Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


 Педагогикалық технологиялардың нəтижесінің



Pdf көрінісі
бет21/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131
boribekova-kazirgi

4.7. Педагогикалық технологиялардың нəтижесінің 
жетістіктері
Педагогикалық технологиялар бірнеше топтарға бөлінетіні 
баршамызға мəлім. Осыны толық меңгерген мұғалімдер қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияларды өз тəжірибелеріне тиімді 
ендіре алады.
Оқытудың жаңа инновациялық технология əдістерін дəріс 
беретін білімгерлермен практикалық сабақтар жүргізу барысында 
жиі қолданып отырамыз. Инновациялық технологияны пайдалану 
барысында сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықтан 
бастап білімгерлерге тақырыпқа болжам жасатып, мақсат қойып, 
сұрақ беріп жауап алуға, мазмұнды толық түсінуге жағдай туғызады. 
Бұл бағдарламада мұғалімдерге де, білімгерлерге де міндеттер 
қояды. Осы міндеттерді орындауға мұғалім өзінің тақырыбы мен 
сабақ арасындағы біріккен іс-əрекет ұйымдастырады. Мысалы, бұл 
бағдарламаны сабақтарда қолдану барысында оқушыларға:
1) еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2) ақыл-ойын дамытады;
3) шығармашылық белсенділігі артады;
4) тіл байлығы жетілдіріледі;
5) жан-жақты ізденеді;
6) өз ойын жеткізеді;
7) ұжымдық іс-əрекетке тəрбиелейді.
Анық айтқанда, сабақта қолданатын стратегиялар көмегімен 
жеке тұлға ретінде, жан-жақты дамыған шығармашылық ойлау 
ретінде білімді меңгереді. Педагогикалық технологияларды талдау 
барысында алынып отырған технологияның сабақтың тақырыбы 
мен мазмұнына сай болуы жəне тиімді, жүйелі болуы ескеріледі. 
Қорыта келе, технологияның білім беру үдерісіне енуі білім беру 
тұжырымында мақсатты қалыптастыруға; адамгершілік ақыл-ой
психологиялық, медициналық, экологиялық көрсеткіштер негізінде 
қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды талдауға, соны-
мен қатар дифференциалды оқыту жағдайында олардың тиімділігін 
бағалауға; оқытудың перспективалық құралдарын олардың 
негізінде педагогикалық технологияларды құруға; бұл үдерістерді 
технологизация үдерістерін реттейтін тұтас мемлекеттік білім беру 
бағдарламасы мен стандарттары негізінде басқаруға ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет