Санау жүйесі деп



Дата15.12.2023
өлшемі30.99 Kb.
#486716

Сан түсiнiгi – математикалық сияқты ақпараттануда да басты негіз. Егер математикада сандарды өңдеу әдiстерiне көп көңілбөлiнетiн болса, онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек солар ғана жадтың қажетті қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiнқатені анықтайды.
Санау жүйесі депбелгiлiбiрмөлшердегі таңбалардың көмегімен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесіекі топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.
Позициялық санау жүйесіндецифрлықмәні оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiңнегiзiндедәрежесі арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiңнегiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады.
Әрбір позициялық жүйенің нақты анықталған цифрлар алфавиті мен негізі бар. 
Позициялық санау жүйесінің негізі цифрлар санына тең және көрші позицияда тұрған бірдей цифрлардың мәндері неше есеге ерекшеленетінін анықтайды. 
Сандардың бізге үйреншікті жазылу жүйесі ондық жүйе деп аталады, ол он араб цифрларынан тұрады. Кез келген санды жазу үшін 0-ден 10-ға дейінгі 10 цифр қолданылады, оның негізі 10-ға тең; екілік жүйеде тек 0 және 1 цифрларын қолдануға болады, негізі-2; сегіздік жүйе сегіз цифрден тұрады, негізі – 8; он алтылық жүйеде ондық санау жүйесінің он цифрі және қалған 6 цифрдің орнына латын алфавитінің әріптері қолданылатын, барлығы он алты цифр бар, негізі – 16. 
Ондық 10 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9
Екілік 2 0,1
Сегіздік 8 0,1,2,3,4,5,6,7
Он алтылық 16 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 А(10),В(11),С(12),Д(13),Е(14),F(15)
2.Позициялық емес санау жүйесі
Позициялық емес санау жүйесіндеәрбірцифрлықмәні оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретіндеримдікжүйені алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифрі кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық әрекеттерді орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесі қолданылады.
Тарих бойынша ондық сандық жүйе ең көп тараған жүйе болса да,онымен қатар көптеген сандық жүйе осы күнге дейін адам өмірінде қолданып келеді. 
Мысалға Майя халқы – жиыралық, индеецтер –бестік және ондық , Европа революцияға дейін — он екілік( дюжина) , ал Қытайда – бестік санау жүйесін қолданған. 
Негізінде кез – келген сандық жүйе құруға болады. Сандық жүйенің негізін ретінде кез – келген бүтін санды алуға болады. Мысалы, 2 бүтін санды – екілік санау жүйесі деп, 3 бүтін санды – үштік санау жүйесі деп және т.б. сандарды алуға болады. 
Екілік санау жүйесін 1850 жылы ағылшын математигі Дж.Буль ойлап тапқан. Бұл жүйе екі санмен: 0 және 1 өрнектеледі. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет