Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ



Pdf көрінісі
бет112/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131
boribekova-kazirgi

14. ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ЖЕТІЛДІРУ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
14.1. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру – 
математикалық білім беру технологиясы
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математи-
калық білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик 
П. М. Эрдинестің жетекшілігімен жүргізілген теориялық жəне 
тəжірибелік ізденістердің, практикалық, жұмыстың нəтижесінде 
өмірге келді.
П. М. Эрдниев «дидактикалық бірліктер» деген ұғымды осыдан 
20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты 
алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді 
ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға 
өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушевич, т.б. бұл 
технологияның тиімділігін атап өтіп, «ғасыр идеясы» деп таныған. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, 
оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің 
кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дəл осы əдістемені қолдану 
барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының білімінің сапасына əсер ететін факторлардың 
бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мəні, мағынасы, 
мүмкіндіктерінің рөлі зор.
Бүгін де дидактикалық бірліктерді ірілендіру жаңашылдық 
технология ретінде əр түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, 
Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек, т.б. қалаларының 
тəжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор 
Т. Қ. Оспановтың жетекшілігімен жазылған «Математика» оқу-
лықтары осы теорияға негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл 
əдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп 
толық айтуға мүмкіндік бар. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру 
əдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
1. Қарама-қарсы ұғымдарды, əрі өзара байланысты операция-
ларды қатар оқыту.
2. Тура есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
3. Деформацияланған жаттығуларды пайдалану.
4. Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың 
үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың əрқайсысына жеке тоқталып, олардың 
оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы «қосу мен азайту», «көбейту мен бөлу» 
бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың 
тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден, бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал 
үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден, ойлау 
операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сəйкес оқушы 
мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы: Бірліктер түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау 
арқылы шешу ойлау əрекетінің ішкі потенциалды резервтерін 
ашуға көмектеседі. П. К. Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ
табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі «кері байланыс» 
заңының іске қосылуымен тиімді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясының басты 
ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару «кері есеп» ұғымы 
ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П. К. Анохин 
енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық 
ұғыммен байланысты. 
Кері есептерді шығару, тура есепті кері есепке айналдыру арқылы 
баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық 
дербестік пайда болады.
Математикалық 
əдебиеттерден 
мынадай 
ережені 
көп 
кездестіруге болады. «Математикадағы басты нəрсе-ұғымдарды 
ой елегінен қайта өткізе білу». Кез келген тура есепті кері есепке 
айналдыруда бір сан екі рөлде болады. 
Бірінші жағдайда екі санның қосындысы, көбейтіндісі түрінде 
болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулықтарында бес түрлі: қосындыны табуға, 
қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кем санды табуға, айырмалық 
салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын 


310
311
есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға 
байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген. 
«Кері есеп» ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі 
тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жанына портфельді 
орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфельдегі кітаптардың 3-еуі артық. 
Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па, кем бе екенін 
анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдында, столдағы 
кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдағы 
кітаптың одан 3-еуі кем. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған 
соң, алдынғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? 
деген сұрақтарға жауаптар алынады. 
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды 
анықтаймыз. Содан кейін ғана «кері есеп» ұғымы енгізіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет