Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет86/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Алыпсың жаман əдет қарсыласып,
Сенімен тұрамын ба мен мылжыңдасып,
Айтайын, білгің келсе, қозым саған,
Кінəң сол – жегім кеп тұр қарным ашып.
Крыловта оқиғаның қалай аяқталары ə дегенде-ақ белгілі болса, 
Ахмет оқиға дамуына өзіндік əдіс қолданып, мысал кілтін соңына 
дейін сақтайды. Айналып келгенде, Қасқырдың кінə тағуы арыдан 
ойлаған аярлық болып шығады. Бұған дейін өзінің адалдығына 
сеніп, əділет күтіп тұрған Қозы өзінің “басты кінəсін” білгенде ғана 
шарасыздығынан тағдырына мойын ұсынады:
Шошиды Қозы байқұс құлқын танып,
Құтылар білгенменен онан нағып?!
Ахмет мысалынан патшалық Ресейдің өктем озбырлығын айна-
қатесіз тануға болады. Отаршылдық құрсауындағы халықтың “ба-
сты кінəсі” де Қозы тағдырына ұқсас, бұратана халық, əлсіз ел бо-
луында. “Қасқыр мен Қозы” мысалында ақын осыны меңзеп, отар-
шылардан ешқандай əділет жолын күтпеуді ғибрат етеді.
Ендеше “Мысалдап жазу, ойды тұспалдап айту, идеяны 
аллегориялық формада беру ашық сынаудан қорыққандық емес, 
ол – айтар ойды өткір əсерлі етіп жеткізіп берудің тиімді əдісі” 
екендігіне дау болмаса керек. Ахмет мысалдың осы бір қасиетін 
терең түйсінген.
Жоғарыда сөз болған мысалдардағы ортақ ой, терең мағына 
өзінің туған халқының аянышты күйіне жаны ашыған ақын осынау 
дертті мəселенің негізгі күнəһарын танытуға, сол арқылы халқын 
оятып, саналандыруға талпынған. Отарлық бұғауды үзбей даму, 
өрлеу, өсу мүмкін емес.


260
Осы тұста мына бір мəселеге назар аудара кеткен орынды. 
Ахметтің Крыловты аударған басқа ақындардан айырмашылығы 
неде?.. Қазақ ақын-жазушылары шама-шарқынша Крыловты ау-
дарып, ұлы мысалшыны қазақ тілінде сөйлетуге тырысқан. Оның 
ішінде, Абай - 12, С. Көбеев – 37, Б. Өтетілеуов – 12 мысал аударған. 
Көріп отырғанымыздай, Крылов мұрасын барынша мол аударуға 
ден қойған А. Байтұрсынов. “Қырық мысалдағы” 38 мысал, кейінгі 
“Маса” жинағына енген үш мысал, барлығы – 41 мысал аударған. Ахаң 
мысалының ерекшелігін таныту үшін оның өзіне дейінгі аудармашы-
лар тəжірибесімен салыстыра қараудың ұтары бар. Ахмет пен Абай 
аудармаларын салыстыра қараған сəтте, біраз мысалдарды екеуінің 
де аударғанын байқаймыз. Абай аудармаларын А. Байтұрсынов білді 
ме екен деген сұраққа жауапты біз Ахаңның өзінен табамыз. 1913 
жылғы “Қазақ” газетінің үш санында (39-41) жарияланған Абай тура-
лы “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласында ол “1903 жылы қолыма 
Абай сөздері жазылған дəптер түсті“, – деп жазады. А. Байтұрсынов 
Крылов мысалдарын негізінен 1901-1904 жылдары аударғандығын 
еске алсақ, онда Ахметтің Абай аудармаларымен таныс болғандығына 
күмəнданбасақ керек. Ахмет қалам сілтеген “Өгіз бен Бақа”, “Қарға 
мен Түлкі”, “Жарлы бай”, “Ала қойлар”, “Сорлы болған мұжық”, 
“Бұлбұл мен Есек”, “Емен мен шілік” нұсқасы Абай аудармаларында 
да бар. Бұлардың ішінде “Түлкі мен Қарға”, “Есек пен Бұлбұлды” М. 
Əуезов нағыз Абай аудармалары деп санайды. 
Əуезов нақты Абай аудармасы деп таныған, Крыловтың “Қарға 
мен түлкі” мысалының Абай аударған нұсқасын Ахмет аудармасымен 
салыстырып қарасақ, екі тəржіманың арасында айырма барлығына 
көз жетеді. Мысалдың түпнұсқасында мораль шығарманың басында 
айтылып, одан кейін болған оқиға баяндалады. Абай да сол алғашқы 
жүйені сақтаған. Крыловта айтылатын төрт жол моральды:
Уж сколько раз твердили миру
Что лесть гнусна, вредна; но только все не впрок,
и в сердце льстец всегда отыщет уголок.
Абай алты жолмен, жеті буынды өлеңмен мысалдың басында 
береді:
Жұрт біледі, күледі
 Сұрқия тілдің жаманын.


261 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет