42
метофазадағыдан 2-5 рет ұзынырақ, жіпшелер түрінде көрінеді.
Электронды микроскоппен бұл кезде
хромосомалардың центромера
арқылы қосылған екі хромотидтен тұратындығын көруге болады. Ал
бұл жағдай, мейоздың алдындағы интерфазада хромосомалардың
екі еселенуі болып кеткенін байқатады.
Зиготена (қосарлы жіптер стадиясы) – көлемі бірдей хромо-
сомалар коньюгацияланып қосылады. Ең басында жекелеген го-
мологты хромосомалар коньюгациялары жүреді. Бұл гомологты
хромосомалардың қосылуын
синапсис деп атайды. Зиготенаның
соңына қарай олардың қосылуы бүкіл
ұзындығы бойынша аяқта-
лады. Коньюгацияланушы гомологты хромосомалардың əр жұбы
бивалент түзеді. Бұл стадияға
синоптемалық комплекстің көрінуі
тəн. Электрондық микроскоппен қарағанда синоптемалық комплекс
коньюгацияланушы хромосомалар арасында орналасқан жіпше
түрінде болады.
Пахитена (жуан жіпшелер стадиясы) – ширатылу жəне кон-
денсациялану есебінен хромосомалардың жуандауы мен қысқаруы
арқылы сипатталады. Биваленттердің, яғни əрқайсысы
екі хрома-
тидтен тұратын коньюгацияланған хромосомалардан пайда болған
пішін, саны хромосомалардың гаплоидты санына
(п) тең. Бұл ста-
дияда хромосомалардың хромомерлік бейнесі жақсы көрінеді. Па-
хитенада синоптемалық комплекстің түзілуі аяқталады. Пахитена
мен зиготенада шамамен 0,3 жəне 0,1% құрайтын қосымша ДНҚ
синтезделеді.
Диплотенада биваленттер жəне олардың əрқайсысын құрайтын
төрт
хромотидтер анық көрінеді.
Бұл стадияда гомологтардың
серпіліп жіберілуі басталады жəне
хиазмалар деп аталатын
гректің «хи» əрпіне ұқсас əртүрлі фигуралар пайда болады. Хиаз-
малар – биваленттегі хромосомалардың гомологты учаскелерінің
алмасуының дəлелі. Диплотена стадиясында көптеген ядрошықтар
пайда болады. Диплотена стадиясында зиготенада жүрген үрдістерге
қарама-қарсы үрдістер жүреді, яғни тартылудың орнына гомологты
хромосомалар сыртқа тебіледі.
Диакинезде ширатылу күшейе түседі, хиазмалардың саны аза-
йып, биваленттер ядроның шет жағына орналасады. Ядроның қабығы
мен ядрошықтар жойылады жəне ұршықтың толық түзілуімен
І профаза аяқталады.
І метофазада ядрошықтар жойылады. Биваленттер метафаза -
лық
пластинканы құра отырып, жасушаның экватор жазықтығына
43
орналаса бастайды. Хромосомалар толық жуандайды жəне қыс-
қарады. Ағзаның сомалық жасушасындағы хромосомалар санынан
биваленттер саны екі есе кем, яғни гаплоидты санға тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: