Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет31/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   205
Акмеология

58
59
типтегі мамандарды озық кəсіби даярлау жүйесін құрудың қажеттілігі 
өзекті болып саналады. Бірінші қатарға кəсіби тəрбие беру мəселесі, 
тəрбие үдерісінің жаңа сипаттамалары шығады, олар кəсіби даярлау 
мен педагогтарды қайта даярлауға жаңа талаптар ұсынады. Жаңа 
мəдениеттанушылық тұжырымдаманың авторларының пікірлері 
бойынша, «тəрбие мəдениеттің аса жоғары жетістіктерінің 
негіздерін көрсететін, ғылыми-педагогикалық бағдарламамен 
қамтамасыз етілген, білімгерлердің өмірін педагогтардың мақсатты 
бағытталған, кəсіби басқаруы арқылы ұйымдастыруда, мəдениет 
контексінде тұлғаны қалыптастыру жəне дамытудың кең, ауқымды 
үдерісі» болып саналады. Алайда, тəжірибе көрсеткендей, уни-
верситеттердің профессор-оқытушылар құрамы студенттермен 
тəрбие жұмысын жүргізуде белгілі қиындықтарды басынан өткереді. 
Мұны қазіргі студент қауымының бұрынғы студенттерден өздерінің 
дүниетанымдық ұстанымдарымен, құндылық бағдарларымен
тəрбиелілік деңгейімен, жаңа өмірлік жағдайларда өзін-өзі жүзеге 
асыруымен айрықшаланатынымен түсіндіруге болады.
Құзыреттілік тұғырды жүзеге асырудың тұжырымдамалы 
мəселелерінің мəні, осы үдеріске қатысушы барлық субъектілердің 
мүдделерінің көптігімен жəне əртүрлі бағыттылығымен анықталады. 
Мысалы, мемлекеттің біліктілік сипаттамаларды құрастыру тə-
жірибесі болады, яғни мемлекеттік қорытынды аттестациялау 
туралы диплом алу тұрғысында маңызды білім мен біліктің нақты 
тізімдемесі болады, сонымен бірге, жұмыс берушілер үшін базалық 
коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктер үлкен маңызға ие 
болады, сонымен қатар мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесінің 
жəне ұсыныстарының болуы маңызды болып саналады. Түлектердің 
өздері білімділік жетістіктерін талдау жағдайында, біршама 
дəрежеде дипломның мəртебесіне жəне білімді жалғастырудың 
мүмкіндігіне бағдарланады. Сондықтан əлеуметтік-тұлғалық, эко-
номикалық, жалпы-ғылыми жəне кəсіби құзырлылықтар, өзінің 
құрамы бойынша айрықшаланып қоймайды, сонымен бірге əртүрлі 
субъектілердің қажеттіліктерімен байланысты болады, өз кезегінде 
объективті бағалауға ие болу үшін, мазмұны мен құрылымы бойынша 
диагностикалық процедураларды талап етеді. 
Психологиялық-педагогикалық 
əдебиеттерде, 
кəсібилікті 
қалыптастыру жəне дамыту үдерісін қарастыруда, екі ұғым 
қолданылады: құзыреттілік жəне құзырлылық. Біріншісі кəсіби іс-
əрекеттің белгілі түрімен байланысты болады жəне С.И.Ожеговтің 
сөздігіне сəйкес «белгілі бір салада хабардар болу, беделге ие 
болуды» білдіреді; ал екінші ұғымның келесідей мəні болады: 
«белгілі бір адамның, органның міндеттемелері мен құқықтарының 
шеңбері, белгілі бір адамның қарауындағы мəселелер мен істердің 
шеңбері».
«Құзыреттілік» термині əдетте белгілі əлеуметтік-кəсіби 
мəртебесі бар адамдарға қатысты қолданылады, олардың түсіндірі-
луі, білімдері мен біліктерінің орындайтын міндеттердің, шешілетін 
мəселелердің күрделілік деңгейіне сəйкестік шамасын сипаттайды. 
Құзыреттілік – бұл құзырлылықтар жиынтығы. Құзыреттіліктер 
көптеген құзырлылықтардан құралуы мүмкін, олардың көпшілігі 
салыстырмалы түрде бір-біріне тəуелсіз, əртүрлі салаларға қатысты 
болады. Құзырлылықтар деп білім, кəсіби тəжірибе жəне мінез-
құлықтың мақсат пен жағдайға сəйкес бірлігіне негізделетін, əрекет 
ету қабілеті арқылы көрінетін, маманның сипаттамасы аталады. 
Құзырлылықтар – бұл аталған қызметті атқаратын нақты маманның 
меңгеруі қажет сапалары.
Құзыреттілік жəне құзырлылық бір-бірін өзара толықтыратын 
жəне өзара негізделген ұғымдар болып табылады: тең құқықтары 
(құзырлылық) меңгермеген құзыретті адам толыққанды дəрежеде 
қызметті əлеуметтік маңызды аспектіде жүзеге асыра алмайды. 
Мұндай түсіндіруді біз А.С. Белкиннің анықтамасынан табамыз
аталған анықтамада құзырлылық келесі үлгіде берілген: 
«құзырлылық адамның ие болатын жиынтығы, ал құзыреттілік – 
адамның меңгерген жиынтығы».
Əдетте құзырлылықтар əмбебап жəне арнайы деп бөлінеді.
Мұнда əмбебап құзырлылықтар инструменталды, тұлғааралық 
жəне жүйелі деп бөлінеді. 
Құзыреттілік тұғырдың жаңарту үдерісінің негізгі аспектіле-
рін аса терең көрсететін, барлық мəндер мен аспектілердің интуи-
тивті түсінікке негізделетін көзқарасты қарастырамыз. Дəл осы 
«ілгері дамушы» бағдардың аясында ой тұжырымдары жасалады 
(В.В. Краевский):
• құзыреттілік тұғыры өндірістік саланың сұраныстарына жауап 
береді (Т.М. Ковалева);
• құзыреттілік тұғыр өзгермелі əлеуметтік-экономикалық 
шындыққа жауап білім беру мазмұнын жаңартуда көрініс табады
(И. Д. Фрумин);




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет