20
21
былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып
табылатын идея». Майлс: «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз
одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» –
дейді.
Ендеше «инновация» ұғымы – педагогикалық сөздік қорнына
ежелден енген термин. Ол кейбір ғалымдардың еңбектерінде «жаңа»,
«жаңалық енгізу», деп көрсетілсе, кейбіреулер оны «өзгеріс» деген
терминмен анықтайды.
«Инновация» деген сөз – латынның
«novis» жаңалық жəне
«іп»
енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару,
жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
Инновация термині қазіргі білім берудің теориясы мен
тəжірибесінде кеңінен қолданылып жүр.
Бірақ ғылымда бұл
терминнің нақтылы анықтамасы белгілі бір категория ретінде
берілмеген. Берілетін анықтамалардың көпшілігі бұл ұғымды кеңінен
терең таныта алмайды. Инновацияны «Білім беру жүйесіндегі
жаңалық енгізу» деп айтсақ, оның мағынасын тарылтқан болар едік.
«Инновация»
ұғымы
ең
бірінші XIX ғасырда
мəдениеттанушылардың зерттеуінен пайда болды, яғни бір мəдениет
түрлерін екінші ел мəдениетіне енгізу дегенді білдіреді жəне бұл
ұғым этнографияда əлі күнге дейін сақталған.
Инновация аударғанда жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді
дедік. Яғни, С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация бірінші рет
шыққан
,
жасалған,
жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын
басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық
болып шығады. Инновация ұғымын əр елде əртүрлі түсінген. Кейбір
мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған. Ал,
Арабия, Жапония тəріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес.
Сондықтан əр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын
анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық,
техникалық, саяси
əдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде,
шетелдерде,
ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген
анықтамалар берілгенін көреміз.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация»
ұғымына қазақ тілінде
анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол
«Инновация,
инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану жəне таратуға байланысты
бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады.
Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, əдістемеде,
технологияда, оқу-тəрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін
басқаруда көрініс табады деп қарастырып,
өзінің жіктемесінде
инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке
түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке-
дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық
қамтитын).
«Инновация» сөзі – қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина,
техника салаларында өте жиі қолданып жүрген термин. Қазір бұл сөз
«жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді жəне дəл қазіргі
жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең жəне
анық екендігі белгілі. Бұл əдістеменің негізінде үйренушінің дербес
қабілеті, белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше
пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.
Достарыңызбен бөлісу: