212
213
үшін тұлғалық дəрежеде аса маңызды болмайды, сондықтан
формалды түрде меңгеріледі. Өкінішке орай, бұл білімдер бола-
шақ маманның санасында, жоғары курстарда қажетті деңгейде
əрдайым жүйеленбейді жəне интеграцияланбайды. Пəндердің
психологиялық-педагогикалық курстары жеткілікті біріктірілмеген,
ал пəнаралық байланыстардың жүйелі емес сипаты болады. Жоғары
курстарда психологиялық-педагогикалық білім, пəндік сала арқылы
көрсетіледі (əдістемелік білім), бұл айқын жеткіліксіз, себебі
білім берудің бұл саласында болашақ кəсіпқойдың педагогикалық
бағыттылығын жəне құзыреттілігін қалыптастыру үшін басты
«уақыт пен кеңістік» болып саналады. Мұндай интеграция мен
жүйелеуді тек акмеологиялық білім жүзеге асыруға қабілетті болады.
Акмеологиялық білімнің оны психологиялық жəне кəсіби
білімнен айрықшалайтын өзгешелігі болады.
Біріншіден, бұл өзінің мəні бойынша кəсіби іс-əрекет жəне
оның тиімділігінің факторлары туралы интеграциялық білім
болып саналады. Бір жағынан, ол адамның индивид, тұлға, іс-
əрекет субъектісі жəне даралық ретінде біртұтас ұғымдарға
(жаратылыстану, физиология, гигиена, валеология, психология,
əлеуметтану) сүйенеді, ал екінші жағынан – педагогикалық жүйелер
теориясына (педагогика) сүйенеді.
Екіншіден, акмеологиялық білім бастапқыда тұлғалық бағ-
дарланған, себебі іс-əрекетті тиімді жүзеге асырудың жалпы
заңдылықтарын ғана қарастырмайды, сонымен бірге адамның
кəсіби іс-əрекетінің дара стилін жалпы заңдылықтарды есепке алып
қалыптастыратыны ерекше маңызды болып саналады.
Үшіншіден, акмеологиялық білім біршама технологиялық,
себебі əрбір студентті өзінің шығармашылық əлеуетін, дара-
лығын айқындау, дамыту жəне жүзеге асырудың тек оған тəн
алгоритмдерімен жəне тəсілдерімен қаруландырады.
Жоғары кəсіби білім берудің көпсатылы жүйесінде мамандарды
даярлауды жетілдіру, ең алдымен, студенттерді өзіндік тұлғалық жəне
кəсіби дамытудың, барынша өзін-өзі жүзеге асырудың субъектілері
ретінде қалыптастырудың құралдарын жəне ұйымдастырушылық-
педагогикалық жағдайларын іздеумен байланысты.
Мұның бəрі жоғары кəсіби білім беру жағдайында, кəсіби
даярлаудың мазмұнындағы акмеологиялық идеяларды, принцип-
терді, заңдылықтарды жəне технологияларды аса мақсатты
бағытталған тұрғыда қолдануды талап етеді.
Осылайша, жоғары кəсіби білім беру жағдайында мамандарды
акмеологиялық даярлаудың жүйесін құрастыру туралы сөз қозғауға
болады. Акмеологиялық білімді білім беру саласында мамандарды
кəсіби даярлаудың мазмұнына ендірудің бірнеше жолдарын
айқындауға болады.
Олардың бірі ретінде, психологиялық-педагогикалық норма-
тивті курстағы акмеологиялық идеяларды айқындау жəне білім бе-
ру үдерісінде акмеологиялық технологияларды қолдану алынады.
Ол үшін:
• Мамандарды психологиялық-педагогикалық кəсіби даярлау-
дың мазмұнында «акмеологиялық тіректі» табу;
• Оқытылатын курстардың мазмұнында акмеологиялық идея-
ларды ашу үшін қолданылатын негізгі, тіректі ұғымдарды үйлестіру,
акмеологиялық глоссарий құрастыру;
• Жоғары кəсіби білім берудің əртүрлі сатысында мамандар-
ды кəсіби даярлаудың мазмұнындағы акмеологиялық модульдерді
айқындау;
• Студенттер-болашақ мамандарды акмеологиялық диагностика-
лау əдіснамасын, процедурасын құрастырудағы негізгі бағыттарды
жəне тұғырларды анықтау қажет.
Басқа, маңызды жолдың бірі – өзіндік акмеологиялық пəндердің
бағдарламасын құрастыру жəне оларды Мемлекеттік білім беру
стандартының ұлттық-аймақтық (ЖОО) компоненті жəне таңдау
курстары есебінен ендіру болып табылады.
Осылайша, жоғары кəсіби білім берудің көпдеңгейлі жүйесі,
мамандарды акмеологиялық даярлау жүйесін құрудың мүмкіндігін
ұсынады.
Мұндай тұғырда бір мезгілде бірқатар маңызды педагогикалық
мəселелер шешіледі:
Біріншіден, тəжірибелік пайдалы маңыздылығы бар кəсіби
психологиялық-педагогикалық білімді студенттердің саналы түрде
меңгеруі жүзеге асады.
Екіншіден, студенттердің психологиялық-педагогикалық жəне
акмеологиялық диагностика мен өзіндік диагностиканың əдістерін,
əдістемелерін тəжірибелік тұрғыда меңгеруі жүзеге асады.
Үшіншіден, бұл студенттердің өзіндік мəселелерін саналы
ұғынуына, мотивациялық өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге,
кəсіби іс-əрекеттің дара стилін саналы қалыптастыруға, жеке білім
беру жəне кəсіби маршрутты таңдауына ықпал етеді.
|