Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу



Pdf көрінісі
бет50/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131
boribekova-kazirgi

4. Жаңа педагогикалық технологияға негізделген оқу 
бағдарламалық базаны қамтамсыз ету. 
Нақты бір мамандықтар бойынша біліктілік сипаттамасының 
талаптарына жасалған талдау негізінде оқу бағдарламаларына 
түзетулер, толықтырулар енгізу (теориялық жəне практикалық 
сабақтардың арақатынасын қайта қарау, мекеме тандау пəні, 
студенттің таңдау пəндері есебінен əрекетті-бағдарлы пəндер 
көлемін арттыру).
5. 
Жаңа 
педагогикалық 
технологияларды 
ендірудің 
материалдық-техникалық базасын құру.
Жаңа педагогикалық технологиялардың қолдану тиімділігін 
арттыруда осы көрсетілген бағыттардың құрылымдық мазмұнын 
іске асыру, сапалы жүргізу нəтижелікке бағдарланған жұмыс болып 
табылады.


106
107
Мұғалімнің оқыту əрекеті саналы болуы үшін ол педагогика 
ғылымының заңдылықтарын, тəрбие міндетінің қоғамның мақсаты 
мен талап-тілегінен туындайтынын, теория мен тəжірибенің бірлігін, 
əрекет-дамудың көзі екендігін, қарама-қайшылықсыз дамудың 
жоқтығын, оқытудың білімдік, дамытушылық, тəрбиелік сипатын, 
тəрбиенің білімдік, дамытушылық сипатын, оқыту мазмұны мен 
жоспары, бағдарламаның оқу-тəрбие мақсатымен сəйкестігін, т.б. 
нақты білуі керек. Бұл білімдер мұғалімнің педагогикалық үдерісте 
қателіксіз еңбек етуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалімнің оқыту əрекеті табысты болуы үшін ол терең 
білімділігімен қатар, шебер шешендікпен, айшықты бейнелілікпен, 
əсерлі сезімталдықпен, ұнамды дикция мен көркем əуезді дауыспен, 
қажетті сөздерді тауып, саралап сабақ түсіндіре білу сияқты 
педагогикалық қаруды игеруі абзал.
7.2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар 
бойынша өткізілетін сабақтарға қойылатын негізгі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет