Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Əдістеменің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет62/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131
boribekova-kazirgi

Əдістеменің ерекшеліктері: Оқу үдерісі оқушы мен 
мұғалімнің оқу сұхбатына негізделген, ол бағдарламалық қызметті 
бірлесіп құруға бағытталған. Бұл жерде оқушының ынтасы, оқу 
материалының мазмұнын, формасын, түрін жеке таңдауы, алған 
білімін оқытуға қатысты емес жағдайда, қажет болған соң өздігінен 
пайдалануға талабы есепке алынады.
Білім, білік, дағды. Сыртқы дүниеден қабылдағанның барлы-
ғына оқушы таңдаумен қарайды. Ғылыми-педагогикалық логиканың 
барлық ережелері бойынша бір жүйеге біріктірілген түсініктердің 
барлығын оқушылар игере алады деп айта алмаймыз, оқушы, 
көбінесе, өзінің жеке тəжірибесінде пайдаланатын түсініктерді ғана 
меңгереді. Сондықтан оқу үдерісін ұйымдастырғандағы бастапқы 
нүкте субъектік тəжірибені көкейтестілендіру, байланыстарды іздеу, 
дамудың жақын аймақтарын анықтау.
Оқу қызметінің тəсілі. Бұл технологияда барлық білім 
беру жүйесінің орталығы баланың даралық қасиеттері болып 
табылғандықтан, оның əдістемелік негізінде оқу үдерісін даралау 
жəне саралау принциптері жатыр. Кез келген пəндік əдістеменің 
негізгі идеясы – əр оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін 
ашу болып табылады. Одан кейін бұл мүмкіндіктер ұтымды жүзеге 
асырылатын құрылым анықталады.
Оқу қызметінің тəсілі. Ең басынан əр бала үшін оқшауланған 
орта құрылмайды, керісінше, ол өзін көрсете алу мүмкіндігі болатын 
ашық жан-жақты мектеп ортасы құрылады. Бұл мүмкіндікті педагог 
кəсіптік тұрғыдан анықтаған кезде оның дамуы үшін қажетті жағдай 
тудыратын оқытудың саралау формасын ұсынуға болады;
Бастауыш 
сынып 
мұғалімдері 
сабақта 
қолданатын 
икемді, жалықтырмайтын, түсінікті даралау мен саралаудың 
формалары бастауыш сынып оқушысының таңдаған танымдық 
қызығушылығын, олардың көрінуінің тұрақтылығын, оқушының 
оны оқу қызметінің тəсілдері арқылы жүзеге асырудағы өзіндік 
жұмысы мен белсенділігін анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет