз 
мұңын соған шағады. Сонау оғыз заманынан қалған “ағашпен 
тілдесу” адамның туған табиғатпен тілдесуі емес пе?! Берниязда 
сол дəстүрді жалғастырып, адамзаттан мұң шағар жан таппай, “Ақ 
қайыңмен” тілдеседі. 
Көк пе, жер ме,
Су ма, жел ме,


396
Əлде алған ай ма екен?
Айтшы, қайың,
Менің жаным,
Айтшы, айтшы, қайда екен?!
Түйіндей келгенде Бернияздың бұл поэмасының идеялық 
негізінде адамның құпия қасиеттерінің бірі – сағыныш атты ұлы 
сезім жатыр. Сағына білген адам адалдыққа бір табан жақын деген 
ойды меңзейді ақын. Сағыныш деген қастерлі сезімді жоғары қоюға 
үндейді. Бернияз өзі “қияли поэма” деп атаған бұл шығармада қиял 
емес, өмір айнасы іспетті шырылдаған шындық бар. 
Бернияз Күлеевтің ақындық таланты – Құдай берген талант. 
Сондықтан мейлі лирикалық шығарма болсын, мейлі көлемді по-
эма болсын ол тек жазбауға болмайтын болған соң ғана жазған. 
Олар мерзімі жеткен кезінде жүйрік те жүрдек қаламынан туындап, 
төгіліп жатқан. Бұған бір дəлел К. Шəменовтің мына бір пікірі: “Б. 
Күлеев қиыстырып, келістіріп жазатын шабытты, төкпе ақын болған. 
Ол 1922 жылы үш поэмасын (“Гүл”, “Жорық”, “Қайда екен?”) бір 
айдың ішінде жазған. Солардың көлемдісі де, көркемі де – “Гүл”. 
Негізінде бұл поэма аяқталмай қалған.
Поэмада ақын айналадағы надандыққа, тоңмойындық пен 
бейқамдыққа лирикалық кейіпкер атынан ой тастайды. 
Жердің жүзі тебінгідей көрініп,
Қысылып жан көкке тартар желігіп.
Ойлай-ойлай, жырлай-жырлай жыласам,
Жеңілейем жүрек уы төгіліп.
Əрі жастық, əрі жынды сотқарға,
Қайда жүрсе, қайда тұрса – сот бар ма?!
Жұрттың бəрі ісін əбес көрсе де,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет