Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет142/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   205
Акмеология

278
279
технологияларды құрастыру, жүзеге асыру қажет; олар білімгер-
лердің білім беру бағдарларын, бастамаларын қалыптастыруды, 
құруды, кəсіби, білім беруші, зерттеуші іс-əрекетте оларды жүзеге 
асыруды қамтамасыз етеді; жеке білім беру траекториясын анықтау 
жəне таңдау үшін жағдай жасайды; инновациялық іс-əрекетке 
даярлықты қамтамасыз етеді; кəсіби саладағы инновациялық іс-
əрекетке қажет біліктер мен құзырлылықтарды қалыптастырады. 
Тұлғаның инновациялық əлеуетін дамыту үшін, И.В.Пахно 
жəне Т.А. Терехова əлеуметтік-психологиялық тренингті ұсынады. 
Тренингтің құрылымы инновациялық үдерістің сипатын көрсетеді 
жəне төрт сатыдан құралады: іздестіру, тұжырымдау, оңтайландыру 
жəне орындау. Тренинг интербелсенді имитациялық ойындарды, 
рөлдік 
ойындарды, 
белсенді 
дəрістерді, 
пікірталастарды, 
модельдеуді қамтиды, олар шығармашылық, ұйымдастырушылық
коммуникативті жəне тұлғалық біліктер мен дағдыларды 
ынталандырады.
Болашақ мамандарды дайындаудағы тұтас педагогикалық 
үрдістің теориясы мен практикасы (Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, 
Қ.К. Жампеисова, т.б); мүғалімдердің зерттеушілік мəдениетін 
қалыптастыру (Ш. Таубаева, т.б.); болашақ мамандардың креа-
тивтілігін зерттеу (Б.А. Оспанова) мəселелері кеңінен карастыры-
лады. Білімгерлердің креативтілік белсенділігін, ақыл-ой қабілетте-
рін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің 
саналылығы жəне біліктілігін қамтамасыз етуде көрнекіліктер мен 
инновациялық технологиялардың маңызы зор.
Студенттер-педагогтардың тұлғасында жəне іс-əрекетінде 
тиімді құруға бағдарланған акмеологиялық технологиялар ретінде 
іс-əрекеттің авторлық жүйелерін жобалау ұсынылады. Шеберлік 
пен кəсібиліктің негіздерін меңгеру үдерісінде құрылатын, іс-
əрекеттің авторлық жүйесінің жобасы ретінде студенттің тікелей 
педагогикалық үдерісте жүзеге асыратын өнімі алынады. Іс-
əрекеттің авторлық жүйесінің жобасы түрінде интеллектуалды 
өнімді құру инновациялық бағыттылық тұрғысында акмеологиялық 
технологияларды сипаттайды. Іс-əрекеттің авторлық жүйесін 
теориялық жəне практикалық дайындықтың синтезі негізінде жəне 
білімді, тəжірибені, имитациялық-модельдеуші жəне шынайы кəсіби-
педагогикалық міндеттерді шешу үдерісінде қолдану мүмкіндігін 
жобалау үдерісінде, студенттердің инновациялық əлеуетін ашу жəне 
инновациялық құзырлылығын қалыптастыру жүзеге асады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет