Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Ғұмар Қарашев (1876-1921)



Pdf көрінісі
бет80/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Ғұмар Қарашев (1876-1921). Батыс Қазақстан облысы 
Жəнібек ауданында дүниеге келген. Ескіше терең білім алған. 
“Уақыт”, “Тəржіман”, “Илфат”, “Шора” жəне т.б. татар-ноғай 
газет-журналдарына ат салысып, танымал көсемсөзші болған. 
«Айқап» пен «Қазақта» да өлеңдері мен ойлы мақалаларын жари-
ялап тұрған. “Жəдидтік” жаңаша оқу жүйесін құптаған. Абай по-
эзиясынан көп үйренген ақын. Өз ұстазы Ш. Бөкеевтің əсері бүкіл 
шығармашылығына өнеге болған. 
Поэзиясында өмір шындығын, замана болмысын жырлау басым 
болып келеді. Тақырыптық тұрғыдан алғанда оның өлең-жырларында 
патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсылық басымдау жатады. 
Өлеңдерінде тек жалаң күресті емес, өнер-білім арқылы жүзеге 
асатын саяси күресті алға қояды. Дəстүрлі поэзиядағы Дулат, Шор-
танбай сықылды ел надандығын, өзге елден жұқтырған кесапатты 
қасиеттерді, мінез-құлықтарды сынай отыра, ақын өлеңдерінде “құр 
ойбайдан” гөрі өзіндік ой айтуы басым келеді. Ел азаматын көре 
білетін, оның жігерін қайрай білетін өлеңдері өте мол. Ол – ертеңге 
сенім артып, болашаққа сене білген азамат.
Ғұмар – өлең-жырды өте көп жазып, біраз кітап шығарған 
ақын. 1911-13 жылдары Уфа, Қазан қалаларында “Қарлығаш”, 
“Тумыш”, “Бəдел қажы”, “Бала тұлпар”, 1914 жылы Орынбор-
да “Аға Тұлпар”, 1918 жылы “Тұрымтай” кітаптарын шығарған. 


241 
Ғұмар – “Алаштың” ұранын (гимн) жазып, алаштың рухын 
көтерген өнерпаз. Ақын ретінде діннің тазалығы жолында да 
күрес жүргізген. Меккеге қажыға сапар шеккендердің аярлығын, 
арамзалығын əшкерелеп (“Бедел қажы”), дінге деген адалдығын 
сақтап өткен. Ғ. Қарашевтің “Аға тұлпар” кітабында патшалық 
өкіметтің озбырлығы, жерінен айрылған ел зары, ұлт зардабы, 
қазақ елі көріп отырған əділетсіздіктің небір қыры ақындық 
тереңдікпен ашылған. Ғұмардың ел ішінен шыққан азғындарды 
аяусыз əшкерелегені бүкіл қазаққа қағида болған еді (Аз ғана 
күндік бақ үшін, Халқын сатты құл етті).
Ақынның өлеңдерінде қазақ қоғамының күн тəртібінде тұрған 
көкейкесті мəселелері – əлеуметтік жағдай, отаршылдық саясаттың 
зымияндық іс-əрекеттері, жер мен ел тағдыры терең философиялық 
таныммен өріледі. Отарлық саясаттың кесірінен дамудың даңғыл 
жолына түсе алмай қалған қазақтың бұратана халықтық қиын халі 
поэзиялық бейнелілік арқылы шынайы көрсетіледі: 
Мынау қазақ деген жұрт
Кең далаға жайылып, 
Аңғырт өскен ел едік,
Кезінде елмен тең едік.
Күні бүгін болғанда
Ол қоныстан айрылып,
Қанатымыз қайрылып,
Қажып тұрған ел едік.
Негізінде Ғұмар Қарашев қазақ қоғамына дерт болып енген 
ұлттық езгі мен теңсіздіктің кеңге қанат жаюын, өз ұлтының сая-
си биліктен жəне жерден айырылуымен тікелей байланыстырып 
қарайды. Қазақ халқының жерге деген иелігінің жоғалуы оны 
отаршылдық езгінің тепкісіне салғанын ашық түрде айтып, осы 
сынды теңсіздіктерді заңдастырған əлеуметтік-саяси көріністерге 
өзінің əділ бағасын беріп, ақындық ұстанымын айқындайды. Мұның 
өзі ақын шығармашылығының зар заман ақындары Дулат, Шортан-
бай, Мұраттардан дəстүр тартып жатқанын танытса керек. Ғұмар 
Қарашев поэзиясындағы бұл сарындағы өзекті ой XX ғасырдың 
басындағы ұлт-азатшылдар Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дула-
товтармен де үндестік тауып жатқаны анық байқалады.
Қазақ ақыны қоғамының озық ойлы өкілінің бірі ретінде қазақ 
16–853


242
сахарасына енгізілген əкімшілік басқару жүйесін өз тарапынан 
қатаң сынға алады. Оның пікірінше, қазақ халқының даму саты-
сын, шаруашылық жағдайлары мен əдет-ғұрпын мүлдем ескермей 
қабылданған заң жүйесі, қазақ жеріндегі отарлық басқарудың одан 
ары күшеюіне əкеп соқтырды, ішкі шиеленістерді ушықтыра түсті. 
Соның тікелей салдарынан қазақ ұлтын басқаруға бағытталған саяси 
билік Ресей империясының мүддесіне қызмет етті. Ал ол мүдденің 
ең басты мақсаты “бөліп ал да билей бер” саясаты еді.
Ғұмар Қарашев қазақ халқының орыс отарына айналуының сал-
дарынан, құқықтық тəуелсіздіктің қазақ даласына кең етек жай-
ып, адам құқығының аяққа тапталуын отаршылықтың ең сорақы 
көрінісі ретінде бағалады.
Ақын “Аға тұлпар” жинағында Ресейдің қазақ арасындағы бір-
лікке сызат түсірген сайлау институтын, оның басты мақсатын 
түсінбей, халқын сатқан ел басшыларын қатаң сынға алады. Ақын 
бұған деген көзқарасын “Заман жайынан” деген өлеңінде былайша 
білдіреді:
Заманның азған шағында
Мұндай да мұндай хал болды.
Ел ағасы паң болды.
Адалдық, ақтық білмейді,
Ары, діні мал болды.
Елге намыс келтірді,
Ерді шағып өлтірді,
Алым пара ақы үшін
Жетім-жесір жылатып,
Аз ғана күндік бақ үшін
Халқын сатып құл етті.
Ақын бір кезде халқы сеніп, үміт артып қойған басшылардың от-
аршылдар айтағына еріп, бүгінде ел қамынан жеке бас қамын жоғары 
қойған көрсоқырларды ащы сынайды. Елдің соры адамдықтан 
жұрдай, ардан безген алаяқтар екенін көзге шұқып көрсетеді. Ақын 
осыдай өлеңдері арқылы ел азаматтарының намысын жануға тыры-
сады. Ел ісінің өрге басуы тұлғаға тікелей байланыстылығын ақын 
түйіндеген мына жолдардан байқаймыз:


243 
Су басынан тұнады
Өрт алдынан сөнеді... 
Басшылардың жүрегін
Адалдыққа асық ет.
Ғұмар ел болашағын келер ұрпақ жеңістері мен жемістерінен 
көреді .Оларға үлкен үміт артады. Ақын өзінің ұрпаққа деген ба-
талы ниет-тілегін “ Жаңа шыққан жастары” деген өлеңінде мықтап 
тұрып айтқан :
Бақ дəреже тап болса,
Ел не керек демеңіз.
Халық деген қауымың,
Қаны бірге бауырың.
Бір туып, бір кететін
Жаны бірге денеңіз.
Жаны бірге денеңді
Сүйенер күндер туғанда,
Сүйеу беріп, демеңіз.
Ақын қоғамдағы бар кесір-кесепатты надандықтан көреді, ал 
надандықтың түп негізі жан тыныштығын ойлаған жалқаулықта деп 
біледі. Егер еңбек емген, өнерлі де білімді халық болсақ, мұндай күйге 
бас ұрмас едік деген ойды оқырманға ашық жеткізеді. Сондықтан да 
отаршылдық құрсауынан құтылудың ұлы жолы халықтың санасын 
оятуда, ұлттық намысты күрескерлік рухқа баулуда жатыр деп са-
найды. Ұлттық сананың қайнар көзі білімде жатқанын үнемі еске 
алып отырады:
Ел өсер, халық құралар ұл мен қыздан,
Оқытсаң үлес алар ғалымдықтан.
Оқытпай ұлың, қызың бос қалдырсаң
Болуы халықтың надан сол себептен.
“Басқа бірсыпыра ақындардың шығармаларымен салыстыра 
қарағанда Мұштақ ғылым-білімді насихаттау тақырыбына ерек-
ше байсалдылықпен, ақылдылықпен келді”, – деп жазады Əнуар 
Дербісалин “Қазақтың Октябрь алдындағы демократиялық əдебиеті” 
деген еңбегінде. Ғұмар – өз халқының отаршылдық езгіге қарсы 


244
күресе алмауының басты себебі – бірлік пен біліктілік жетіспеуінен 
екенін ашық айта алған ақын. 
Ғұмар Қарашевтың қалам тартқан қай жанрын алсақ та, мейлі 
ол пəлсафалық ой-толғамдары болсын, көркем прозасы неме-
се өлеңдері болсын, барлығында да қоғам дамуындағы келеңсіз 
құбылыстарды терең ашып бейнелеу арқылы бағдар алып, бағыт 
ұстар жолды нақты көрсетуімен ерекшеленеді. Оның бір ұстаған 
бағдары ұлт азаттығы жолындағы күрес ұстанымы болатын. Ол бұл 
ұстанымды өз поэзиясы арқылы ұлтына ұсына алды. 
Жалпы алғанда, Ғ. Қарашев поэзиясындағы дүние, қоғам жəне 
адам, тарихи тұлғаның қоғамдағы орны туралы толғаныстарында 
кеңінен орын алған танымның ауқымы кең, мəні терең. ҒұмарҚарашев 
– өз толғамдары арқылы ұлтына ой салуға ұмтылған ойшыл ақын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет