Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет63/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Суық өткен, шаршаған,
 Бола ма адам, болмай ма?
Соққы жеген қаншадан,
 Дауысы яки қонбай ма?


193 
Қиыншылық, қиындық теңіз бейнесінде сипатталып, ақыры адам 
жеңіп шығады. Мұнда күрескерлік рух басым.
Сұлтанмахмұт ақын ретінде қоғамдық өмірдің алуан түрлі 
сұрықсыз жақтары мен ұнамды-ұнамсыз кейіпкерлердің іс-
əрекеттерін, характерін, мінез-құлқын, ішкі жан дүниесін ашық, 
айқын əсерлі көрсетуде асқан шеберлік танытады. Суреткер 
адамның əр түрлі қасиеттерін, сыр-сипатын бейнелі сөз үлгілерімен 
бере отырып, жаратылыс көріністерін, табиғат құбылыстарын да 
жаңды бейне қалпында суреттейді.
Ақынның азаматтық позициясы оның өлеңдеріндегі халықтың 
ер кін дік, бостандық жолындағы мүддесін, күресін бейнелеуден 
көрініс табады. Ақын, əсіресе кейбір озбыр жан-дардың арам пи-
ғылын, сұрықсыз бейнесін кескіндеуге өте шебер. Əлеуметтік 
теңсіздік, езілгендердің азапты тіршілігі – солардың іс-əрекетіне, 
артта қалған қоғамның келеңсіз жағдайына байланысты жырланады.
Сары жез сатып алды малын шашып,
Сол үшін мақтанады мықын басып.
Ел дейтін адам басшы əзір сирек,
Көпшілігі табансыз, қорқақ, күйрек.
Бұл – реалистік дəлдікпен берілген шыншыл суреттеулерде ақын 
өз ұлтының ішінен шыққан, халқын шенге сатқан, өз құлқынан 
басқаны ойламайтын тоғышарлар бейнесін көрсетеді. Абайдың “Бо-
лыс болдым, мінекей” деп келетін өлеңі еріксіз еске түседі. Бірақ 
уақыт озады, замана өзгереді. Осыған орай қазақ ішіндегі өзімшіл 
озбырлар жан ұшырып, түсін де, амал-айласын да өзгертіп нағыз 
əкім болып алады. Ол – “Оқыған басшы”.
Қазаққа басшымыз дер шляпалар,
Очки сап, портфель ұстап жүрген жандар.
Істеген он тиындық еңбегі жоқ,
Бос мылжың, даурықпада қанша мəн бар?
“Бір адамға” – Сұлтанмахмұттың əлеуметтік сарыны басым, 
өткір де шымыр өлеңдерінің бірі. Мұнда ақынның сыншыл реализм 
əдісін жете меңгергендігі айқын көрініс тапқан. Сұлтанмахмұттың 
суреткерлік шеберлігі сонда, ол осы шағын өлеңіне үлкен əлеуметтік 
жүк артып, кереметтей сурет жасап, түйін түйген. Үлкен шығармаға 
13–853


194
жүк болар ойды шағын көлемге сыйғызып, шеберліктің шыңына 
шыққан. 
Ол рас, аталарың шенге алыпты,
Арзан қып, қымбат емес, кемге алыпты.
Апыр-ай, қалай бұлдаған сатқандарын,
Оқа, түйме, сылдырлақ теңге алыпты.
Бұл жерде өмірдің өзгерісін түсінуден қалған, заманның да-
муынан хабарсыз, патша берген жылтырауық түйме мен оқалы 
шекпенді бағып отырғанына мəз, санасыз жанның бос кеуделік 
сыйқы көрінеді.
Ақын өлеңнің алдыңғы бөлігінде шалдың жинаулы қазына-
малдарын суреттей келіп, өзінің ол жөніндегі ойын кейінге сақтайды. 
Шал: “көріңіздер, жасқанба” дегенде ғана ақын өзінің көзқарасын 
ақтарып салады.
Дедім мен: “Құтты болсын шекпеніңіз,
Артқыға қандай егін еккеніңіз?
Жусақ та денемізден кетер емес,
Сондағы тұқым шашып сепкеніңіз”.
Өңменіңнен өтер өткір мысқыл, бірақ оны түсінер жан қайда. 
Ақын бұл өлеңде замананың көкейкесті мəселесі – əлеуметтік 
теңсіздікті басты нысана ете отырып, төмендегіше ой түйеді.
Кесені қолыма алып қарай бердім,
Ішінде нақақ көзден жас бар ма деп,…
Ақынның осы түйінінде айтар ойдың бар жиынтығы 
жинақталған. Көз алдымызда ақын салған керемет сурет, бейнелі 
образ мəңгілік өшпестей қалып қояды. Күміс кесе түбінде езілген 
ұлттың мөлдіреген көз жасы тұнып қалғандай.
“С. Торайғыров өз туындыларында, өмірдің із түспеген тұнық 
өлкелеріне шүйігеді, бұрын қазақ тарихында ешкімнің санасын-
да тербелмеген соны да ірі мəселелерді көтереді, оларды жанды 
образға бөлеп, оқушы миллиондар қызығарлық, елігерлік, жаңа 
əлемнің жан тебірентер жайлы да тамашалығын жанымен сезініп, 
лəззат табарлық көркемдікте суреттейді”, – дейді зерттеуші-


195 
ғалым Т. Нұртазин. Сұлтанмахмұттың сыршылдығы мен ақындық 
суреткерлігі оның табиғат лирикасынан, табиғатты əсем жырла-
уынан танылады. Оның бұл саладағы жырлары жалаң табиғат 
көрінісінен тұрмайды, сол кездің қоғамдық жағдайымен үнемі аста-
сып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет