302
303
Сызба
СЫНИ ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
ɀɈԐȺɊɕ
ȾȿԘȽȿɃȾȿȽȱ
ɈɃɅȺɍ
ɋɂɉȺɌɌȺɆȺɋɕ
ȺȾȺɆɇȺɇ
ԔȺɀȿɌ ȿɌȿȾȱ
ɪɟɮɥɟɤɫɢɜɬɿ
ɛɚԑɚɥɚɭ
ɛɚԑɵɬɬɚɥԑɚɧ
ɦɚԕɫɚɬ ԕɨɸ
ɲɵԑɚɪɦɚɲɵɥɵԕ
ɚɧɚɥɢɬɢɤɚɥɵԕ
ɤɨɧɫɬɪɭɤɬɢɜɬɿ
ɋɚɥɦɚԕɬɵ,
ԧɥɲɟɦɞɿ
ɥɨɝɢɤɚɥɵԕ
Ȼɚɫɵɦɞɵԕ-
ɬɚɪɞɵ
ɚɧɵԕɬɚɣ ɚɥɭ
ɀɟɤɟ
ɠɚɭɚɩɤɟɪɲɿ-
ɥɿɤɬɿ
ԕɚɛɵɥɞɚɭ
Ⱥԕɩɚɪɚɬɩɟɧ
ɠԝɦɵɫ ɠɚɫɚɭ
ɦԥɞɟɧɢɟɬɿɧɿԙ
ɛɨɥɭɵ
Ɉɣɥɚɭ
ԛɪɞɿɫɬɟɪɿɧ
ɛɚԑɚɥɚɭ
Осындай сабақ барысында оқушылар өздерінің, бір-бірінің ой-
пікірлеріне сын көзімен қарай отырып, жаңа тың идеялар туғызады.
Сабақтар баланың танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше
білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді.
Оқушылар мұндай сабақтарда оқудың қызықты əрі жеңіл өтетіндігін,
ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі,
əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға
арналған оқытудың əдіс-тəсілдері оқушыларға құбылыстардың
себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың
сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми біліміндегі орнын
аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды.
Сабақ барысында
оқушылардың сыни тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіруге,
дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға
мүмкіндік береді. Тақырыптың негізі өзегін, бағытын, мəн-
мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа,
мазмұнды, мағыналы баяндауға дағдыланады, пəнге қызығушылығы
артады, ғылым негіздерін игеру əдістерін меңгереді, сөйтіп өзін
келесі мəселені талдауға дайындайды.
Осындай əдіспен бастауыш мектептің дүниетану сабақтарында
оқушыларға «Гүл өсімдік сəукелесі» тақырыбы бойынша өткізілген
сабақ жоспары төмендегідей мазмұнда жасалды.
Сабақтың
білімділік, дамытушылық, тəрбиелік мақсаттары
белгіленді. Мұнда гүлдің тірі табиғат өкілі екенін дəлелдеу, оның
мүшелері, атқаратын қызметі жəне оған қажетті жағдайлар жасау
жөнінде түсінік беріледі.
Сабақта суреттер, альбомдар, жұмбақтар, нобайлар қолданы-
лады. Оқушылар топтарға бөлінеді, əр топтың қорғайтын, дəлелдей-
тін «Гүл өсімдік сəукелесі», «Гүл табаны», «Аталық», «Аналық»
сияқты тақырыптары белгіленді. Топ оқушылары берілген
тақырыптар
жөнінде білгендерін, оқығандарын, өз ойларын
ортаға салды, бір-бірлерін сынады, толықтырды, теріс айтылған
пікірлер түзетілді, шалағай жауаптардың мазмұны кеңейтілді.
Нəтижесінде ұжымдық тұжырым, қорытынды жасалды, осы
қорытынды тірек-сызба түрінде көрсетіледі.
Бастауыш мектептің əдебиеттік оқу пəнін оқытуда сыни
тұрғыдан оқыту технологиясының стратегияларын пайдалану
барысында мұғалім оқушыларды
жеке тұлға ретінде ала отырып,
олардың іс-əрекет түрлерін мақсатты қалыптастыру, өздік, дербес
ізденуге баулып, əрбір оқушыны өз беттерімен көркем туындыны
оқуға, талдауға, бағалауға жетелеу қажет. Сонымен қатар «Сыни
тұрғыдан ойлау» технологиясы дайын білімді қайталап айту емес,
оны өз белсенділіктері бойынша алуға тəрбиелейді. Оқушылардың
өзіндік жұмысына мақсатты бағдарлар, айқын міндеттер қойғыза
білуге үйретеді.
Бастауыш мектептің оқу үдерісіне сыни тұрғыдан ойлау
стратегияларын пайдалану оқушыларды
проблемалық сұрақтарды
бөліп алу, əзірлеу, соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз
304
305
беттерімен талдау, синтезге, бағаға жету, өзін-өзі бақылау жұмыстары
балаларды шығармашылыққа, жүйелі білімге жетелейді.
Қорыта айтқанда, сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы бойынша
жүргізілген сабақтарда бастауыш сынып оқушылары іздеудің мəн-
жайына қанығады, білімді тереңінен айтуға төселеді, дəлелдер
келтіру, дəлелдеу тəсілдеріне жаттығады, теория мен практика
бірлігін игереді, жеке жəне топпен бірлесіп, мəселе түйінін шешіп,
жолдарын табуға жаттығады, өз жолдастарының пікірімен санасуға,
өткір сындарды тыңдап, одан тиісті қорытындылар жасай білуге
машықтанады.
Сонымен қатар «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды
дамыту» жобасында жұмыс жасайтын бастауыш сынып мұғалімдері
бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз
бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал
ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты,
жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,
білімнің тереңдігі, əрі тиянақтылығы артатындығын баяндайды.
Бастауыш сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлау
технологиясы стратегиялары бойынша оқыту, үйрету барысында
мынадай қорытыныды жасауға болады:
1. Оқушы өмірге деген өз ойын білдіретін жазу стилін табады.
2. Жаңа білім бойынша өз жобалары, модельдері, болжамдарын
тыңдап, талқылайды (өздері талдайды, бір-бірін тыңдайды)
3. Өзіндік қорытыныдылары,
оның қаншалықты ғылыми,
шындыққа жақын екенін саралайды.
4. Білімді өз бетімен алуға деген ынтасын, шығармашылық
жұмыстарға қабілетін, танымпаздық белсенділіктерін арттырады.
5. Білім дəрежесі деңгейін саралау /өзіндік талдау, синтез,
бағалауының деңгейі қалыптасады/.
6. Бір-бірімен ынтымақтастығы, пікірлерін айта білуі, қорғай
білуі, айтыса білуге дағдыланады.
7. Оқушыларда жазу кезінде ғажайып ойлар пайда бола-
ды, сонымен қатар өзінің жəне өзгеледің пікірі мен тəжірибесіне
құрметпен қарауға үйренеді.
8. Оқушы əрекеті адамның ойлау қабілетін дамытады жəне ол
кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды.
9. Оқушылар өз ойымен, іс-тəжірибесімен, пікірлерімен бөлісуге
үйренеді, бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
10. Жұмыс барыстарын алмасу арқылы оқушының өз ойын
ашық, жасқанбай айтуға, басқа адамның
ойын дұрыс қабылдауға
үйренеді.
Достарыңызбен бөлісу: