Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет35/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   205
Акмеология

66
67
түрлі тұғырларды талдау, білімгерлердің танымдық іс-əрекетімен 
байланысты құзыреттіліктің болатынын көрсетеді. 
Жоғары білім беруді жаңарту бойынша бағдарламалық құжат-
тарда, оқудан тыс ақпараттық алуан түрлі көздерінен, білімді өз 
бетімен меңгерудің тəсілдерін игеруге негізделген, өзбетінділік 
танымдық іс-əрекет саласындағы құзыреттілік айқындалады. 
А.В. Хуторской оқу-танымдық құзырлылықтарды анықтап көр-
сетеді: «шынайы танымдық объектілермен арақатынаста болатын, 
логикалық, əдіснамалық, жалпы-оқу іс-əрекетінің элементтерін 
қамтитын, өзбетінділік танымдық іс-əрекет саласындағы студенттің 
құзырлылықтарының жиынтығы. Оған мақсатты болжау, жоспар-
лау, талдау, рефлексия, оқу-танымдық іс-əрекетті өзіндік бағалауды 
ұйымдастырудағы білімдері мен біліктері енеді. Зерттелетін объек-
тілерге қатысты студент тиімді іс-əрекеттің креативті дағдыларын 
меңгереді: шындықтағы білімді тікелей меңгеру, стандартты 
емес жағдайларда əрекеттің тəсілдерін меңгеру, мəселелерді 
шешудің эвристикалық əдістерін меңгеру. Аталған құзырлылықтар 
аясында соған сəйкес функционалды сауаттылыққа деген талаптар 
анықталады – деректерді болжамнан айыра білу шеберлігі, өлшеу 
дағдыларын меңгеру, танымның мүмкін боларлық, статистикалық 
жəне басқа əдістерін қолдану». 
И.Я. Зимняя адамның іс-əрекетіне қатысты құзырлылықтарды 
анықтап көрсетеді: 
– танымдық іс-əрекет құзырлылығы: танымдық міндеттерді қою 
жəне шешу; стандартты емес шешімдер, проблемалық жағдаяттар – 
оларды құру жəне шешу; өнімді жəне репродуктивті таным, зерттеу, 
интеллектуалды іс-əрекет; 
– іс-əрекет құзырлылығы: ойын, оқу, еңбек; іс-əрекет құралдары 
жəне тəсілдері: жоспарлау, жобалау, модельдеу, болжам жасау
зерттеу іс-əрекеті, іс-əрекеттің алуан түрлеріндегі бағдар. 
Осылайша, білім берудегі құзыреттілік тұғыр мəселелеріне 
арналған психологиялық-педагогикалық əдебиеттерге жүргізілген 
талдау, білімгерлердің танымдық іс-əрекеті саласындағы құзы-
реттілігінің компоненттерін анықтауға, оны дамытудың өлшемдерін 
айқындауға мүмкіндік берді: 
– əртүрлі объектілерді зерттеуде ақпараттық тұғырдың мəнін 
түсіну; 
– интеллектуалды (ойлау) іс-əрекетінің негізгі əрекеттерін мең-
геру: анализ, синтез, салыстыру, жалпылау жəне т.б.; 
– ойлаудың жүйелі-аналитикалық, логикалық жəне алгоритмдік 
стильдерінің жоғары деңгейін меңгеру; 
– танымдық міндеттерді шешу, стандартты емес шешімдерді 
табу, проблемалық жағдаяттарды шешу. 
Танымдық іс-əрекет саласындағы құзыреттіліктің маңызы
Г.И. Щукина бойынша танымдық іс-əрекеттің операцияларымен 
негізделеді: 
– білім, білік жəне дағдылармен қаруландырады; 
– білімгерлердің дүниетанымын тəрбиелеуге, адамгершілік сапа-
ларын тəрбиелеуге ықпал етеді; 
– білімгерлердің танымдық күштерін, тұлғалық құрылымдарын, 
белсенділігін, өзбетінділігін дамытады; 
– білімгерлердің əлеуетті мүмкіндіктерін анықтайды жəне жүзе-
ге асырады; 
– ізденістік жəне шығармашылық іс-əрекетке баулиды. 
Танымдық іс-əрекет білімгерлердің іс-əрекетінің жетекші түр-
лерінің бірі болып табылады, ол танымдық қызығушылық негізінде 
білімгерлердің оқу əрекетін ынталандырады. Білімгерлердің жал-
пы дамуы мен олардың тұлғасын қалыптастыруда танымдық іс-
əрекеттің мəнін асыра бағалауға болмайды. 
Құзырлылық/құзыреттілік ұғымдарын теңестіру аясында
Л.Н. Болотов, В.С. Леднев, Н.Д. Никандров, М.В. Рыжаков 
құзырлылықтың тəжірибелік бағыттылығын атап көрсетеді – 
«Құзырлылық адамзат тəжірибесіндегі білім мен əрекеттің ара-
сындағы қатынас аясы болып табылады», ал «Құзыреттілік тұғыр 
білім берудің тəжірибелік бағыттылығын біршама арттыруды 
қамтиды». Н. Хомский атап көрсеткендей, «… біз құзырлылық пен 
оны пайдалану арасындағы іргелі айырмашылықты көреміз. Тек 
идеалды жағдайда ғана пайдалану құзырлылықтың тікелей көрінісі 
болып табылады». Н. Хомский бойынша, пайдалану шынайы түрде 
ойлаумен, пайдалану реакциясымен, дағдылармен, адамның өзіндік 
тəжірибесімен байланысты. Өзіндік тұлғалық құрамдастармен жəне 
мотивациямен құзырлылық категориясын мазмұнды толықтыру 
Р.Уайттың «Motivation reconsidered: the concept of competence» 
еңбегінде көрсетілген.
1984 жылы Лондонда жарыққа шыққан Дж. Равеннің 
«Компетентность в современном обществе» атты еңбегінде 
құзыреттілік ұғымына ауқымды түсініктеме беріледі. Бұл 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет