153
45-есеп. Бір тіркестік топта орналасқан А жəне В гендерінің
ара-қашықтығы 4,6 кроссинговерлік бірлікке тең. Осы гендері бой-
ынша дигетерозиготалы дараны гомозиготалы рецессивті дарамен
будандастырғанда, қандай гаметалар алынады жəне олар қандай
пайыздық қатынаста ажырайды?
46-есеп. С жəне D гендері бойынша дигетерозиготалы
аналық жеміс шыбынын рецессивті гомозиготалы аталықпен
будандастырған. Ұрпағында мына арақатынастағы ажырау болған.
43,5% СсDd; 6,5% Ссdd; 6,5% ссDd; 43,5% ссdd. Аналықтың го-
мологты хромосомаларындағы гендер сəйкестігінің қандай екенін,
С жəне D гендері арақашықтығының нешеге тең екенін айқасу
бірлігімен көрсетіңіз.
47-есеп. А, В жəне С гендері бір тіркестік топта орналасқан.
А мен В гендерінің аралығында кроссинговер 7,4% жиілікте, ал В
жəне С гендерінің аралығында 2,9% жиілікте жүреді. Егер А мен
С гендерінің арақашықтығы 10,3% кроссинговерге тең болса, А,В
жəне С гендерінің орналасу ретін көрсетіңіз.
48-есеп. Талдап будандастырудың нəтижесінде фенотиптердің
мынадай арақатынасы шыққан: А-В-С- 120 ааВ-С- 62
А-В-сс 10 ааВ-сс 68
А-bbС- 65 ааbbС- 12
А-bbсс 63 ааbbсс 125
Хромосомадағы гендердің орналасу ретін жəне олардың айқасу
бірлігімен көрсетілген арақашықтығын анықтаңыздар.
49-есеп. Дрозофилада аналық жыныс – гомогаметалы, аталық
жыныс – гетерогаметалы болып табылады. Ү хромосома генетика-
лық инертті. Шыбынның көзінің қызыл түсін доминантты W гені,
ақ түсін рецессивті w гені бақылайды жəне Х хромосомада орна-
ласады. Қандай гаметалар түзеді: а) гетерозиготалы қызыл көзді
аналық; ə) қызыл көзді аталық; б) ақ көзді аталық; в) гомозиготалы
қызыл көзді аналық.
50-есеп. Гендер арасындағы кроссинговер жиілігі: В-А=28%,
Д-А=6%, С-Д=14% жəне С-A=20%. Гендердің хромосомада орнала-
су ретін көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: |