Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


-17 жылдардағы тарихи оқиғалар жəне қазақ



Pdf көрінісі
бет5/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

1.2 1916-17 жылдардағы тарихи оқиғалар жəне қазақ 
зиялыларының күрес жолы
Россия империясының отаршылдық езгісін көрсе де, еңкеймеген 
қазақ халқы үнемі күресумен келгені тарихтан мəлім. Исатай-Ма-
хамбет Кенесары-Наурызбай, бастаған бостандық жолындағы жан 
қиярлық іргелі күрестерді былай қойғанда, өзімізге біршама жақын 
кешегі 1916 жылдың оқиғалары ұлтымыздың еркіндік сүйгіш 
болмысының айғағындай. Бірақ осынау ерлік пен батырлықтың 
шежіресі іспетті айтулы тарихи оқиғаның бар шындығы əлі күнге 
дейін айқындалмай келеді. Кезінде кеңестік идеологияның “сара 
жолының” нəтижесінде оны тек таптық көзқарас тұрғысынан 
бағалап келдік. Сонымен бірге елді қырып алмау жағын қарастырып, 
ұлт-азаттық күреске неғұрлым саяси сипат бергісі келген қазақ 
зиялыларының іс-əрекетін де бір жақты бағаладық. Тіпті кейде 
сатқындық ретінде қараладық.
Бүгінгі тарихтың ақ-қарасы айқындалып жатқан тұста бұрынғы 
көп ойларға өзіндік баға беру, қилы заманның қисынды шындығын 
ашу қажет екендігі бесенеден белгілі. Соның ең бастысы “…ұлт-
азаттық қозғалысы большевизмнің аясында дамыды деп келген 
тарихшы қауымның пікірі жаңсақ екендігін бүгін ашып та ай-
тар кез келгендігі” (М. Қозыбаев). Өйткені Ресей империясы-
на қарсы 400 жыл күресіп келген қазақ халқы барлық көтерілісті 
өзі-ақ ұйымдастырып келген жоқ па?.. Рас соңғы көтерілістің 
бүкілхалықтық көтеріліске ұласуына Россияның ішіндегі саяси-


23 
əлеуметтік оқиғалар біршама əсер еткенін жоққа шығара алмаймыз.
Патшалық Россияның отарлық бұғауындағы қазақ халқының 
өміріне бірінші дүниежүзілік соғыс біраз өзгешеліктер əкелді. 
Соғыс ауыртпалығы патша əкімшілігінің отаршылдық қылбұрауын 
бұрынғыдан да қыса түсуіне əсер етті. Оның бір көрінісі қазақ жерін 
тартып алу бұрынғыдан да күшейе түсті. Бұл туралы кезінде патша 
əміршілдері де жазған еді. Мəселен генерал-губернатор Куропат-
кин өз күнделігіне: “Особенно для меня необъяснима отдача в 1913, 
1914, 1915 гг. одного миллиона 800 тыс. десятин в Семиреченской 
области под скотоводство различным лицам… Боюсь, что это будет 
хуже знаменитых “башкирских земель”. Мы самый не знали куда 
клоним”, – деп 1916 жылы сезіктене жазыпты. 
Осы ауыртпалықтарға қосымша ел арасына тараған қазақтан 
солдат алады екен деген сөз, алып қашпа əңгіме үрей туғызып, 
елді шошындыра бастады. Сондықтан да бұл жағдайға, бірінші 
дүниежүзілік соғыс барысына қазақ зиялылары қатты назар аудар-
ды. Оның шығу жағдайы, соғысушы елдер жайы, соғыс барысы сол 
тұстағы қазақ басылымдары “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті 
беттерінде үнемі жазылып, елге бар жағдай хабарланып отырды. 
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі патша 
өкіметінің сол жылғы 25 маусым күнгі қазақ, қырғыз, өзбек, тəжік, 
түрікмен сияқты бұрын əскери қызметке алынбаған бұратана 
халықтардың 19 бен 31 жас арасындағы азаматтарын майданның 
қара жұмысына алу туралы жарлығына байланысты туған еді. 
Патшаның “бұратана” халық өкілдерін əскери міндет өтеуге” 
алу туралы жарлығы 1916 жылдың 25 маусым күні жарияланды. 
Мемлекеттік Дума тиісті заң жобасын қабылдады. Елдің ашу-ызасы 
сыртқа шықпай тұра алмады. Бұқара халық майдан жұмысына адам 
бермейміз деп сөз байласты, жарлыққа, патша өкіметіне, қазақтың би-
болыстары мен парақор атқамінерлеріне қарсы көтеріліс жасады. 
Көтеріліс Қазақстанның барлық жерлерінде де болды. Əсіресе 
Қостанай-Торғай жағында, Орталық Қазақстанда, Жетісу облысын-
да өте күшті қозғалыстарға ұласты. Көтеріліске қазақ халқы тегіс 
қатысты десе болғандай. Осыдан ол жалпы қазақ халқының ұлт-
азаттық көтерілісіне айналды. 
Осы ұлт-азаттық көтеріліс барысында қазақ тұтас көтеріліп, 
50-ге жуық хан сайлады. Бірақ көтеріліс стихиялы түрде, əр жерде, 
əр кезде шықты, тізе қосқан бірлік көрініс таппады. Əуелі алдына 
бостаншылдық нақты тілектер қоймады. Тек майдан жұмысына 


24
адам бермейміз, өлсек бəріміз бірге өлеміз, өз жерімізде өлеміз де-
ген жалпылама ұрандар жетегінде кетті. 
Көтерілісшілердің бар істегендері – тізім, книгаларды өртеді; 
кейбір болыстарды өлтірді; бірқатар байлардың малын, по-
чтаны талады; бірді-екілі телеграф сымдарын үзді; қаланы 
қоршады; сарбаз құрды; қару-жарақ жасады. Жалпы алғанда, 
көтерілісшілер шабуылға шықпады, тек əзірлену, қорғанумен 
ғана болды. Сондықтан да, көтеріліс тез жеңілді. Тек Қостанай-
Торғай жағындағы Аманкелді Иманов басқарған көтеріліс ғана 
жалғасын тапты.
Халық көтерілісін басуға жіберілген Ресей жазалаушыларының 
іс-əрекеті тарихи жан түршігерлік жағдайларды алға тартады. 
Қазақ зиялыларының күткен қаупі расқа айналды, əр жерден бас 
көтерген көтерілісшілер аяусыз басып жаншылды. Ел басы ауған 
жаққа босып кеткендей күн туды. Екінші “Ақтабан шұбырынды” 
қайта оралғандай болды. Патша əкімшілігінің көктен күткені жер-
ден табылды. Олар халықтың тоз-тозын шығару үшін ештеңеден 
тартынған жоқ. Сөйтіп өздерінің қанды жорықтарының ұлы 
дайындығын (генеральная репетиция) жасай бастады. Жетісу гу-
бернаторы Фольбаум: “Бүлікті тез басу үшін əскерлер қозғалысқа 
қатысқан бір облыс елдің əлденеше жүз адамын қырып тастап, үлгі 
көрсеткені дұрыс болады”, – деп жазды уезд əкімшілігіне берген 
бұйрығында шімірікпестен. 
Сол күндердің куəгері С. Сейфуллин қазақ басына төнген қасірет 
көрінісін “Солдат кез болған ел туғалы көрмеген жəбірін көрді. 
Атылған адам… қып-қызыл дүре. Жəбір-зорлық көрген қыз-қатын, 
жылаған бала. Асты-үстіне келген ел… қысқасы, қырға қара пəле 
келгендей болды” деп суреттеді.
Осынау қазақ даласын қанға бөктірген зұламатқа шет елдерге ауа 
көшкен босқындарды, кішігірім көтерілістер кезіндегі “қантөгісті”, 
жазалаушы отрядтардың қазақ ауылдарына “еріккеннен істеген 
ермегін” қоссақ, қазақ зиялылары алдын ала болжаған нəубеттің 
сұлбасы көрініп-ақ қалады.
Əрине 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің бостандық сүйгіш 
рухқа от бергенін жоққа шығара алмаймыз. Ол – ұлы ерлік пен 
халықтың жан аямас күресінің айғағы. Қазақ зиялылары мол 
шығынға жол бермеу мақсатында көтерілісті қолдамағанмен, 
қаһарлы 1916 жылы өз жұртымен бірге болды, ел тілегінің, халық 
сөзінің жақтаушысы бола білді. Қазақ жұртының адастырмас бір 


25 
бағдаршамы болуға тырысты. Ұлт-азаттық көтерілістің рухы 1917 
жылғы ақпан, қазан төңкерістеріне келіп ұласты. 
Патшаны құлатқан ақпан төңкерісін қуана қарсы алған ұран 
үндес сөздерді 1917 жылдың 9-мартында көреміз: “Киіз туырлықты 
қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық қуаныш 
тек қана орыстікі емес, Отаны Россия болған жұрттың бəріне тегіс 
жақсылық, бəріне тегіс қуаныш”, - деп жазып, бостандық күні туды 
деп жар салады қазақ зиялылары “Қазақ” газетінде (1917, №221).
Əскерге алынған жігіттердің жанында болған қазақ зиялыларының 
бір тобы Минскіден телеграмма жолдады. Онда: “Россиядағы барша 
халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылған 
өкіметті сүйеу үшін қазаққа ұйымдасу керек”, – деп үндеу таста-
ды. Телеграмма соңында Əлихан, Мирякуб, Мұса, Мырзағазы, т.б. 
қолдары тұрды. “Бұл революция езілген халықты Россияның өзге 
озық халықтарымен теңгерді, енді артта қалу əр халықтың өзіне 
сын” деп жазды олар. Мұның өзі жалғыз қазақ зиялылары емес, 
бүкіл халықтың күткен күні, бостандықтың арай таңы деп тануы 
болатын. Сонау 1905 жылдан бері жүргізіліп келе жатқан азаттық 
жолындағы күрес саяси тəуелсіздікке бағытталған болса, сол күнге 
қол жетуін басқаша қабылдау мүмкін емес еді.
Қазақ зиялылары елдегі бүгінгі жағдайды бағдарлауы үшін жəне 
жоғарғы учредительное собраниеге таңдаулы адамдарды сайлау үшін 
жер-жерде облыстық съезд өткізуге үндеді. Торғай облысының съезі 
2-8 апрель арасында Орынбор қаласында өтті. А. Байтұрсыновтың 
төрағалығымен өткен бұл съезд қазақ өміріне қатысты мəселелерді 
күн тəртібіндегі 13 пунктке бөліп қарады. Оның негізгілері – 
азаматтық комитеттер құру, жалпы қазақтық съезін шақыру үшін 
ұйымдастыру бюросын құру (Əлихан Бөкейханов бастаған 8 адам-
нан тұрады). Бұл съезде қазақ баспасөзі туралы мəселе 9-шы пун-
ктпен қаралды. 
Сонымен қатар, бұл съезд жалпықазақ съезін өткізуге жəне 
жалпы мұсылман қауымына ортақ мəселелерді шешуге байланы-
сты 1-8 майда Москвада өтетін жалпы мұсылман съезіне делегат-
тар сайлады.
Осы бір кезеңде “Қазақ” газеті елеулі қызмет атқарғанын 
көреміз. Газет өзінің 1917 жылдың 24 июнь күні жарияланған бас 
мақаласында: “Россияда осы күнде түрлі саяси партиялар бар. 
Олардың көздеген мақсаттары программасында жазылған. Оны 
білетін адамдарға мағлұмат: қай партияның болса да программасы 


26
түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ 
мақсаттарына түгел көздейтін өз алдына партия жасамайынша бол-
майды”, – деп, алғаш рет жеке партия туралы сөз қозғайды.
Бұл мəселе жалпықазақтық тұңғыш съезде күн тəртібіне қойылып 
сөз болды. Съезд 21-28 июльде Орынборда өткізілді. Съезге Ақмола, 
Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан 
жəне Бөкей ордасынан делегаттар келген.
Съезд басты-басты мынандай қаулы қабылдады: “Русия “демо-
кратическая парламентарная республика” болсын, Қазақ облыстары 
қонысына, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс. Қазақ халқы 
өзінің еншілі жеріне орнығып болғанша, Қазақ жері ешкімге берілмесін, 
осы күнгі дайымы ғаскер орнына халық милициясы құрылсын“.
Съезде жоғарыда атап өткендей нақты түрде саяси партия құру 
туралы сөз болды. Күн тəртібінің 12 пункті бойынша қаралған пар-
тия туралы мынандай шешімге келді: “Жеке қазақ партиясын құру 
қажет деп табылсын, партия жобасын жəне программасын қорғау 
Шура-и-исламға сайланған делегаттарға тапсырылсын. Орнықты 
партия программасын жасағанша, І-жалпықазақ съезінің қаулысы 
учредительное собраниеге сайланған қазақ депутаттарына міндет 
болып есептелінетін болсын”.
Қазақ зиялыларының өзіндік партия құруға бет бұруы, табан 
астында өзгере қалу тəсілі емес. Біріншіден, партия құру бұрыннан 
сөз болып, кадет үлгісіндегі партия құруға талап қылып, белгісіз се-
бептермен оны жасырын ұстап, кейін жіктеліп, арасы алшақтанған 
қазақ зиялылары 1916 жылдан бастап, қайта тұтастыққа, бірлікке 
келе бастаған-ды. Ендеше бұл бірлікті бекіте түсу үшін бір партия 
қажет болды. Екіншіден, бұл кезде ақпан революциясы əкелген 
бостандық лебі əсерінен Ресейдің көп жерінде ұлттық партиялар өз 
істерін жандандыра бастаған еді.
“Қазақ” газеті өзінің бесінше тамыздағы санында 1-жалпықазақ 
съезінің қаулысында көрсетілген партия жобасын жасау ту-
ралы міндеттеменің орындалмай жатқандығы туралы Жанша 
Досмұхамбетовтың хатын жариялады. Осыған байланысты газет 
жалпықазақ съезінің қаулысына сүйене отырып: “Партиямыздың 
аты Алаш болсын… Газетамыздың баспахана қызметкерлерінің 
ереуіліне байланысты кешігіп шығуынан, барлық облыстарға теле-
грамма жіберілді…” – деп алғаш партияның атын атады.
Партияның “Алаш” аталу себебі – ұзақ жылдар жасырын түрде 
өмір сүрген партия өз атын “Алаш” атты ата-баба ұранымен жарыққа 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет