Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет85/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Бұл сөзге дегенім жоқ жылар-күлер,
Адам аз алдын болжап, анық білер.
Көкжалдар қойшы болса, кім біледі,
Береке ала қойға кірсе, кірер,..-
деп мысқылды да салмақты ой тастайды. Сол кездегі цензураның 
“көрегендігін” білетін ақын бұдан түйер негізгі ойды оқырманның 
өзіне тастап, аң бейнесіндегі зұлымдарды танып алуды елдің 
ақыл-таразысына салады. Ахметті Крылов сюжетінің ең бір қатты 
қызықтырғаны да, назарын аударғаны да “Ала қойлар” тағдыры еді.
Крылов творчествосын зерттеушілер осы мысалдағы Арыстан 
бейнесін Александр І, Түлкі мен Аю бейнесін оны қоршаған Сарай 
қызметкерлері деп таниды. Ала қойларды академиядан қуылған 
орыс ғалымдары деп біледі. А. Байтұрсынов Ала қойларды басқа 
контексте, патша тепкісін көрген бұратана, оның ішінде қазақ халқы 
деп түсіндіруге талаптанған.
Осындай саяси мəнге ие, өткір жазылған мысалдардың бірі – 
“Қасқыр мен қозы”. Крылов мысалы ə дегеннен моральдан баста-
лады, оның түйіні: “У сильного всегда бессильный виноват”. Ахаң 
оқиғаға бірден тікелей кірісіп кетіп, өсиет-түйінді соңынан береді. 
Осы түйінді екі шумақтың алғашқысында Крылов айтқан ойды 
беріп, екіншісінде өз жанынан сөз қосып, зорлықшылды анықтай 
түседі. Мəселен, бірінші шумақта:
Орманға Қасқыр кетті Қозыны алып,
Белгілі етер ісі алып барып,
Осындай жазықсызды жазғыратын
Əр жерде күштілерде бар ғой қалып, –
деп бір түйіп алып, екіншісінде:
Қасқырдың зорлық болды еткен ісі,
Ойлаймын – оны мақтар шықпас кісі.
Нашарды талай адам талап жеп жүр,
Бөріден артық дейміз оның несі, –
деп ойын нақтылай түседі.
Зерттеуші Ж. Ысмағұлов Ахаңның Крыловтан аударуда екі 
принципті ұстанғанын айта келе, екінші принципті былай деп 
көрсетеді: “Бұл шығармаларды (мысалдарды – Ө. Ə.) Ахаң түп-түгел 
17–853


258
қазақ ортасына алып келеді де, ғибраттық тұжырымдарын тұп-тура 
қазақ қауымының шындығына бейімдеп, айтар үкімін өз тарапынан 
айтады. Кейде тіпті түпнұсқадағы оқиғаны өз ойына тиек етіп қана 
алады. Сондықтан мұндай еңбекті аударма деуден гөрі ұқсас сюжет-
ке құралған төл туынды деп айтуға болар еді”. 
Міне, осы принципке негізделген аударманың бірі – осы “Қасқыр 
мен қозы”. Мысалдың өн бойынан қазақ салт-тұрмысының, қазақи 
ойлау жүйесінің, жан-жануар туралы аңыз, ертегі, əңгімелердің 
табиғаты есіп тұрады.
Бұлаққа су ішуге келген қозыны қасқыр ұстап алып, кінə тағып, 
сол кінəсі үшін жеп қоймақ болады. Қозы өзінің кінəсіздігін қанша 
дəлелдесе де, Қасқыр оны көтеріп алып жөнеледі. Түпнұсқадағы 
36 жолдық мысал Ахметте 68 жолдық төл туындыға айналған. А. 
Байтұрсыновтың бұл мысалдағы өзіндік өрнегі мысалдың басталуы 
мен аяқталуындағы əр түрлі өзгешеліктерінен айқын байқалады.
Ягненок в жаркий день зашел к ручью напиться
И надобно ж беде случиться,
Что около тех мест голодный рыскал Волк
Ягненка видит он, на добычу стремится;
Ахмет мұны былай береді:
Бұлаққа су ішуге келді Қозы, 
Жанында серігі жоқ жалғыз өзі,
“Бөрі жоқ, десең шығар, бөрік астынан”,
Пəле мен қаза алыс па келсе кезі.
Қаңғырып тамақ іздеп бір аш бөрі
Қозыға жетіп келді жайнап көзі.
Жемекке кінə қойып сол арада,
Жала ғып, міне, қасқыр айтқан сөзі…
Ахмет мысалындағы “Бөрі жоқ, десең шығар бөрік астынан” деген 
жол осы кіріспе шумаққа ерекше өң беріп, мысалдың таза ұлттық ты-
нысын аңғартқандай. Крылов мысалының басындағы “У сильного всег-
да бессильный виноват” деген қағидасынан кейін Қасқырдың Қозыға 
кінə тағуы сенімсіздеу көрінеді. Ол ай-шайға қарамай жеп қоюы тиіс 
еді. Яғни Крыловтың мысалдың басында айтқан тұжырымы мен оның 
сюжеттік дамуы – Қасқырдың Қозыға кінə тағып барып жеуінің ара-


259 
сында сəл де болса қарама-қайшылық бар. Осыны сезе білген Ахмет 
ғибратты кейінге қалдырып, оқиғадағы тартысты, яғни Қасқыр мен 
Қозы айтысын суреттеп кетеді. Озбыр мен кінəсіздің айтысында Қозы 
жеңеді. Қасқырдың əрбір кінə қоюына, Қозының қайтарған жауапта-
рынан кейін оқушы Қозының құтылуына тілектес болып отырады. 
Сондықтан да, мысал оқуға жеңіл, ə дегенде-ақ өзіне тартып əкетеді. 
Қойылған барлық кінəдан Қозы ақталып шыққан соң, Қасқыр тағы бір 
“бұлтартпас” кінə тағады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет