18
19
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып,
əлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тəрбие
үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі,
білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,
жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер
ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде мұғалімдердің
инновациялық іс-əрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі.
Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында»
деп аталатын Назарбаев Университетінде оқыған лекциясында білім
сапасын арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нəрімен
сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызға да үлкен
міндеттерді жүктегені барлығымызға мəлім.
Ендеше келешекте
Қазақстанның ғарыштап дамуына өз үлесін қосатын бүгінгі ұрпақ
ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тəрбие үдерісін жаңартып, білім
сапасын арттыру – оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс.
XXI ғасырда қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру
саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар:
білім сапасын көтеру компьютерлендіру,
интернет, компьютерлік
желі, электронды жəне телекоммуникация, электронды оқулықтар
даярлау. Бұлардың оқушылардың қазіргі заман талабына сай
білім алуына, білік сапасын көтеруге тигізетін əсері мол. Жаңа
электронды оқулықтардың дүниеге келуімен берілетін білім
мазмұны да өзгерері сөзсіз. Болашақта əр
оқушы компьютерлік
технология арқылы интернет, электронды желі, электронды почта
арқылы дүниежүзілік білім əлеміне еніп, онда өзінің қажетін өтейтін
білімді толығымен алуға, қажетті ақпараттық мəліметтерді
ғылым
саласына байланысты озық тəжірибелерді, осы мəселенің шетелдегі
жағдайымен танысуына толық мүмкіндік туады.
Қазақстан Республикасы 2015 жылға
дейінгі білім беру
тұжырымдамасының түбегейлі мақсаты да əлемдік өркениетке сай
сапалы білім беру жəне ақпараттық интеллектуалдық ресурстарды
өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын, ылғи даму
үстінде болатын, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер
қабылдауға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып отыр.
Қоғамды ілгері дамытатын күш білім десек, болашақтың иегері –
жас ұрпақты саналы да білімді етіп тəрбиелеу ұстаздардың қолында.
Осы тұрғыда Л. Гумилев атындағы Еуразия университетінде елбасы
Н. Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы
білім экономикасына» – атты тақырыпта оқыған лекциясында:
«Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен əлдеқайда
жоғары болуы керек. Ол үшін формацияның педагогы қажет,» –
деген. Қазіргі мұғалім:
1. Педагогикалық үдерісте жүйелі жұмыс істей алатын;
2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тəрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін меңгеруі – маңызды мəселелердің бірі. Ал ғылым
мен техниканың жедел дамыған, мəліметтер ағыны күшейген
XXI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны
қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мəліметтер
ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып,
адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты
міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет
жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық
жемісімен келмек. Сондықтан да əрбір оқушының қабілетіне қарай
білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа
тəрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені
мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру
жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.
Достарыңызбен бөлісу: