Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет58/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Əкемнен əліп-биді үйде оқыдым,
Үйреніп намаз, сабақ жат оқыдым, – 
дейді. Кейін əкесі оны 1902-1907 жылдары ауыл молдаларына 
оқытуға береді. Əлі, Тортай, Мұқан, Нұрғали сияқты молдалардың 
алдын көрген Сұлтанмахмұт Мұқан мен Нұрғали молданың есімін 
ерекше құрметпен атайды. Өйткені Сұлтанмахмұттың бойындағы 
ақындықтың ұшқынын алғаш байқап, оны осы жолға салған, өзінің 
де ақындығы бар Мұқан молда болса керек. Шəкірттік кезіндегі өзіне 
ұстаз тұтқан екінші бір адам – Нұрғали молда. Ол мұсылмандық 
оқудың жаңаша жолын ұстанған, “усули жадид” үлгісімен 
оқытатын, жаңашыл ұстаз екен. Сұлтанмахмұтқа əдебиеттің мəні 
мен мағынасын, əлемдік ғылымның жағдайын, заман жайын терең 
ұғындырған осы Нұрғали молда болады. Ұстазы шəкіртінің талан-
тын танып, дарынын байқап оқуын əрі қарай жалғастыруға кеңес 
береді. Сөйтіп болашақ ақын арман жетелеп, Троицк қаласына 
жол тартады. Ж. Аймауытовтың айтуынша, бұл 1912 жылдың 
9 сентябрі. Өзінің Троицкіге келгеннен кейінгі жағдайы туралы 
ақын: “Мен Троицкіге 25 ноябрьде келіп, басқа медреседе оқу ер-
терек басталғандықтан, жаңарақ тəртіпке салынып ашылған ахун 
Рахманкулиннің медресесіне кірдім”, – деп жазады “Айқап” журна-
лында (1912, №14).
Бірақ Сұлтанмахмұт өкпе ауруына шалдығуына байланысты 
оқуын жалғастыра алмайды. 1913 жылы көзі ауырып, дəрігерлер 
оқуға, жазуға рұқсат етпейді. Бұл аурудан оны қазақтан шыққан 
білгір дəрігер Əбубəкір Бірмұхамедұлы Алдияров жазады. Сонан 
соң Троицкі маңындағы ауылдарда бала оқытып, 1913 жылдың 
күзінде қайта оралады. Сол тұста “Айқап” журналының хатшы-
сы Əкірам Ғалымов қайтыс болып, соның орнына 1913-1914 
жылдың қыс айларында журналға жауапты хатшы болады. Бұл – 
С.Торайғыровтың творчестволық белсенділігінің артқан тұсы. Ол 
өлең ғана шығарып қоймай, қоғамдық-саяси өмірге, əдеби процеске 
кеңінен араласа бастайды. Журнал бетінде өлеңдерімен бірге əдеби-
сыни мақалалары да жарияланып, өзіндік бет-бағдары айқындалып, 
ақындық, азаматтық тұлғасы қалыптаса бастайды.
1914 жылдың басында журнал басшылығымен келісе алмай, 


184
хатшылықтан шығады. Турашыл да бір беткей жас ақын өзі ұстанған 
бағыттан айнымайтын, бір сөзді жан екенін осылай білдірсе керек.
1914 жылдың жаз айында Сұлтанмахмұт туған еліне келіп, 
ағартушылық шараларға бағытталған “Шоң” серіктігін ашады. 
Ақынның бұл ойы жергілікті байлар мен беделді кісілерден қолдау 
таппайды. 
1914 жылдың күзінде Семейге орысша оқуға барады, бірақ 
денсаулығына байланысты түсе алмай, Қотанқарағай жақтың қазағы, 
болыс Əбдікəрім Ережепұлымен танысып, бала оқытып, қаражат 
таппақ болып соның еліне кетеді. А. Еспенбетовтің деректері бойын-
ша, ол осы жерде Михайл Григорьевич Комаров деген орыс тілінің 
мұғалімімен достасып, орысша білімін көтереді. Қотанқарағайдан 
кетуіне Əбдікəрімнің Бағила деген қызына ғашық болуы себеп бол-
са керек. Қыз əкесі ата салтын бұзбай, атастырған жеріне ұзатып 
жібереді. Сөйтіп 1915-1916 жылдары Тарбағатайдағы Терісарық 
болысындағы Құрбан қажының ауылында бала оқытады. Осы кез-
де “Кім жазықты?” атты өлеңмен жазылған романы дүниеге келеді. 
“Қазақ” газетінде Құрбан қажыдан естіген бірнеше əңгімелерін жа-
риялайды.
1916 жылдың аласапыранында Тарбағатайдан кеткен Сұлтан-
махмұт Семейге келіп, онда байыз таба алмаған соң, Томскіге сапар 
шегеді. Сол қалада Əлімхан Ермековтер ашқан дайындық курсы-
на түсіп, жарты жылдай орысша білім алады. Қиыншылықта өмір 
сүреді. “Жұмасына екі рет “обед” етем (ет татамын), құр шай мен 
нан. Киім алғаным жоқ. “Киноматограф”, вечерлерге бір мəрте 
барғаным жоқ. Күндіз-түні айналдырғаным ала қағаздың беті” – деп 
жазатыны осы тұс. 
Ақпан төңкерісін Томскіде қарсы алған Сұлтанмахмұт 1917 
жылдың 10 мартында Семейге келеді. Онда Семейде ұйымдасқан, 
қазақтың үлкен бір азаматы Райымжан Марсеков басқаратын қазақ 
комитетінің хатшысы болады. “Абай” журналының ісіне араласады. 
Қай бір нəрсе болса да өзіндік пікір, айқын көзқарас, белгілі бағыт 
ұстанған Сұлтанмахмұт комитет басшыларымен келісе алмай
қызметтен шығып еліне қайтады. Көп ұзамай қайта оралып, Семей-
де шығып тұрған “Сарыарқа” газетіне мақала, өлеңдерін жариялап, 
қоғамдық өмірге қайта араласады.
1918 жылдың наурызында еліне оралады. Арманы биік ақынды 
дерт меңдете береді. 1918-1919 жылдары ақын “Адасқан өмір”, 
“Кедей” поэмаларын жазуға күш салады. 1919 жылы Керекудегі 


185 
революциялық комитеттің жұмысына араласады. Бірақ жабысқан 
дерт ақыры біржола меңдеп, денсаулығы нашарлай береді. 1920 
жылдың 21 мамырында ұзақ созылған ауру “Қараңғы қазақ көгіне 
күн” болуды мақсат тұтқан ұлы ақынның арман отын сөндіріп
ажал құшағына береді. Небəрі 27 жас өмір сүріп, дүниеден озған 
ақынның соңғы сөзі “Тым болмаса екі жыл тұра алмадым, іштегіні 
түгел жарыққа шығара алмай кетіп барамын” болған екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет