Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет76/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Қылсам да мұны көріп шүкіршілік,
Жүрегім сескенеді нені біліп.
Қорқамын бұл заманы кетер ме деп, 
Қаладан қазағыма мінез жұғып.
Дала ақынының келер кезектегі ауызға алары – ел билігін 
ұстаған хан мен бек. Сұлтанмахмұт ел егесі халық қалауы бойын-
ша таққа отыратын сонау заманның мамыражай кезеңін еске алып, 
атасы Бұқардың Абылай ханға қарата айтқан сөздерінен мысал 
алып, кейіпкерінің қарсыласына қарсы қояр ойларына өзек етеді. 
Сонау бір замандағы ел егесі хандардың халқына «Қайғысыз ұйқы 
ұйықтатқан» күндерін еске салады. Елді даналықпен басқарып, 
қиын жерден жол тауып, анталаған жауды бірде айбынымен, бірде 
айласымен жуасытып, халқының күнін жатқа қаратпаған ханды 
қара жақтаған қайран да қайран заманды мақтанышпен жырлап, 
хан даналығы жұрт сенімінің кепілі екендігін алға тартады. Айтар 
ойдың асыл түйіні хан мен бек – ел иесі, ел – жер киесі.
Дала ақынының келесі кезектегі мақтан тұтып ауызға ала-
ры ел сөзін ұстаған, қара қылды қақ жарған əділ би-шешендер. 
Сұлтанмахмұт кейіпкері жүйелі сөздің киесін тауып, «екі ауыз 
сөзбен» ел тағдырын шешкен би-шешендер мен сөз қасиетін 
қастерлеп, бір ауыз сөздің құдіретіне бас ұрған халқының асыл 
дəстүрін алға шығарады. Осынау қадір-қасиет аяқ асты болып бара 
жатқан мына заманда оған бас кінəлі қаладан тарап жатқан ала 
қағазға алақан жайған тəртіп деп біледі. Дала мен қаланың билік 


228
айту заңдарын салыстыра отырып, парақорлық шығандап, ар-ұяттан 
азғындап тұрған қала соттарының сұрқия тірліктерінің түп негізін 
қазады. Бұдан ұлттың қашанда болса əділ биді ардақтаған, əділетті 
жақтаған рухани болмысы көрініс тапқандай. Бұл расында да ұлтын 
сүйген ұлы жүректің шын мақтанышы еді.
Сағынам билерімді кең ақылды,
Арамға жегізбейтін ақ-мақұлды.
Құдай өзін туғызған іштен би ғып,
Білмейтін төре айтқанда жат-жақынды.
Бұдан əрі дала ақыны елінің ерлерін тілге тиек етіп, “Ту алып, 
тұлпар мінген”, “Алаштап” ұран шықса, қаны қайнап”, “Сескенуді 
жүрегі бір білмеген, Не көрсем де елім үшін көрдім деген” ел 
қорғаны батырлардың ерлік өнегесін дəріптейді. 
Сұлтанмахмұт кейіпкерінің басты тілегі – ел басына күн туған 
күндерде тəуелсіздік үшін аянбай алысқан жау жүрек бабалар жолы 
ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуы бүгінгі ұрпаққа мирас болып 
қалуы. Ақын өзі өмір сүрген кезеңнен кейінгіге мирас болар сол 
ерлік пен ерен күрестің белгісін таба алмай қиналады.
Ел қылған ерлерінен жетім қалып, 
Халыққа болды ол дəурен көрген түстей 
Осынау жолдардан бір сəт өзек толған өксік сезілгендей. Əйтсе 
де, дала ақыны жыр шумақтарынан көбіне жалын жастың жігерін 
жанырдай намыс пен ардан жаралған азатшыл мұраттың рухы атой 
беріп тұрады. 
Поэмада Сұлтанмахмұтқа ұзақ жылдар бойы «жаптым жала, 
жақтым күйе» түрінде желімдей жабысып қалмай келе жатқан дінге, 
діншілдікке қарсы ақын деген пікірдің сыдырылып түсер тұсы бар. 
«Айтыста» ақынды таза атеист етіп шығарған тұжырымдардың 
дəрменсіздігінің дəлеліне айналар ой-идеялар көрініс табады.
Кезінде “Дін”, “Намаз” т. б. діншілдікті сынайтын өлеңдері 
ретінде ауызға жиі алынып жүрген шағын шығармаларында оның 
сенімге деген қарсылығы емес, сол сенімді аяқ асты еткен “ақ 
қойдың кəлласы, қара қойдың кəлласы” деп, мүлгіп отырған надан 
да таяз ақыл шала молдаларды сынға алғанын сезсек те сезбеген, 
білсек те білмеген болдық.


229 
Сұлтанмахмұттың дін туралы таным-білігінің құнарлы қайнары 
дала ақынының аузынан айтылады. Онда ислам дінінің қадір-
қасиеті туралы сан ғасырлар бойы санадан берік орын алған арналы 
наным-сенімнің қуатты күші айқын сезіледі. Мұнда діни уағыз да, 
діни насихат та жоқ, тек Құдай жолын тура көрген жанның имани 
сенімі көрініс тапқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет