Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет81/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Студенттерге өзін-өзі бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
1. Ұлт-азатшыл бағыт қалыптасуының тарихи алғышарттары.
2.Ұлт-азатшыл əдебиет өкілдерінің шығармашылықтағы басты 
ұстанымдары.
3. Ұлт-азатшыл əдебиеттегі ұлт-азаттық идеяның көркем бей-
неленуі.
4. Ұлт-азатшыл бағыттағы əдеби-көркемдік ізденістер.
5. Ұлт-азатшыл əдебиеттегі дəстүр мен жаңашылдық.


245 
9 ТАРАУ
АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ
(1872-1938)
9.1 Шығармашылық ғұмырнамасы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-əлеуметтік қозғалыс күрт да-
мып, кеңге қанат жая бастауының басты себебі, қоғамдық өмірдің 
өрінде жаңа тұлғалар көзге түсіп, ұлттық сананы жаңа өріске 
бағыттауға ұмтылуында еді. Солардың ішіндегі ең көрнектісі 
ұлттың ұлы ұстазына, рухани көсеміне айналған ұлы тұлға Ахмет 
Байтұрсынов болатын. Ол ХХ ғасыр басындағы қазақ сөз өнеріндегі 
ұлттың ұлы рухынан нəр алған жаңа сарын – ұлт-азатшылдық 
бағыттың негізін қалап, азаттықтың ақ жолын ұсынды. Оның осы-
нау күрес жолындағы ел санасын серпілтер, жұрт жүрегін оятар 
ең əсерлі қаруы – əрбір қазақ оқырманының жанына жылу болып 
енген жалынды жырлары мен өткір де ойлы мақалалары. Ахмет 
Байтұрсынов – шығармашылық еңбектің қай саласында болмасын 
мол мұра қалдырып, қоғамдық өмірдегі, ұлттық тарихымыздағы өз 
орнын айқындап кеткен тұғырлы тұлға. Ол – тілші ғалым, ағартушы 
ұстаз, тəржімадан төл туынды тудырған аудармашы, көшелі сөздің 
көшін бастаған көсемсөзші, өлеңіне азатшыл ойды арқау еткен ақын, 
елінің ескіден қалған сөзін терген ауыз əдебиеті үлгілерін жинаушы, 
сөз өнерінің қисынын тауып, қиюын ойған əдебиеттанушы ғалым.
Ахмет Байтұрсынов 1872 жылы қыркүйектің 5 жұлдызында 
дүниеге келген. Ол өз қолымен жазған өмірбаянында: “Мен Торғай 
уезінің Тосын болысындағы №5 ауыл қазағының баласымын. 1886 
жылдан бастап 1891 жылға дейін екі кластық Торғай орыс-қазақ 
училищесінде оқыдым. 1891 жылдан 1895 жылға дейін Орынбор 
орыс-қазақ мектебінде оқыдым. 1895 жылдан бастап Торғайдың əр 
жерінде, əр түрлі бастауыш училищелерде, ауылдық мектептерде 
істедім,” – деп жазады. 
Ахметтің 13 жасында оның кейінгі өмірлік мақсаты – күрескерлік-
ті айқындап берген оқиға болады. Ахаңның əкесі Байтұрсын 
Торғай уезінің бастығы Яковлев пен беделді сардар Бірімжанның 
озбырлығына шыдамай, інісі Ақтас екеуі айқасқа шығады. Ауылына 
келіп зорлық-зомбылық көрсеткен уезд бастығын қамшымен сабап, 


246
есінен тандырады. Осының нəтижесінде інісі Ақтас екеуі 15 жылға 
бас бостандығынан айырылып, Сібірге каторгалық жұмысқа айда-
лады. Осы оқиғадан кейін санасына ерте ой түсірген сезім күші оны 
ертерек күрес жолына жетелейді. 
Міржақып Дулатовтың жазуынша ол “ХХ ғ.б. Қарқаралыда тұрған 
кезінде революциялық қозғалысқа қатыса бастайды. Алғашқы кезде 
астыртын қимылдап, ал 1905 жылғы 17 қазанда жарияланған мани-
фестен кейін қалың қазақтың көрнекті қайраткерінің біріне айнала-
ды. Патша отаршылдығына қарсы күрестегі белсенді іс-əрекетіне 
байланысты А. Байтұрсынов 1909 жылы шілденің бірі күні Т. 
Шыңғысов дегеннің ұстатуымен тұтқындалып, Семей түрмесінде 
бір жыл отырып, екі жылға дейін қазақ облыстарының шекарасын-
да тұрмауға шешім шығарылғандықтан, 1910 жылдың 9 наурызы-
нан 1917 жылдың аласапыранына дейін Орынборда тұрады. 1913 
жылдың 2 ақпанында Орынборда “Қазақ” газетін шығарады. Газет 
1918 жылдың 16 қыркүйегіне дейін шығып тұрады. Ахаңның бұл 
тұсқа дейінгі өмірбаяны замандасы Міржақып Дулатовтың “Ахмет 
Байтұрсынұлы Байтұрсынов” атты мақаласында (орысша жазылған) 
жақсы айтылған.
Ахмет Байтұрсынов Бас жазушы, Бас редакторы болған “Қазақ” 
атты тұңғыш биресми газеттің патша əкімшілігінің көңілінен шыға 
бермегендігі, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған сара жолы, 
өзіндік көзқарасы бар, саяси беті айқындалған басылым болғаны 
белгілі. “Қазақ” газетінің ел арасындағы беделін оның сол замандағы 
ең үлкен 8 мыңнан астам данамен шығуының өзі-ақ айқындап тұрса 
керек.
“1917 жылдың соңынан 1919 жылға дейін Алашорда ұйымында 
істедім”, – деп жазады Ақаң əрі қарай өз өмірбаянында. Əрине, 
осынау аз сөзді, сараң сөйлемде Ахмет өмірінің үлкен бір кезеңі 
жатыр.
1917 жылғы ақпан революциясынан кейін елдегі ұлт-азаттық 
саяси күрес күрт белең алады. Халыққа шынайы бостандық 
іздеген қазақ интеллигенциясының өкілдері əр түрлі партиялар 
мен ұйымдар құра бастады. А. Байтұрсыновтың осынау замана 
ағымындағы істерден тыс қалуы мүмкін емес еді. Сол тұста ұлттық 
теңдікті аңсаған Ахаң өз пікірлестерімен бірге “Алаш” атты партия 
құрып, 1917 жылдың жазынан Алашорда жетекшілерінің біріне ай-
налады. Осы партияның бірінші жəне екінші съезінде ерекше еңбек 
етіп, “Алаш” партиясының программасына жасауға ат салысады. 


247 
Бұл программаның жобасы алғаш “Қазақ” газетінің 1917 жылдың 
21 қарашадағы санында жарияланды. 
Қазан төңкерісінен кейінгі қызыл тасқынға қарсы біраз тосқауыл 
болуға ұмтылған қазақ зиялыларының арпалысы айтарлықтай 
нəтиже бере қоймайды. Арпалыста өткен күндердің нəтижесіз 
бітерін сөзген Ахаң елі үшін жаңа өкімет жағында еңбек етуге, өз 
халқына тек жақсылық, бостандық игіліктің келуі үшін қызмет 
жасауға бекінеді. Қазақ АССР-і Ағарту Халық комиссары болып, 
қазақ оқу-ағартуы мен мəдениетін көтерудің ең қажетті тұстарында 
ел игілігі жолындағы істерге белсене кірісіп, аянбай тер төгеді. 
Бұдан кейінгі өз өміріндегі елеулі кезеңдері туралы Ахмет 
Байтұрсынов өз өмірбаянында былай деп жазады: “Советтердің І 
Бүкіл қазақстандық съезінен ІІ Бүкіл қазақстандық съезіне дейін 
ҚАССР Ағарту Халық комиссары лауазымында істедім; КазЦИК 
мүшесі болдым. Советтердің ІІ бүкілқазақстандық съезінен ІІІ 
Бүкілқазақстандық съезіне дейін КазЦИК мүшесі, сондай-ақ Каз-
Наркомпрос жанындағы Академиялық орталықтың председателі 
болдым”. Бұдан Ахаңның əбден кесіп-пішіп, кеңестік өкімет 
тұсында туған халқына адал еңбек етіп, халық ағарту, ғылым 
мен əдебиет, мəдениет жолындағы еңбекке еркін кірісіп, белсене 
араласқандығын көреміз.
1923 жылдың 28 қаңтарында Орынборда қазақ зиялыларының 
арасында тұңғыш рет А. Байтұрсыновтың 50 жылдық мерейтойы 
өткізілді. Мерейтой мəжілісін сол кездегі Қазақстан Халық Ко-
миссарлары Кеңесінің төрағасы С. Сейфуллин ашып, сол кездегі 
Халық Ағарту Комиссары Смағұл Садуақасов Ахаңның өмірі мен 
ғылыми-əдеби еңбектері жайында баяндама жасады. Осы мерейтой 
қарсаңында Ахмет Байтұрсынов шығармашылығы, өмірі жайлы 
бірнеше құнды материалдар жарияланды. 1922 жылы Орынбор-
да “Труды общества изучения Киргизского края” деген жинақта 
Міржақып Дулатовтың “Ахмет Байтұрсынұлы Байтұрсынов” де-
ген көлемді мақаласы (өмірбаяндық очерк) жəне Елдес Омаровтың 
“А.Байтұрсыновтың ғылыми қызметі“ атты мақаласы жарық көреді. 
1923 жылы “Еңбекші қазақ” газетінде Сəкен Сейфуллиннің “Ах-
мет Байтұрсынұлы елуге толды” мақаласы (31 қаңтар), ал “Ақ жол” 
газетінде Мұхтар Əуезовтің “Ахаңның елу жылдық тойы” атты 
мақаласы (4 ақпан) жарияланып, бұларда Ахметтің саяси, ғылыми, 
əдеби-шығармашылық еңбектеріне аса жоғары баға берілді. 
Қазақ халқының болашағы үшін қайтпас қайсарлықпен, ересен 


248
іскерлікпен еңбек еткен үлкен қайраткердің үмітті асыл арманда-
рын 1925 жылы Қазақстанға Ф. И. Голощекин ала келген əпербақан 
саясат үзді. Қазақстанда өзінің “көсемдік” идеяларын іске асыру 
үшін “кіші октябрь” саясатын жүргізіп, ол жолда небір сойқандыққа 
барған Голощекин өз пікіріне қосылмайтындарға қарсы “ымыра-
сыз күрес” бастап, қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы 
өкілдерін жаппай жазалау саясатын ашықтан ашық жүргізді.
Елімізде революцияға дейінгі интеллегенцияның көптеген 
өкілдері жазықсыз қуғындалып-жазаланған 20-жылдардың аяғы 
мен 30-жылдардың басында Алашорданың бұрынғы жетекшілерінің 
контрреволюциялық тың деректері табылыпты-мыс деген өсек-аяң 
А. Байтұрсыновтың үстінен де қаптап кетті. Ол баспасөздің сан 
мəрте шабуылының объектісіне айналды… Ақыры, Голощекин 
бастаған əпербақандар дегеніне жетіп, Ахаң бастаған қазақ зиялы-
ларын ұстатып тынды.
А. Байтұрсыновтың қалай ұсталғандығы жөнінде қызы Шолпан 
Байсалова -Байтұрсынова былай əңгімелейді: “Əкемді 1929 жылы 
2 июньде Қызыл Орда қаласында өткен түркологтардың съезінде 
ұстады. Ол кезде əкем КазПИ-де сабақ беретін. Алматыда Красин 
көшесінде 64-үйде тұратынбыз. Содан бес күн хабар болмады. 
Ахаңның Қызылордада тұтқындалғанын апамыз Кəтез Абдулафаро-
ва хабарлады”. А. Байтұрсынов əуелі Алматы түрмесінде жатып, со-
нан соң Архангельскіге айдалды. Ал əйелі Бадрисафа (Александра) 
мен қызы Шолпан Томскіге арнайы жер аударылды. М. Горькийдің, 
оның əйелі Пешкованың көмегі тиіп, Ахмет айдаудан 1934 жылы 
мерзімінен ерте босатылады. Бұдан соң, А. Байтұрсынов ешқандай 
қоғамдық жұмыстарға араластырылмайды.
1937 жылы 8 қазанда қайта ұсталады. Ахаң өмірінің осы бір соңғы 
нүктелі күні туралы оның немере інісі Самырат Кəкішұлы былай деп 
еске алады. “1937 жылдың қазан айы еді. Менің теміржол технику-
мында оқып жүрген кезім, үйге келсем, Қаскелең көшесі, 44 үйіміздің 
ішінің астан-кестеңі шығыпты, бөлменің ортасында еңкейіп жы-
лап Падрес əжем отыр екен. Үйге кірмей жатып-ақ бір сұмдықтың 
болғанын білген едім…” Падрес əже: “Ойбай, Самырат, атаңды НКВД 
келіп, қара машинаға салып алып кетті. Қайда апара жатырсыңдар деп 
сұрағанымда олар маған: “о дүниеге” деп жауап берді деп, қатты жылай 
бастады. Сол кеткеннен Ахаң Қаскелең көшесіндегі 44-үйге оралған 
жоқ. Осы үйден Ахаңды НКВД алып кетіп, 1937 жылы желтоқсанның 
8 күні Алматыда атылған деген сөзді естідім”.


249 
Міне, өз ұлтының рухани ой санасын өрістетуді, отаршылдық 
езгіден азат етуді мақсат тұтып, бар білімін, қайрат жігерін соған 
арнаған ұлы тұлға осылайша 64 жасында еліне теңдік əперді деп 
ұққан Кеңес өкіметінің қаһарлы үкімінен қаза тапты. Бірақ А. 
Байтұрсынов кейінгі ұрпағына мың жыл азық боларлық мұра 
қалдырып кетті.
Жоғарыда аталған өмірбаянында газет-журналдарда жарияланған 
еңбектерінің тізімі көрсетілген. Онда: 1. “Тіл - құрал” І бөлім, Фо-
нетика; 2. “Тіл – құрал”, ІІ бөлім. Морфология; 3. “Тіл-құрал”, 
ІІІ бөлім. Синтаксис; 4. “Əдебиет-танытқыш”; 5. “Баяншы”. 
Методикалық жазбалар; 6. “Тіл жұмсар”, І бөлім, Практикалық 
грамматика; 7. “Тіл жұмсар”, ІІ бөлім, практикалық грамматика; 
8. “Оқу құрал” балалар əліппесі; 9. Əліппе; 10. “Сауат ашар”. Ере-
сектер əліппесі; 11. “Əліппе астар”. Əліппеге методикалық нұсқау; 
12. “Қырық мысал” – Крылов мысалдары аудармасының жинағы; 
13. “Маса” – төл тума жəне аудармалар жинағы; 14. “Оқу құрал”, 
“Хрестоматия нұсқалық” деген еңбектері көрсетілген.
Белгілі лингвист – ғалымның оқулықтарына профессор Т. Қор-
дабаев былайша баға береді: “Ахаңның бұл оқулықтары қазақ тіл 
білімінің қазақ тілінде алғаш баяндала бастаған заманында, бұдан 
75 жыл бұрын шыққанына қарамастан тілдік категориялардың 
терминдік ауытқуы жағынан да қазіргі еңбектермен үйлесіп, үндесіп 
жатады. Бұл автор тұжырымының өміршеңдігін, терең де алғыр ой-
дан туғандығын байқатса керек”. 
А. Байтұрсыновтың қазақ лингвистикасындағы терминдік атау-
ларды қалыптастырудағы еңбегі өз алдына бір төбе. Ғалым қазақ тілі 
грамматикасында қатысты категориялардың əрқайсысына қазақша 
термин, яғни атау ұсынады. Олардың көпшілігі бүгінде тілімізде 
қалыптасып кеткен.
А. Байтұрсыновтың қазақ ғылымына сіңірген еңбегі тіл білімін 
зерттеумен шектелмейді. Ол əдебиеттану саласында да ұланғайыр 
еңбек етті. 1895 жылы “Тургайская газетада” жарияланған “Кир-
гизские приметы и пословицы” деген материалдардан бастап, 1923 
жылы “Ер Сайын” жырын, 1926 жылы “23 жоқтау” атты жинақты 
Москвадан шығарып, алғы сөз жазып, түсініктемелер берді.
Ал, əдебиетке қатысты келелі ой-пікірлерінің бастау көзі 1913 
жылғы “Қазақ” газетінде жарияланған “Қазақтың бас ақыны” деген 
мақаласы болып табылады. Бұл ұлы Абай шығармашылығы туралы 
жазылған алғашқы ғылыми мақала еді. Бұл мақалада: “Қазақтың бас 


250
ақыны – Абай. Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында 
біз білетін ақын болған жоқ” деп, Абайдың қазақ əдебиетіндегі ор-
нын айқындаған.
А. Байтұрсыновтың қазақ əдебиеттану ғылымына қосқан аса 
зор үлесі – 1926 жылы басылып шыққан “Əдебиеттанытқыш” атты 
əйгілі еңбегі. Ахметтің осы кітапта тұңғыш рет қазақ тілінде түзген 
анықтамалар мен терминдері уақыт өтсе де өз құнын жойған емес. 
Кейінгі əдебиет теориясы жайлы зерттеулер сөз өнерінің негізін 
салған осы еңбектен арқау тартатыны бүгінде көпке аян.
Ахмет Байтұрсыновты үлкен ақын ретінде танытатын екі жинағы 
бар. Оның бірі – 1909 жылы Петербургта жарық көрген “Қырық мы-
сал” – мысал аудармалары. Екіншісі – 1911жылы Орынборда жарық 
көрген “Маса” атты төл өлеңдер жинағы. Бұл екеуі де 1922 жылы 
Қазаннан Б. Күлеевтің редакторлығымен қайта басылып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет