Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


I ТАРАУ ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ



Pdf көрінісі
бет4/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

12
ТАРАУ
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ƏЛЕУМЕТТІК 
ЖАҒДАЙ ЖƏНЕ ƏДЕБИЕТ
1.1 ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ даласындағы 
тарихи-əлеуметтік жағдай
ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық 
ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы əдейі 
тұмшалаған ой-сананың ояну дəуіріне жол ашқан кезең. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ағартушылары 
мен ақын-жазушылары аңсаған ілім-білімді үйренуге үндеу – ХХ 
ғасырдың бас кезінде біршама нəтижесін беріп, алдыңғы қатардағы 
қазақ азаматтарын елді ояту, азаттыққа қол жеткізу мақсатына 
жетеледі. Оқыған зиялылар арасынан ел бағытын айқындар сара жол-
ды жаңылмай нұсқап, адастырмас даңғылға алып шығуға ұмтылған 
жаңа тұлғалар шоғыры таныла бастады. Сол көш бастаушылардың 
алдыңғы қатарында қазақ ақын-жазушылары да болғаны талассыз 
шындық.
Патшалық Ресейдің отарлық езгісінде қиын да күрделі өмір 
сүрген қазақ халқының əлеуметтік тұрмысы ХХ ғасыр басын-
да тіптен қиындап кетті. Ұланғайыр өлкені сүлікше сорған Ресей 
билеушілері обыр құлқынның қамы үшін тізгінді неғұрлым қыса 
ұстап, тежеп отыруды оңтайлы көріп, саяси-əкімшілік қысымды 
күшейте түсті. Бірақ қашанда əрбір нəрсенің екі жағы болатыны 
секілді өмір өз заңдылығымен алға дамып, Россияға бодан болудың 
да екі жақты əсері болды. Оны ешқашан жоққа шығара алмаймыз. 
Бірі зорлық-зомбылық, езіп-қанау болса, екінші жағы Қазақстанға 
көз алартушылар сиреді, мардымсыз болса да өндіріс орындары 
ашылды, қазақ жұртына батыстық ілімнің жарығы шашырап, ағарту 
ісі жандана бастады. Тарихи дамудың сол бір кезеңінде бұған негіз 
де бар болатын. Себебі замана ағысын аңдаған, жеткілікті дəрежеде 
білімі бар азаматтар ел арасында көптеп кездесетін.
Бұл тұстағы, яғни ХХ ғасырдың бас кезіндегі мəдени-əлеуметтік 
дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың көптеп шығып, ел ара-
сына кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ кітаптарының даму 


13 
тарихына арналған еңбектерде ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ 
кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан да күрт өсуі 
дəлелді айтылған. Бұл тұстағы, яғни ХХ ғасырдың бас кезіндегі 
мəдени-əлеуметтік дамудың бір көрінісін қазақша кітаптардың 
көптеп шығып, ел арасына кеңінен тарауы аңғартса керек. Қазақ 
кітаптарының даму тарихына арналған еңбектерде ХХ ғасырдың бас 
кезінде қазақ кітаптарының сапалық жағынан да, сандық жағынан 
да күрт өсуі дəлелді айтылған. Мəселен, зерттеуші Ə. Жиреншин 
400 кітап атауын атаса, Ү. Суханбердина мен Д. Сейфуллинаның 
толықтырылып, 1996 жылы жарық көрген жаңа көрсеткішінде 1807-
1917 жылдар аралығында 963 кітап аты аталады.
Ал татар ғалымы А. Каримуллин 1917 жылды қоса есептегенде 
қазақ тілінде 509 басылым 2 млн 201 мың 105 дана болып таратылды 
деген пікір айтады. ХХ ғасыр басындағы əдебиеттің білгірі, ғалым 
Б. Кенжебаевтың дерегі бойынша 1900-1917 жылдар аралығында 
200 кітап жарық көрген. Бейсекең негізінен əдеби шығармашылыққа 
жақындау кітаптарды көрсеткен болуы керек.
Қоғамдық өмірдің жəне əлеуметтік дамудың айнасы баспасөз де-
сек, аталмыш кезеңде оянған сананы алға жетелеген көрнекті ба-
сылымдар мəдениет рухын септі. Отаршыл əкімшіліктің “Түркістан 
уалаяты”, “Дала уалаяты” секілді қазақ тілінде шығарған ресми 
газеттерімен бірге жаңа сипаттағы еркін басылымдар дүниеге 
келді. “Серке” (1907), “Қазақстан” (1911-13), “Ешім даласы” (1913) 
газеттері, “Айқап” (1911-1915) журналы жəне жалпы ұлттық 
қоғамдық-саяси һəм көп тиражбен тараған “Қазақ” (1913-1918) 
газеті қазақ ұлтының саяси-əлеуметтік ой-санасына түрткі салып, 
замананың көкейтесті мəселелерін қозғады. Отарлық саясаттың 
езгісінде отырған қазақ халқының бостандығы мен азаттығын 
аңсап, ел-жұртын ғылымы мен білімі өркендеген халықтар санатын-
да көруді қалады.
Қазақ зиялыларының ағартушылық, демократтық бағыттағы 
күрескерлік идеяларын өрістете түсуіне 1905-1907 жылдардағы 
орыс революциясының да əсері болмай қойған жоқ. Патша 
əкімшілігінің революциялық дүмпуден кейін шарасыздықтан 
бұратана халыққа кейбір еркіндіктер беруі себепті (1905 жылғы 
17 октябрь манифесі) қазақтың алдыңғы қатарлы зиялыларының 
үгіт-насихаттық, əдеби-шығармашылық қызметтеріне жол ашы-
лып, ел сөзін сөйлеуге азда болса мүмкіндік туды. Бұл, ең алдымен, 
қазақ даласындағы европалық дəрежедегі білімі бар зиялылардың 


14
сан жағынан алғанда Орта Азияны мекендеген халықтар ішінде 
біршама жоғары тұрғандығынан еді. Бұл туралы зерттеуші Ғалым 
Ахмедов ХІХ ғасырда жоғары оқу орындарын 27 адам бітірсе, ХХ 
ғасырдың басынан 17 жылға дейін бітіргені бар-бітірмегені бар 108 
адам оқыған деген мəлімет береді
( бұлардың ішінде Ə. Бөкейханов, 
Ж. Досмұхамбетов, Х. Досмұхамбетов, Ш. Лапин, М. Тынышбаев, 
М. Шоқаев, Б. Қаратаев жəне т.б. қайраткерлер бар. – Ө.Ə.). Сон-
да барлығы 135 адам білім алған болып шығады. Ал тарихшы М. 
Қойгелдиев арнаулы орта білім алып шыққандар 700-ге таяу болған 
деген дерек келтіреді (Бұлардың ішінде А. Байтұрсынов, Ə. Жангел-
дин, А. Асылбеков, М. Жұмабаев, К. Төгісов сынды қайраткерлер 
бар. – Ө.Ə.). Бұлардың əрқайсысы 10 адамның атқарар істерін 
жасағандығын еске алсақ, санынан сапасының жоғары екенін 
байқаймыз.
ХХ ғасыр бас кезіндегі жазба əдебиет – ХІХ ғасырдағы қазақ 
əдебиетіндегі дəстүрлерді дамытумен бірге өзіндік өрнегін де тапқан 
əдебиет. Мұнда, əсіресе, өмір шындығын, замана өзгерісін, əлеуметтік 
тұрмысты нақты да шынайы бейнелеуге ұмтылу көзге айқын ша-
лынады. Дегенмен де бұл тұстағы əдебиетте ақын-жазушылардың 
қоғамдық-əлеуметтік құбылыстарды суреттеудегі, өмір шындығын 
танудағы, өз мақсат-мүдделерін түсіндірудегі даралығына, əркімнің 
дарын-талантына, білік-танымына сай əркелкілік те болды. Мұндай 
əралуандықтың болуы заңды да еді. Ақын-жазушылардың өскен 
ортасы, шығармашылық мектебі, білім дəрежесіне орай əртүрлі 
бағыт-бағдарлар, ағымдар дүниеге келіп, олар сол бағыт арқылы 
қалыптасқан көзқарастарын шығармашылығы арқылы танытуға, 
халыққа жеткізуге тырысты.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында, яғни 1863 жылы 
Черняевтің əскері Əулие ата, Шымкент, Ташкент қалаларын 
алуымен, Ресейдің қазақ жерін өзіне қаратуы аяқталды. Бұл 
болашақ көп нүктелерді туындатар, қазақ елін, қазақ жерін толық 
түрде орыс колониясына айналдыруға қойылған соңғы нүкте 
еді. Сөйтіп, бүкіл Сібірді бауырына басып, бір тұяғы Кавказды, 
екіншісі қазақ жері мен Орта Азияны бүрген Ресейдің екі басты 
самұрық бейнесіндегі империясы жаңа ғасырдың басында 17,4 
млн. шаршы км жері, 33,2 млн. халқы бар колонияға ие болса, 
Азия халықтары орыс империясы халқының 19,6 пайызын құрап, 
жер көлемінің 76,3 пайызын алып жатты. Қазақ жеріне еркіндей 
енген Ресей патшалығы “мысық табандаған” тірлікті қойып, 


15 
саяси-əкімшілік қысымды бұрынғыдан да күшейте түсті. Қазақ 
өмірінің барлық қоғамдық-əлеуметтік саласына тізе батыру мен 
басқа ұрудың салқыны тимей қойған жоқ.
Патшалық өкімет қазақ жерінің саяси-əлеуметтік, экономикалық 
дамуына тек отарлық саясат көзқарасы тұрғысынан қарап, қазақ 
елінің халық, ұлт ретіндегі өзіндік даму жолдарын айқындауына, 
салт-дəстүрінің сақталуына, ұлттық табиғи эволюцияда өркендеуіне 
мүмкіндік бермеді. Мұның өзі патша үкіметінің Қазақстанның мол 
байлығын тек шикізаттық қор ретінде пайдалану арқылы халықты 
қараңғылық қапасында ұстап, өркениетті дамуға қол жеткізбестен 
этнос ретінде жойылуын көздеген сұмдық саясат болатын.
Отаршылдықтың қыл бұрауы қасірет жайған қазақ ұлтының 
өміріндегі қиыншылықтарға ХХ ғасырдың басында кесе-көлденең 
шыққан ел азаматтарын, халқының қамын жеген ардақты ұлдарын 
қатты ойландырған үш мəселе болды. Олар: Жер, Оқу-ағарту, Са-
яси күрес. Бұл үш мəселе түпкілікті шешілмей, қазақ халқының 
қараңғылық пен надандық уысынан құтылмасы айқын-ды. Мұның 
алғашқысы жəне Қазақстандағы ең бір қиыны жер мəселесі бола-
тын. Өйткені жаңа ғасырдың басында Ресейден қазақ жеріне шару-
аларды қоныстандыру үдей түскен еді.
Патша əкімдерінің əккі саясаты екі нəрсені көздеген бола-
тын. Біріншіден, Орталық Ресейдегі ауыл шаруашылығындағы 
қиыншылықтан шығуға жол табу, екіншіден, қазақ жеріндегі 
үстемдік саясатын жүргізуде сенімді күшке ие болу. Бұл саясат пат-
ша үкіметінің үмітін ақтады да. Бұған аталмыш кезеңде европалық 
Россияны 4-4,5 млн. крестьяндардың тастап кетуі, Сібір, Орта Азия 
жерлеріне барлығы 3 957 058 адамның қоныс аударуы (П. Г. Галузо) 
дəлел. Жəне бұл қоныстану ХХ ғасырдың басында жыл артқан сай-
ын өте жоғары қарқынмен өсіп отырды. Мəселен 1896-1905 жылда-
ры Ақмола, Торғай, Орал, Семей облыстарына 294 296 жан қоныс 
аударса, 1906-1910 жылдар аралығында 770 000 жан қоныс аударған. 
Қоныс аударушылар қорына бөлінген жерлер неғұрлым шұрайлы, 
егістікке ыңғайлы болып келсе, жергілікті халық керісінше қуаң 
далаға, сортаңды жерге, таулы аймаққа ығыстырылды. Мұның өзі 
мал бағумен айналысқан халықтың жағдайының күрт құлдырауына 
əкеліп соғып, түгелдей бір ұлттың жойылып кету қаупін туғызды. 
Себебі “…Киргизское хозяйство извлекает почти 3/4 (73,76 процен-
та) своего дохода от скотоводства, которое доставляет крестьянско-
му хозяйству менее 1/4 (23,69 процента) его общих доходов”, – де-


16
ген Ə.Бөкейханов пікірін еске алсақ, əрі осы негізгі табыс көзінің, 
яғни мал басының жыл сайын кеми түсуі жоғардағы күдікті жоққа 
шығармайды.
Мəселен, ХІХ ғасырдың 70-жылдарының аяғы мен 1902 жыл-
дар аралығындағы 20 жылдай уақыт ішінде бір от басына тиесілі 
мал басы Жетісу облысының Верный уезінде 8,068 пайызға (13,2 
бастан 7,3 басқа) кеміп кеткен. Жалпы ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ 
ғасырдың бас кезінде, дəлірек айтқанда 1893 жылдан 1905 жылға 
дейінгі 12 жылдың ішінде қазақ халқының 4 млн. десятинадан 
артығырақ жері тартып алынды. Бұл озбырлық тонау патшалық 
империя жағынан үлкен жұдырықтық, өктемдік, əскери-феодалдық 
қанаудың əлімжеттілік билігі негізінде жүргізілді.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ өміріндегі екінші бір күрделі 
мəселе оқу-ағарту ісі болды. “Болғанмен оқу анық, мақсат танық” 
деп Сұлтанмахмұт айтпақшы ХХ ғасыр басында қазақта оқу аз 
болған жоқ. Бұған мұсылмандық мектептер туралы мына деректер 
куə: Жетісу мен Сырдария облыстарында 1913 мектеп болса, онда 
22 422 оқушы оқыған, ал осындағы 56 меддреседе 1330 шəкірт дəріс 
алған. Дегенмен қазақ даласында жалпы білім беретін негізінен 
күштеп енгізілген орыс-қазақ мектептері болды. 
Мұндай алғашқы бастауыш орыс-қазақ мектебі 1841 жылы 
Жəңгірхан ордасында ашылды. Екінші мектеп Орынбор шекаралық 
комиссиясының жанынан 1850 жылы жұмыс істей бастады. Ол 
негізінен отарлық аппараттың төменгі орындарына кеңсе хатшыла-
ры мен тілмаштар даярлау мақсатын ұстанды. Алғашқы 30 баланың 
бірі ретінде онда қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтын-
сарин оқыды. Ал үшінші осындай мектеп Омбы қаласында Сібір 
қазақтары облыстық басқармасының жанынан 1865 жылы ашылды. 
Оған жиырмаға жуық оқушы қабылданды. Осылайша бірте-бірте 
мектеп ашу ісі белең ала бастады. Бірақ бұл негізінен орыстық 
ықпалды күшейте түсуге бағыталған оқу жүйесі болатын. 
Орыс-қазақ мектептерінің көздеген басты мақсаты жалпы қазақ 
балаларының ой-санасын, таным-түйсігін жетілдіруге, оларды 
білімділік пен біліктілікке ұмтылдыру емес, өз кеңселеріне қажетті 
төменгі дəрежелі қызметкерлер даярлау жəне ел арасында солардың 
тəлім-тəртібі арқылы орыстандыру саясатының нарқын арттыру еді. 
Өйткені бұған дейін, Ə. Бөкейхановтың пікірінше 1905 жылдың 17 
октябріндегі манифестке шейін əр түрлі əкімшілік орындарында 
тілмаштық міндетті қазақ тілін білмейтін, қазақ жазуын түсінбейтін 


17 
орыс азаматтары атқарды. Сондықтан да олардың орнын қазақ 
тілмаштарымен көбірек ауыстырып, солардың қолымен от көсеуді 
мақсат еткен патша шенеуніктері əлгідей оқу орындарын көптеп 
ашуға тырысты. 
Бұқара халықтың тіл білмеуі, орыс чиновниктерінің түсіне алма-
уы тілмаштардың қолына үлкен ерік берді. Сондықтан орысша оқу 
білім алудың емес, “төре” атанудың, мал табудың таусылмас кеніне 
айналды. Бұл туралы тарихшы С. Аспандияров: “Знание русского 
языка становится средством эксплуатации… Начиная с канцелярии 
генерал-губернатора и кончая писарем у волостного управителя, 
эти группы посредников-переводчиков укреплялись и возрастали 
по мере дальнейшего проникновения царизма в степь”, – деп тап 
басып айтқан-ды. 
Мұндай “ағартушылықтың” қазақ халқына берер пайдасы 
жоққа тəн екендігі айдан анық еді. Оның мəні 1870 жылдың 26 
мартында шыққан “О мерах к образованию инородцев” деген оқу 
тəртібінде былай деп анық айтылған: “…Конечной целью образо-
вания всех инородцев, живущих в пределах нашего Отечества, бес-
спорно, должно быть обрусение и слияние их с русской народно-
стью”. Мұндай “қамқорлыққа” патша əкімшілігі ғана емес, “халық 
ағартуда” отаршылдық орыстандыру саясатының ірі қайраткері
миссионер Н. И. Ильминский (1842-1891) сияқты “оқымыстылар” 
да үлкен еңбек сіңірді.
Бұл жерде Ильминскийдің мына бір пікірі көп нəрсеге жөн 
сілтеп, бұлаң құйрық “пірадардың” құпиясын ашады. “Главное 
внимание должно быть обращено на то, чтобы эти молодые люди 
получали такое воспитание, чтобы они не чуждались от своих со-
племенников и охотно возвращались бы в степь и там распростра-
няли бы полученные в школе сведения. Поэтому бесполезно да-
вать этим молодым людям слишком высокое воспитание. Привле-
кать киргиз в наши средние учебные заведения даже вредно”. Бұл 
– алысты көздеген “алғыр” саясаттың дегеніне жетеріне сенімі 
мол адамның сөзі. Айлалы тəсіл осылай өрістей берсе, жемісінің 
де мол болары шындық еді. 
Орыс əкімшілігі мұнымен ғана шектелмей, қазақ балаларының 
қазақша оқып, тіл сындыруына мүлде қарсы болды. Олар қазақ 
даласында мұсылман мектептерінің ашылуына мүмкіндік бер-
меу үшін көптеген айла-шарғылар жасап-ақ бақты. Соның бір 
көрінісі – жоғарыдан жергілікті орталық басқармалар мен оқу ісінің 
2–853


18
бастықтарына мұсылман мектептеріне қатаң бақылау жасау жөнінде 
нұсқаулар мен ережелер жіберіп отыруы. 
Нұсқау бойынша балаларын қазақша медресе-мектепте 
оқытқысы келетін қазақтар оқу ісі бастықтарынан арнайы рұқсат 
куəлік алуға тиіс болған, əр куəлік үшін 50 тиын алым төлеген. 
Ал балаларын үздіксіз өз бетінше оқытқандарға бірінші жолы 
10 сом, екінші жолы 30 сом айып салынған. Бұл тəртіпті үшінші 
рет бұзған адамдар 5 тəуліктен 15 тəулікке дейін қамауға алынып, 
одан əрі балаларын мұсылман мектептерінде оқытуына тиым са-
латын болған. Бұдан шығар қорытынды: патша өкіметі мен оның 
“туземдіктерді” оқу-ағарту іс жөніндегі негізгі идеологтарының 
жанын сала ізденуінің нəтижесінде орыс-қазақ мектептері бұратана 
халықтардың христиандық уағызды тезірек қабылдау ошағына 
айналды. Орыстандырудың ең бір тиімді əдісі ретінде сауат ашу-
ды орыс алфавитімен бастауда да үлкен мəн жатыр. Мақсат – ата 
дəстүрді, əдет-ғұрыпты бала жастан ұмыттырып, араб əріпімен 
жазылған ұлттық мұрадан қол үздіру.
С. Аспандияров Ильминскийдің миссионерлік саясатының арыдан 
ойлайтын сұрқиялық құпиясын былай ашады: “Он предлогал откры-
вать побольше учительских семинарий, где ученики из “инородцев” 
должны были воспитаться в духе незыблимых начал самодержавия 
и православия с тем, чтобы в будущем самим явиться воспитателями 
своего народа на этих началах. …Казахские дети вербовались в учи-
тельские семинарии, а в Ташкенте при учительской семинарии был 
открыт интернат для казахских детей. Во главе этой семинарии стоял 
известный ученик Ильминского, миссионер Остроумов”.
Жалпы патшалық самодержавие ағарту саласында екі бірдей 
бағыт ұстанғанын аңғару қиын емес. Біріншіден, ол жаппай 
сауаттылыққа қарсы, сондықтан да мұсылмандық бастауыш 
мектептердің кең өріс алмауын қатты қадағалаған. Екіншіден, 
жергілікті əкімшілік орындарына көмекші кеңсе қызметкерлерін 
даярлау үшін орыс-қазақ мектептерін ашып, онда орыс тілін, 
арифметиканың төрт амалын, орыс алфавитті қазақ тілін оқытуға 
мəжбүр болған. Бірақ мақсат айқын, бағыт нақты. Қалай болғанда 
да академик Бартольдтің тұжырымымен айтқанда: “Как бы не со-
общить туземцам слишком много сведений на их языке и не содей-
ствовать этим упрочению местной литературы и местных культур-
ных особенностей, в ущерб обрусению”.
Қaжетті қызметкерлер мөлшері түгенделе бастаған соң, 


19 
патшалық өкімет бірте-бірте орыс-қазақ мектептеріндегі жергілікті 
халық балаларының санын кеміте бастағанын байқаймыз. Басты 
себебі – қазақ балаларының мектеп көргендерінің біразы орыстан-
дыру саясатының құрығына ілінбей, білімін ары қарай жалғастырып, 
жоғарғы мектептерді бітіре бастады. Мысық тілеулі миссионерлер 
қалағандай іс жүргізуші, тілмаш, орыс оқуын дəріптеуші ғана болып 
қоймай, юрист, дəрігер сияқты мамандықтарды игеріп, халқының 
керегіне жарар ғылым жолына түсе бастауы Ресейлік əкімшілікті 
шошындырмай тұра алмаса керек.
Көріп отырғанымыздай, оқу-ағарту ісінде ХХ ғасырдың бас 
кезінде қазақ ұлты екі түрлі қыспаққа ілініп тұрды. Бірі – ұлттық 
мектептің мəні жойылуы (мұның өзі жаппай сауаттылықты шектеді), 
екіншісі – қалың бұқараның сауат ашуына жоғарғы төлем жол 
бермеуі. Ал сауатсыздық – халықтың ой-санасын тұмшалаған тор. 
Өз халін ұғынып, күңгірт тірліктен бостандықтың боз ала таңына 
ұмтылу үшін білімнің кəусар бұлағы қажет еді.
Аталмыш кезеңдегі ой толғантқан үшінші мəселе жəне ең ба-
сты мəселе қазақ еліндегі адамдық құқық, ұлттық мүддені табанға 
таптаған патшалық өкімет отаршылдығының шынжыр бұғауы – 
басқару жүйесі еді. 
ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей патшалығының ішкі от-
ары ретіндегі Қазақстанда самодержавиелік империяның би-
леп-төстеуі нақты күшіне ене бастады. Жаңа ғасырды қазақ хал-
қы сан жағынан 5 миллионға жетеміз деген үмітпен аттады. Нақ-
тылай айтсақ 4 696 600-ге жетіп, өз жеріндегі халықтың 51%-ын 
құрады (Ə. Бөкейханов). Бірақ қазақ жері бір əкімшілік орта-
лыққа бағынған территориялық тұтастыққа ие бола алмады. 
Ə, дегеннен-ақ, бас біріктірмеу саясатын берік ұстанған патша өкіме-
тінің əкімшілігі “бөліп ал да билей бер” тəсілін қолданып, қашанда да 
уыста ұстау жағын орайластырып отырды. Ұлт-азаттығы жолындағы 
саяси күрес мəселесі бұл кезеңде басты мəселеге айналды.
Сөйтіп, жаңа ғасыр табалдырығын қазақ халқы жерінен айры-
лып, шаруашылығы күйзеліп, білім нəріне қанбай, санасы сансы-
рап, елдігінен айрылып, мемлекеттік қалпын жоғалтып, дауыл 
алдындағы тымырсықтай түнеріп аттады. 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы өткенді аңдып, 
алдын болжаған зиялы азаматтарды, жалпы “халқым, ұлтым” 
деген адамды ойландырған басты ой арнасы осы жоғарыдағы үш 
мəселеден бастау алады. Өйткені, жер – ата-қоныс – ғасырлар 


20
бойы сыртқы жаудан қорғауда сан ұрпақтың қаны тамған бүкіл 
тіршіліктің тірегі, одан айрылу ел ретінде тарихтың сахнасынан 
кетумен тең еді. Оқу ұлттық сананың ояну негізі болса, одан ана 
тілі арқылы нəр алмау, халық ретіндегі сан ғасырлық салт-сананың 
жиынтық болмысынан айырылу, сөйтіп ұлттық алтын тамырдан қол 
үзіп, оянудың жолын қараңғы түнекке апарып тіреп қоюмен пара-
пар. Ал патшалық отаршылдық саясат билігі салдарынан бірліктен 
айрылған, өзін-өзі билеуден қалған ел ұлы дамудың өркениетті 
жолынан ығысып, құлдықтың құрдымына қарай құлдилаған бола-
тын. Міне, осынау жойылудың, осынау құрбандықтың үш үлкен 
мəселесі қазақ азаматтарын бірігуге, күш біріктіруге, сөйтіп, саяси 
күрес жолына шығуға жұмылдырды. Сөйтіп Ресейдегі жаңашыл 
рухтағы саяси бағыттан қуат алған қазақ зиялы қауымының алға 
қойған басты мақсаты жоғарыда атап өткен патшалық Россияның 
отаршылдық саясатын айқындайтын үш мəселе төңірегінде 
түйінделді.
ХХ ғасырдың есігін ашып, еркін кірген бұл өзгерісшіл рух 
1905 жылы өзінің алғашқы шама-шарқын бір байқатып таста-
ды. Сол тұста қазақ зиялылары да ел аманатын арқалап, осынау 
өздерін толғандырған үш мəселені алға ұстап, күресшіл жолға 
бет алды. Мұның бір белгісі – 1905 жылғы қазақ оқығандарының 
патшаға жіберген Қарқаралы талабы (петиция), қазақтың алдыңғы 
қатарлы азаматтарының алғаш бас біріктіруі. Бұл – толғағы жет-
кен мəселелерді көтерген саяси күреске шығудың басы, оған үлкен 
серпін берген бірлікті де тірлікті əрекет еді.
1905 жылғы Ресейде тұтанған оттың шарпуы шет аймақтағы 
қоздана бастаған қоламтаның лап етуіне дем берді. Əрине, 
қазақ даласындағы қозғалыс дүмпуін тек 1905-07 жылдардағы 
революцияға байланыстырып қою біржақтылық танытары сөзсіз. 
Бұрынғы тарихи жəне əдеби зерттеулерде дəл осындай баға беріліп 
те келді. Біздіңше, 1905-1907 жылдардағы қазақ даласындағы ірілі-
уақты іс-қимылдардың негізі əріде жатыр. Ол қазақ зиялыларының 
көкейінде пісіп, көкірегін жарып шыққан ұзақ толғаныстың нəтижесі 
секілді.
Қазақ халқының ұлттық санасының оянуына тегеурінді серпін 
берген жоғарыдағы талап-тілек туралы М. Əуезов: “1905 жылы 
Қарқаралыда Ахаң мен басқа біраз оқығандар бас қосып, кіндік 
өкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз-тілек) жіберген. Ол 
петицияда аталған үлкен сөздер бірінші, жер мəселесі, …екінші қазақ 


21 
жұртына земство беруді сұраған, …үшінші қазақ жұртын муфтиге 
қаратуды сұраған. …Ол күндегі қазақ баласының дертті мəселесі 
осылар болғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде 
тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған”, 
– деп жазды.
Петиция талаптары орындалмады, реакция күшейіп, петиция 
авторы деген кісілер қуғындалды. Қaзақ тілінде бейресми газет 
шығарып, баспа ұйымдастыру талабы 1905 жылы маусымда айтыл-
са да, 1911 жылы “Айқап” журналы жарық көргенше толыққанды 
күйде орындалмай келді.
Алғашында қазақ зиялылары өз көзқарастарын өздерінің ұлт-
тық басылымдары жоқ болғандықтан, алдымен “Үлфəт”, “Пікір”, 
“Уақыт”, “Шора”, т.б. татар журналдарында, “Смена”, “Омич”, “Го-
лос степи” тəрізді орыс газеттерінде білдіре бастады. Одан кейін 
айтыс “Айқап” бетінде жүрді. 1911 жылы 11 қаңтарында талай 
қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, “Айқап” журналының 
жарық көруіне қол жеткізілді. Ал “Айқаптың” шығуы – қазақ ұлты 
үшін ХХ ғасырдың бас кезінде болған үлкен тарихи оқиға.
“Айқап” журналын ұйымдастырушы жəне редакторы демократ-
жазушы Мұхаметжан Сералин өз төңірегіне түрікшілдікті жақтаған 
қазақ зиялыларының үлкен тобын – Бақытжан Қаратаев, Жанша 
Сейдалин жəне т.б. топтастырды.
Ұлттық интеллигенцияның бұл тобы (түрікшілдер) бүкіл түркі 
халқының бір тудың астына жиналуын, қазақты отырықшыландыруды 
жақтап, түркілік бірлікті дəріптеді. Татар үлгісіндегі мектептерді 
көбейтуді ұсынды. И. Гаспринскийді ұстаз тұтты.
Олардың көзқарастары мен шығармашылығына, саяси мəн-
дегі ой-пікірлеріне ХХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басын-
да қазақ жеріне тарай бастаған түркілік, исламдық ағымдар зор 
ықпал етті.
Осы күнге дейін біржақты бұрмаланып, дұрыс байыптау берілмей 
келген ХIХ ғасыр басындағы бұл ағымдар отарлық езгіде діні, тілі, 
рухани қазынасы іске алғысыз етілген түркі тектес халықтарды 
азаттық жолындағы күресте бір тудың астына жинау идеясын 
уағыздаған еді.
Патшалық Ресейдің отарлық саясатына қарсы ашық түрде ұлт-
азаттық саяси күреске шығуды қолдаған, халқының азаттығы мен 
бостандығы жолында белсенді де батыл күрес жүргізген, ұлтының 
дербес ел болуын қалаған Ахмет Байтұрсынов бастаған қазақ 


22
зиялыларының басым бөлігі “Қазақ” (1913-1918) газетінің маңына 
топтасты.
Мұның өзі қазақ даласында 1905 жылғы орыс буржуазиялық 
революциясынан кейін еріксіз жарияланған патша манифесінің 
негізінде берілген кейбір жеңілдіктерге орай қазақ зиялылары 
азатшылдық саяси күреске белсенді түрде кірісіп, отаршылық 
бұғауын күш біріктіріп үзуге ұмтылғанын, ұлт-азаттық күрестің 
саяси күрес əдісін қалап алғанын, бірақ шыққан тек, өскен орта, 
тəрбие-тəлімнің, білім деңгейінің əркелкілігінен ХХ ғасыр 
басындағы қазақ ұлтының алдында тұрған үш басты мəселеге (оқу-
ағарту, саяси күрес, жер) байланысты қазақ зиялылары арасында 
көзқарас алшақтықтары пайда болып, екіге жарылғанын танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет