Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш



Pdf көрінісі
бет27/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131
boribekova-kazirgi

В. Т. Кабуш технологиясы
Тəрбиеленуді ізгілендіру жүйесі. (Т. М. Мəжікеевтің құрасты-
руы бойынша)
Мақсаты:
1. Оқушылардың бойында өзін-өзі жетілдіру, қабілетін, 
қызығушылығын дамыту жəне өзін-өзі тану қажеттіліктерін 
қалыптастыру.
2. Адам + қоғам мүшесі + тұлға + азамат тізбегін жүзеге асыру.
3. Азаматтық тəрбие, əлем мəдениетін, құқықтық мəдениетті 
қалыптастыру.
Тұжырымдамалық негізі:
1. Тəрбиенің ізгіліктілік жүйесі.
2. Тəрбиенің адамгершілікті жəне демократиялық сипаты.
3. Тəрбиеннің мақсаты + оқушылар қызметі + ізгіліктілік 
қызметін жүзеге асыру.
4. Ынтымақтастық-еңбектестік-серіктестік-достық жəне олар-
дың постулаттары.
Мазмұнының ерекшелігі:
1. Жанұялық тəрбие беру.
2. Жалпыадамдық мораль жəне мəдениетке тəрбиелеу.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
4. Өзіне дұрыс қарым-қатынас орнату.
5. Азаматтық жəне ұлттық, əлеуметтік мəдениетке жетелеу.
6. Өмірге қабілеттендіру.
Əдістемелік ерекшелігі:
1. Тəрбие негізгі рөл атқарады.
2. Болжаған жетістікке жету жолында үздіксіз, тізбекті жұмыс 
жүргізіледі.
3. Кез келген балаға сенімділікпен қарау.
4. Күштеусіз, зорлықсыз тəрбиелеу.
5. Тұлғаны өзіне-өзінің дұрыс карым-қатынасын орнату.
6. Еркіндік.
7. Шығармашылыққа жетелеу.
8. Ізгілікті ойлауға үйрету.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы
Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта 
оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол 
оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын 
белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Мақсаты: əр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне 
қарай оқыту. Оқытуды оқушының əр түрлі топтарының ерекшелігіне 
сəйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Ерекшелігі:
1. Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан əрі бекіте 
түседі, əлсіздер оқуға ниет білдіріп, сенімсіздіктен арылады.
2. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
3. Білім дəрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.
Міндетті нəтижелерге негізделген деңгейлеп-саралап оқыту 
технологиясы мынадай ерекшеліктерімен – білімнің базалық 
деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі, оқушыларға берілген 
тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші жететіндей 
жəне қолайлы болуы шарт, білімнің базалық деңгейі оқытудың 
қазіргі заманғы педагогикалық технологиясының механизмі ретінде 
оқушының бірте-бірте өрістей дамуына мүмкіншілік жасау тиіс
оқушыға оқу деңгейін таңдауға ерік беру, оқушы өз мүмкіндігіне 
орай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігімен 
сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет