Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет77/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Ислам деп қазағымның айтсам дінін,
Дос тұрсын дұшпан таппас оның мінін.
Негізгі ақылменен сонша үйлесер, 
Мін іздеп қозғай алмас ешкім тілін.
ақсаты: адам ұлын бақты қылмақ,
Дінімнің байқасаңыз ішкі сырын:
Бұйырған пенделерге əділ бол деп, 
Əділдік бақыт үшін жалғыз жол деп.
Бұл – адал сезім мен шынайы берілгендік белгісі. Тілек пен 
тілектің, жүрек пен жүректің бірлігі. Ақын қарапайым қазақтың 
шын көңілден шыққан сөздері арқылы ұлттың “түксиген обыр” 
қараңғы еткен діни нанымының түндігін түріп, жарық нұрын төгеді. 
Мұсылман дінін надандықтың, санасыз берілгендіктің белгісі танып 
келген кері кеткен кесірлі насихаттың қалың өртіне қарсы шығады. 
Дала ақынының халқының ерекше мақтан тұтар қастерлі 
қасиетінің бірі – өнерпаздық өресі. Ұлтының жасампаздық болмы-
сын жырлар тұста Сұлтанмахмұт тіптен шабыттанып кетеді. Əсіресе 
ақындық өнердің құпиясын ашар сəтте поэзияны ұлы құдірет деп 
білетін автор сөз ажарын аша түседі. Ол ақындықты ұлттық рухтың 
қозғаушы күші деп ұғады. Өйткені ақынның əр сөзі мың батпандық 
жүк арқалаған жан тербер жалынды жыры – ел санасын оятар ең 
қуатты құрал.
Даламның ақындарын айтсам сізге,
 Үлгіге сөз патшасын сонан ізде.
 Миға тамақ, жүрекке сусын беріп,
 Даңқы кеткен ақын көп бұл үш жүзде.
Дала ақынының түсінігінде өлең сөзді өнер еткен адам жай ғана 
сөз сауған, содан күнкөрісін тауып, жан баққан, ермек еткен жан 
емес. Ол – ең алдымен, туған ел туының үнемі жоғарыдан желбіреуін 


230
қалайтын, мақсаты биік азамат, бүгіннің кемшілігін көріп, ертеңнің 
өрісін байқар ел қамқоршысы. Оның сөзінде тылсым күш, жырында 
ерекше қуат бар. Сондықтан да Сұлтанмахмұт:
Кешегі Бұқар жырау, Жанақ ақын,
 Шөже, Орынбай халыққа жайған даңқын
 Ахмет пенен Міржақып əм Мағжан,
 Алты алаштың баласы біледі атын, – 
деп қазақтағы рухты сөздің иегерлерін бас-басына атап, олардың 
мəңгілікке жол тартқан өнегелі сөздерінің құдіретіне бас иеді. 
“Айтыс” поэмасында көтерілген күретамыр тақырыптың бірі 
– тіл тағдыры. Жалпы тіл мəселесі – Сұлтанмахмұттың азаматтық 
мұрат-мақсатының негізгі ұстанымы. Ол туған тіл тағдырына 
ерекше қатты мəн берумен бірге, оның өз өнер туындыларындағы 
қолданысына аса кірпияздықпен қараған. Ақын ана тілін сүйе де 
білген, ол үшін күйе де білген. Дала ақынының аузымен айтылған 
мына сөздер соның нақты куəсі:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
 Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
 Шыр етіп жерге түскен минутімнен,
 Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Сұлтанмахмұт – туған тіл жолындағы күресте өзінің ақындық 
қажыр-қайратын мүмкіндігінше жұмсай білген ұлттың ұлы азама-
ты. Бұған дəлел – осы поэма. Мұнда қазақ тіліне деген жанашырлық 
пен құрмет ғана көрініс тауып қоймай, мол мүмкіндікке ие құнарлы 
тілдің көркі ажарланған. Поэманың ой əлемі жүйесінде даналықтың 
асылын бойына жиған толғамдардың тоғысып жатуы, өн бойына 
қара сөздің қаймағы мақал мен мəтелдің небір оралымы орайын таба 
кірігуі, қазақ тілінің табиғи тұнба тұнық тазалығының сақталуы 
шығарманы өз-өзінен-ақ туған тілдің ту ұстаушысына айналдырған. 
Қазақ сөз орамының қысқалықты нұсқалық ете білген түйіп айтар 
қасиеті де назардан тыс қалмай, сөз орайы келгенде еркін қолданыс 
тапқан. Осыдан шығарып ақын қазақтың кемеңгерлігін кестелеген 
шешендік өнерінен данышпандық белгісін таниды. 
Байқасаң, қазақтықтың өзінде бар,
Дүниенің генийлігі,пайғамбары.


231 
Енді бір сəт Сұлтанмахмұттың сүйікті кейіпкері – дала ақыны 
ұлтының сан ғасырдан қастер тұтып, небір нəубетті тұстарда 
жоғалтып алмай, ұрпаққа аманат еткен өмір салты мен əдет-
ғұрпының, тұрмыс-тіршілігінің қыр-сырына үңіліп, оның кешеден 
бүгінге жеткен, елмен бірге ертеңге жол тартар өміршеңдігіне на-
зар аударады. Бұл поэманың үш бөліміне желі болып тартылып, 
ақынның суреткерлік шабытының аршынын аша түседі.
ХІ бөлімде ел-жұртының ұлы байлығы, адами қасиеттерінің 
ең зор белгісі ар алдындағы тазалық екендігін, адамдық мінез-
құлқында иненің жасуындай арамдық пиғылдың жоқтығын тебірене 
жеткізеді. Бұны ұлт қалыптасуындағы таңғаларлық жетістік деп 
біледі. Оған өзі де сенеді, өзгені де сендіре алады. Жасандылыққа 
жаны қас ұлтының зайыр мінезіне шын сүйсінген ақын өзі де 
жасандылықтан ада. Оның сөздері ақындық шабыттан асып-таса 
төгіліп, көтеріңкі көңіл жетегінде желпіне айтылғанмен, астарында 
шынайы шындықтың табы бар. Мұны ақын дала мен қала адамын 
салыстыра отырып ашады:
Даламда бар ұят, құдай деген,
Қалаңдай намысы жоқ, жолсыз емес.
“Əділдердің көтеретін сыйлары бар,
Жауыздарға бір жаза бар” деп сенем...
Қалаңдай жек көрмейді жарлы байды,
Тұрмыс екеуіне бірдей жайлы.
Қалаңдай он кісінің бай болуы
Он мыңына сор болып табылмайды. 
ХІІ–ХІІІ бөлімдерде кең далада еркіндікті жанға серік еткен 
халық тыныс-тіршілігінің тамаша көріністерін суреттей отырып 
таңдай қақтырар таңғажайып суретін салады. 
Алтыбақан жібіндей ай жарықта
Сұлулар əн шырқаған іші жанып...
...Мың “Париж”, жүз “Мəскеудің” керегі жоқ,
Басымда тұрар болса осы қалып.
Ақын мынау қызылды-жасылды жарқын əлемге оқырманын там-
сандыра таңдандырып ғана қоймай, еріксіз елітеді, еліктіре тартады. 
Дала тұрмысының мамыражай күйін шабыттана жырлаған ақын 


232
осынау өмір өзгеріске түсе ме деп секемденеді. Қала жақтан жай-
лап жылжып келіп, ел тіршілігіне мысық табандап ене бастаған қала 
салтының белгілері көңіліне дық алдырады. Елдің еркіндік салта-
натын егіле жырлаған ақын келер бір сəтте, кілт тоқтай қалып, əлгі 
күдігін көлденең тарта жөнеледі:
Мені өз еркімде қой, қалпымда қой,
Айтататын бар тілегім қала саған.
Өз сүйген қалпымда қалмақ үшін,
Өз жолыммен ілгері бармақ үшін. 
Ол түптің түбінде жұрт көңілі жеңіл-желпең тірлікке ойысып 
кетіп, сахара сайын далада еркіндеп қалған елінің “ұзын арқан, кең 
тұсау” өміріне нұқсан келе ме деген ойын да жасыра алмайды. Бірақ 
еркіндік жолында бас тігуге дейін баруға дайын екендігін нақты 
білдіріп, азаматтық бағыт-бағдарын да айқындап алады. Ол бағдар 
– еркіндікті ел ұранына айналдыру. Азатшыл рухты ел жүрегіне егу.
Еркімді, елдігімді жұттырмасқа, 
Алашқа автономия алмақ үшін.
Азаматым аямас орны келсе, 
Жан қиып, сарп қылуға қуат-күшін.
Міне, Сұлтанмахмұттың дала ақынына шалқар шабыт беріп, 
төгілте жырлатып, есіле сөйлетуінің мəні осында жатыр. 
Əлгіндей қадір-қасиетке ие халық біреуге бодандық күй кеш-
пей, еркіндік өмір сүруге толық құқылы. Ол үшін бабалар мирас 
еткен күрес жолын мұрат тұту қажет. Күдігі мол күпірлі кезең 
кермесін алға тартқан қитұрқы уақытта бостандықтың бозалаң 
таңы көрінген алтын арайдың сəулелі жарығынан айырылып 
қалмау керек. Дала ақынымен ойы үндес Сұлтанмахмұттың да 
діттегені осы. Кеңестік заманда жазылған еңбектердегі “Айтыс” 
туралы: “Ақынның мақтан ететіні, сағынатыны өткендегі қазақ 
ауылы, оның бегі мен ханы, байы мен биі, пір тұтқан қожа мен 
ишандары, тəуіптері мен дін иелері, шашақты найзалы батыр-
лары, үкілі домбыралы ақындары, əдет-ғұрпы, мекен еткен кең 
даласы, мал баққан кəсібі – демек қаймағы бұзылмаған қазақтың 
ескі тұрмысы. Бұларға ұлтшылдық пен пантюркизмдік сарындар-
ды қоссақ, дала ақынының кімнің атынан сөйлеп тұрғанын аңғару 


233 
онша қиын емес”,– деген сықылды жадағай топшылаулардың астар-
лы сырының мəні осында болса керек. 
Бір-біріне қарама-қарсы ортаны жақтаған, өнеге-тəлімі екі бөлек 
ақындарды айтыстыра отырып, олардың ой-пікір тартысын салы-
стырмалы түрде оқырман назарына ұсынған Сұлтанмахмұт өз ұлты 
бойындағы мақтан тұтар жетістіктерімен бірге ел табиғатымен та-
мырлас мінез-құлық кемшілігін, өркенді жұрттың ертеңінде еншісі 
болмауға тиіс, келешекке кесірі тиер қасиетсіздіктен арылуға ұран 
тастайды. Бұл орайдағы екі ақынның да сөз саптасы, ой ағыны бір-
бірінен қалыспастай. Даланың дархан мінез ұланы – дала ақынына 
аңқылдаған ақ жүрек, туған жер мен туған елге деген ыстық сезім, 
ой кеңдігі тəн болса, қала ақыны көбінесе көз алдындағы көргенніне 
табынған, көңілі қалғанды ащындыра айтуға құмарлық танытатын 
бір екенін беткейлікке бейімдеу. Дала ақынына автордың “бүйрек 
бұрары” бар жоғарыда айтып өткен едік. Оның айтар ойы көбіне 
жанды да мəнді шығады.
Дегенмен, “Айтыстағы” қала ақыны да қамшы салдырмас қасқа 
жүйріктің өзі. Қарсыласының қапысын табар сəтті ол да қалт жібере 
қоймайды. Ебін тауып, етпетінен түсірер сөз тəсілін қолданып-ақ 
бағады.
Қала ақыны көбіне-көп нақтылыққа, өмірдің өзінен алынған 
мысалдарға жүгінеді. Өз кезеңінің өріс алған шындығына жүгініп, 
өткен замандағы өмір салтының жетістігіне малдана берудің жарға 
жығарын алға тартып, “замана түлкі болса тазы болып шалу” 
керектігін ескертіп отырады. Өткеннің көп дүниесінің бүгінгінің 
жолдасы бола алмайтындығын айтып, оған өз əлінше бұлтартпас 
дəлелдер келтіреді. Заманаға қарай сананы өзгерту, құбылмалы 
дүниенің қитұрқы тіршілігіне сай болу уақыт талабы екенінде 
жеріне жеткізе жырлайды. Оның біршама көзқарастары астарында 
ұлтынан жерінгендік емес, жүрдек заманның көшіне ілесе алмай 
қала ма деген қауіптен туған қорқыныш сарыны жатыр.
Сендей ме ел болатын елдің түрі?
Айтасың өтіп кеткен бұрынғыны.
“Ел едім, ел боламын” дей алатын,
Бейшара-ау, не жайың бар осы күні.
Иə, бүгінде баяғы бірлігіне сызат түскен, орыстың əзəзіл 
саясатының салқынынан арасын алауыздық пен араздық жайлай 


234
бастаған елдің ертеңіне күмəнмен қарауға көзі ашық, көкірегі ояу 
қала ақынының еркі бар. Ол өткенге малданудан келешекке қол созу 
келе қалмайтындығын нақты сезінеді.
Елдік деп аузыңды созатындай,
Байқашы далам сенде не сиық тұр?
Қайнаған намыс үшін жүрек бар ма?
Бұрқ еткен бір ауыздан тілек бар ма?
Ел болып еркін жасап кетпек үшін,
Ынтымақ, бірлік деген тірек бар ма?
Мұны жұртын сүйген ақынның кемшілікті көре біліп, соны жою-
ды мақсат еткен талабы деп ұққан жөн. Қала ақыны да елдің ертеңгі 
болашағына алаңдайды. Оны да жұрттың жай-күйі толғандырады. 
Қала ақынын қатты алаңдататын үш керек. Олар: бірінші «ел 
болуға намыс керектігі», екінші «бірлік қып, бір ауызға қарау 
керектігі», үшінші «елдікті елге алып берер өнер-білім керектігі». 
Осыдан келіп ол ел боламын десе де, керекті керек деп білмеген 
жұрттың қажетін табады деген оқығандардың ұлт қамын ойлама-
стан қарақан бастың күйін күйіттеп жүргендігін, зиялы деген атқа 
сын мінез-құлқын тілге тиек етіп, берекесіз тірлігін сынға алады. 
Тіпті аз ғана қаламнан оқығаның,
“Білед” деуге болмайды оның бəрін.
Тік бақай, көбі ел жегіш бұзылғандар,
Болмаса бірен-саран, бірлі-жарым.
Ежелгі ерлік салтынан айырылған елді қу құлқынның құлына 
айналған осындай оқығандар қалай оята алмақ?.. Өздерін жетістіре 
алмай жүргенде, етегі жасқа толған жұрт көңіліне сенім ұялатып, кек 
оятар намысты жанып, елдікке жеткізе ала ма?! Міне, қала ақынына 
көңіліне сезік ұялатар жайлардың бастысы осылар. Сондықтан да 
ел түзетер адам алдымен өзін түзетуі керек. Əуелі əркім өзінен ба-
стаса, сонан соң елге үлгі шашса, сонда ғана бастаған іс баянды 
болмақ. Ал адамдықты асқақтатқан азаматтық тұлғаға айлану үшін 
туған елдің туын көкке көтеруді өмірдің мұратына айналдырған ұлы 
мақсаткерлік керек. Қала ақыны тірек етер ой-тұғыр осы.
...Əркім өзін түземей ел оңбайды,
Біреудің теріс деумен қылған ісін.


235 
Ел оңсын десең, əуелі өзіңді оңда,
Өзіңді біл, өзіңе əбден түсін.
Шығарма қала ақыны дала ақыны мақтанышына арқау еткен 
əрбір жайға өзіндік қарсылығын білдіре бастаған тұстан кілт үзіліп, 
аяқталмай қалған. Əйтсе де, поэманың бізге жеткен бөлігіндегі екі 
ақынның жан беріп, жан алысқан айтысы, екі кейіпкердің іштей де, 
сырттай да тартысы шығарма болмысын айқындай түсетіндігінде 
сөз жоқ.
«Айтыс» жанрының табиғаты қарсыластан кемшілік тауып, 
бірін-бірі сынауды қалайды. Жəне ол дəлелді де, əділ болуы ке-
рек. Міне, Сұлтанмахмұт поэманың өн бойына осы бір айтыс 
табиғатына тəн қарама-қайшылықты көзқарастар қақтығысын 
желі етіп тартқан. Осы арқылы өз ұлты туралы шырылдаған 
шындықты айтудың оңтайлы тəсілін тапқан. Ел-жұрт туралы екі 
ақынның аузынан айтылар уəж санаға ой салып, жүрекке қозғау 
салары анық. Бұл, біздіңше, ұлттық рухты оятудың тура да ең 
тиімді жолы. Бұл жай айтыс емес, ұлт тағдыры мен талайы жай-
лы толғаныс, халықтың өткен тарихы мен рухани өрісі туралы 
толғам, елдің бүгініне шолу, ертеңіне болжам. Сондықтан да 
«Айтыс» дəл осы күйінде де қазақ деген ұлт барда, мəңгі бірге 
жасар асыл мұра боп қала бермек. 
Жалпы алғанда, Сұлтанмахмұт Торайғыров поэмалары арқылы 
өзі өмір сүрген дəуірдің көкейкесті мəселелерін көтеріп, зама-
на, қоғам, адам жайлы толғанысты түйіндер жасап, өркениетті 
идеяны қозғайтын терең ойлы, жаңа мазмұнды шығармаларды 
дүниеге əкелді. Оның поэмалары ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ 
əдебиеті көркемдік деңгейінің биік белесі боп қала бермек.
С. Торайғыровтың əдеби мұрасы өте бай, оның сезімді тер-
бетер лирикасы, толғамы тоқсан тарау терең ойлары біздің 
қалыптасқан сана-сезім, түсінік- түйсік шеңберіне сия бермейді. 
Оның бай мұрасын бұрынғы қисындар мен қағидалар негізінде 
қарастырмайтын, жаңаша пайымдаулар негізінде ғылыми тұрғыда 
зерделейтін ғылыми еңбектердің жарық көре берері талассыз.
Қорыта айтқанда, өзгеге ұқсамайтын ақындық болмысымен, биік 
азаматтық тұлғасымен Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ əдебиеті 
тарихында мəңгілікке қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет