196
197
мүмкіндіктер бар. Сондықтан оқу ойындарын қолдану мектеп
оқушыларының жеке жəне тұлғалық сапаларын тəрбиелеуге
қолайлы.
ИОТ-сын қолданатын оқыту үдерісінің
құрылымында мына
кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
Бағыттау. Ойынға қатысушылар мен эксперттерді дайындау
кезеңі. Мұғалім жұмыс тəртібін ұсынады, оқушылармен бірге
сабақтың басты мақсаты мен тапсырмаларын жасайды, оқу
проблемасын құрастырады.
Ойын-сабақты өткізуге дайындық. Бұл ситуация,
нұсқаулар,
қойылымдар мен басқа да материалдарды оқыту кезеңі. Мұғалім
сценарий жасайды, ойын тапсырмаларына, ережесіне, рөлдерге,
ойын
бөлімдеріне, ұпай санау тəртібіне (ойын таблосы құрылады)
тоқталады. Оқушылар қосымша ақпарат жинайды, мұғаліммен
ақылдасады, ойын барысы жəне мазмұны туралы өзара талқылайды.
Ойынды өткізу. Бұл кезеңде ойын үдерісінің өзі жүзеге асады.
Ойын басталғаннан кейін ешкімнің оған араласуға жəне бағытын
өзгертуге хақысы жоқ. Тек жүргізуші ғана қатысушының əрекетін
бағыттап отырады, егер ол бастапқы мақсаттан ауытқып бара
жатса. Мұғалім ойынды бастағаннан кейін, аса қажет болмаса оған
қатынаспауы керек. Бұл жерде мұғалімнің міндеті: ойын əрекеттерін,
нəтижелерін, ұпай санауды бақылау жəне түсініспеушілік
болған
жағдайда түсіндіру, оқушылардың сұрағына жауап беру немесе
өтініш бойынша оның жұмысына көмектесу.
Ойынды талқылау. Ойын нəтижесін талдау, талқылау жəне
бағалау кезеңі. Мұғалім талқылау жүргізеді, оның барысында
эксперттер сөйлейді, қатысушылар өз пікірлерін айтады, өз по-
зицияларын жəне
шешімдерін қорғайды, қорытынды жасайды,
таңғалыстарын айтады, ойын барысында туындаған қиындықтары,
идеясы туралы əңгімелейді.
Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе
спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке
қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ
интербелсенді режимдегі
теледидар сабақтары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: