Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет135/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Б. Күлеев лирикасындағы сыршылдық.
 2. Б. Күлеевтің ақындық шеберлігі. 
3. Б. Күлеев поэмаларындағы азатшыл сарын.
4. М. Жұмабаев, Б. Күлеев поэзиясындағы дəстүр бірлігі. 
5. Б. Күлеевтің эпикалық жанрдағы көркемдік ізденістері.


400
ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиеті өзіне дейінгі ұлттық 
əдебиетіміздің бар асылын, үлгілі дəстүрін ала отыра, дəуірге 
сай жаңа көркемдік мүмкіндіктерді ашты. Əсіресе мұндағы Абай 
өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан абзал. Жаңа ғасыр 
табалдырығын шығармашылық талаппен аттаған жас ақын-
жазушылардың қай-қайсыда Абайды өзіне пір тұтты, шама-
шарқынша “бас ақын” межелеген биіктен көрінуге тырысып, түрлі 
ізденістерге бой ұрды. Дəстүрді жалғастыру мен жаңашылдыққа ден 
қою ой-сана тұтастығына, идеялық-көркемдік бірлікке алып келді.
Əрине, ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиетте түрлі бағыттар 
қалыптасып, əр бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығындағы 
өмір шындығын суреттеу сан-алуан реңктер тапқаны рас. Бірақ 
əдебиет атты ұлы айдынға бет алып, сылдыр қаққан тұма бұлақтар 
бір арнаға құйып, бір түйінге бекіді. Бəрін біріктірген ортақ ұлы 
мақсат ұлттық сананы оятып, азаттыққа қол жеткізу болатын.
Белгілі бір дəуірде өмір сүрген суреткерлер шығармаларында 
болжалды идея үнемі бірыңғай күйде көрініс таппай, сан-салалы 
көркемдік шешімдер арқылы бой көрсететіні ақиқат. Сондай-
ақ, əдеби шығармада көрініс табатын қоғамдық өмір шындығы 
мен əрқилы адам тағдырын дайын қисын-қағидаларға бағындыру 
арқылы бағамдау жөн болмас еді. Əдебиеттің қалыптасу, даму, 
жетілу, өсу жолдарын дайын қалыпқа салып бағалау, жадағайлыққа 
ұрындырары hах. Əрбір əдеби бағыттың, көркемдік əдістің өз 
шеңбер шегі, шектеулі мүмкіндіктері бар. Əрбір үлкен суреткердің 
айқындалған бағыты бар, ол сол өзі ұстанған бағыт жолында еңбек 
етеді. 
ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиет өмір шындығын, ұлт 
мүддесін, замананың өркениетті көріністерін алға тарта отырып, өз 
кезіндегі озық ой-санадан өріс тапты, соны жетекші идеяға айнал-
дырды. Мəселен ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылық 
идеяның ХХ ғасыр бас кезінде азатшылдық идеяға ұласуы.
Біз осы оқулықта екі нəрсеге басты назар аудардық. Алдымен, 
ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ əдебиетіндегі идеялық-тақырыптық 
ізденістерге, сонан соң оның биік деңгейде көрініс табуына игі 
əсер еткен əдеби-көркемдік ізденістерге. Жан-жақты ізденістердің 
белгілері ретіндегі дəстүр мен жаңашылдық, аударма тəжірибесі, 
жанрлық тұрғыдан баю да назардан тыс қалмады. Сонымен бірге 


401 
Абайға ілесе шыққан ізбасарлардың Абай рухына жақындарының 
шығармашылық тұлғасын айқындауға баса көңіл бөлдік. Олардың əр 
қайсысы қай бағытты жанына жақын тұтты, сол арқылы əдебиетке 
қандай өзіндік жаңалық əкелді, міне осы тұрғыдан бағдарлауға, осы 
тұрғыдан танытуға тырыстық. Ол үшін əуелі тарихи кезеңге көз 
салу керек еді. Оқулықтың қамтитын тұсы ХХ ғасырдың алғашқы 
ширегі болғандықтан да заманаға, уақытқа өз үрдісінен үңілуді, 
бүгінгі көзқарас биігінен қарауды қажетсінеді.
Əдебиет қашанда болса өз дəуіріндегі қоғамдық өмірмен, 
оның жаңа өзгерістерге бейім жағдайымен тығыз байланысты 
болып келеді. Əдебиет қоғамдық даму бағытына орай өзгеріп 
отыратындықтан сөз болып отырған əдебиет кезеңіндегі тарихи-
əлеуметтік жағдайды, оның басты-басты сипаттарын айқындап 
алмай, өз тұсындағы қоғамдық өмірдің бар құбылысын, айнадай 
жарқыратып көрсететін əдебиет жайлы сөз қозғау мүмкін емес.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиеті өз дəуіріндегі мəні 
зор үлкен мəселелермен қоян-қолтық араласып, олардың түйіткілін 
шешуге, сырын ашуға ұмтылды. Бұлар қандай мəселелер деген-
де алдымен ауызға ілгері ағартушылық. Осы мəселе өткен ғасыр 
бас кезіндегі əдебиеттегі қай бағыт өкілінің шығармашылығында 
болмасын бедерлі белгі беріп отырады. Бірақ еске тұтар бір жайт 
бұл ағартушылықтың ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы 
ағартушылықтан сəлде болса өзгешелігі барлығы. Ұлы ақын 
Сұлтанмахмұт айтпақшы, ХХ ғасырдың бас кезінде “Болғанымен 
оқу анық, мақсат танық” болатын. Яғни оқу жайы (мұсылманша, 
орыс-қазақша) біршама шешімін тапқан-ды. Бірақ оқудағы мақсат 
айқын емес-ті. ХХ ғасырдың басындағы əдебиетке міне, осы мақсат 
айқындығы, яғни оқу-білімге шақыру ғана емес, оның ұлттық сана-
ны оятудағы қуаты өзек болып тартылды.
Екінші аталмыш кезеңдегі əдебиетте күні озған əдет-ғұрыптар 
мен отаршылдық озбырлық əкелген жұғымсыз кесапаттарға қарсы 
күрес нақты көрініс тапты. 
Yшіншіден, əдебиет ұлттық сананы ояту арқылы ұлт бірлігіне, 
жер иелігіне, ел тəуелсіздігіне үндеудің жаршысына айналды. 
Оны көркемдік əдіс-тəсілдер арқылы оқырман санасына сына-
лай да, ашық та сіңіруге тырысты. Мұны түрлі бағыт өкілдері өз 
шығармашылықтарының өн бойына өзек етіп, əр қилы көркемдік 
шешімдер жасай білді.
Мəселен діни-ағартушылар оқу-білімге негізінен мұсылмандық 


402
оқу, оның қадыр-қасиеті арқылы үндеп, адамдық негізді дін арқылы 
қалыптастыруды көздеп, азаттыққа қол жеткізу жолы Ресейдегі 
мұсылман дүниесінің бірлігінде деп білді. Біз оқулықта мұны осы 
бағыттың басты өкілдерінің шығармашылығына шолу жасау жəне 
Мəшhүр Жүсіп шығармашылығына жеке-дара тоқталу арқылы 
байыптадық. Олардың мақсат-мұраты, ұстанған бағдары Мəшhүр 
Жүсіптің: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет