Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет140/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   205
Акмеология

274
275
қамтитын, нақты ғылыми-практикалық мақсатты орындауға 
бағытталған, шығармашылық қабілет болып табылады, ал тұлғаның 
шығармашылық əлеуеті қазіргі заманғы талаптарды ескеріп, 
дамытуға қажет тұлғаның құндылығы, инновациялық əлеуетті 
қалыптастырудың негізі болады. 
Сондықтан, инновациялық шығармашылық іс-əрекетке қабілетті, 
өзіне жəне қоршаған адамдарға шығармашылық қатынас білдіретін, 
өзіндік дамытуға, тұлғалық өсуге қабілетті тұлғаны қалыптастыру 
маңызды болып табылады. 
Кəсіби білім берудің қазіргі жүйесіндегі акмеологиялық тұғыр, 
шығармашылық əлеуетті ынталандырудан, педагогтардың кəсіби іс-
əрекетте жетістікке жету үшін тұлғалық ресурстарды анықтаудан, 
нəтижелі қолданудан құралады. 
Б.Г. Ананьев жəне Н.В. Кузьмина адамды кəсіби іс-əрекеттің 
белсенді субъектісі ретінде қарастырады, ол кəсібиліктің шыңдарына 
туындайтын проблемалық жағдаяттарды шешу арқылы жете алады. 
Бұл тұрғыда акмеологиялық тұғыр педагогтардың инновациялық 
іс-əрекетіне дайындықты біртұтас даму контексінде қарастырудың 
қажеттілігін қамтиды, мұнда олардың дара жəне субъективті-
əрекеттік сипаттамалары бірлікте қарастырылады. Акмеологиялық 
тұғыр педагогтардың ішкі мүмкіндіктерін табуға мүмкіндік береді. 
Педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығы инноватика 
саласында педагогтардың кəсіби білім беруімен байланысты болады. 
Инновациялық іс-əрекетке дайындық категориясына толық 
тоқталамыз. Педагогикалық іс-əрекетке дайындық, біртұтас 
дара даму контексінде, іс-əрекетте көрініс беретін, дамитын, 
тұлғаның интегралды сапасы ретінде қарастырылады. Педагогтің 
инновациялық іс-əрекетке дайындығы, инноватика саласында 
білім беру міндеттерін тиімді шешуге ықпал ететін, тұлғалық-
кəсіби сапалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Педагогтің 
инновациялық іс-əрекетке дайындық ұғымының мазмұнын 
құрастыруда, іс-əрекеттің психологиялық жүйесін қалыптастыру 
үдерісінің (іс-əрекеттің жүйелі генезі) сатылы сипаты болатыны 
есепке алынады (Шадриков В.Д.), сондықтан инновациялық 
педагогикалық іс-əрекетке дайындықтың деңгейлері, оның 
компоненттерінің даму дəрежесімен анықталады. 
Əртүрлі əдебиет көздеріне аналитикалық шолу негізінде, 
педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығының негізгі 
компоненттерінің мазмұнын анықтауға болады: 
• Мотивациялық компонент – инноватика мəселесінде білім беру 
деңгейін арттыру арқылы тұлғалық өсуге, инновациялық іс-əрекет 
саласында кəсіби өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік жəне ұмтылыс. 
Педагогтардың білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды 
ендірудің қажеттілігі мəселесіне қатынасымен, теориялық 
мəселелерге тұрақты қызығушылығымен, инновация саласында 
ғылыми зерттеулерге, практикалық іс-əрекетке қызығушылықпен 
сипатталады. 
• Когнитивті компонент – инноватика мəселесі бойынша ақпа-
раттандырудың дəрежесі, базалық деңгейі жəне білім сапасы. 
Педагогтің теориялық, практикалық əдістемелік білім деңгейімен, 
олардың инновациялық іс-əрекет саласындағы негізгі ұғымдарды, 
категорияларды жəне заңдылықтарды əрекет етуді меңгеру 
дəрежесімен, шеберлігімен сипатталады. 
• Тұлғалық компонент инновациялық іс-əрекет саласында білім 
беру үдерісінің субъектісі, кəсіпқой, тұлға ретінде адекватты бағалау 
қабілетін, шығармашылық қабілеттерді қамтиды. 
• Əрекеттік компонент инновациялық іс-əрекет саласындағы 
біліктер мен дағдыларды меңгеру дəрежесін қамтиды. Аталған 
компонент білімді практикалық қолдану саласына алмастыру 
шеберлігімен сипатталады. Айқындалған компоненттердің даму 
дəрежесі, нəтижесінде педагогтің инновациялық іс-əрекетке 
дайындық деңгейін анықтайды. 
Педагогтардың инновациялық іс-əрекетке дайындығын жетіл-
діру – педагогтің инновациялық іс-əрекетке дайындығын жетілдіру-
ге ықпал ететін, жетекші детерминанттары акмеологиялық фактор-
лар болып саналатын, күрделі ұйымдастырылған үдеріс. 
Инновациялық тұлғаны инновациялық іс-əрекетке деген дамыған 
мотивация, өзін-өзі жүзеге асырудың жоғары əлеуеті, қалыптасқан 
мінез-құлықтық стереотиптерді өзгертуге дайындық, белгісіздікке 
толеранттылық, сонымен бірге тұлғаның инновациялық əлеуетіне 
енетін басқа сапалар айрықшалайды. Инновациялық əлеует ұғымы, 
«инновациялық іс-əрекет феноменінің тұжырымдамалы көрінісі» 
болды. 
Инновациялық əлеуеттің шығармашылықпен, креативті ойлау-
мен байланысы, оның тұлғалық əлеуеттің негізгі элементтерін 
қамтитын күрделі құрылымын білдіреді. 
Білім берудің инновациялық-бағдарланған жүйесіне мамандар-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет