88
89
тұлғаның мақсатты болжауды құруына жəне оның позитивті əлеу-
меттік идеалды қалыптастыруына ықпал етеді.
Педагогикалық білім беру мазмұны, болашақ педагог-маман-
дарды кəсіби əрекетке даярлаудың қырлары, педагогтардың кəсіби
қабілеттерін қалыптастыру, мұғалімдерді даярлаудың тарихына
арналған зерттеулерді отандық ғалымдар Қ.Б. Сейталиев, Р.К. Бек-
мағамбетова, А.Д. Қайдарова) жəне т.б. жүргізген. Педагогтардың
кəсіби дарындылығын дамыту мəселесіне Л.М. Нəрікбаева, ал
болашақ маманның біліктілігін, шығармашылық əлеуетін дамыту
Б.А. Тұрғынбаеваның, зерттеу жұмыстары арналған.
Кəсіби даму тұлғалық дамумен тығыз байланысты. Тұлғаның
кəсіби дамуының объектілері ретінде, кəсіби маңызды сапалар
мен психологиялық қасиеттер, əлеуметтік-кəсіби бағыттылық,
құзыреттілік, атап айтсақ коммуникативті құзыреттілік алынады.
«Коммуникативті құзыреттілік» феномені «қарым-қатынас
мəдениеті» (С.Л. Братченко, Ю.Н. Емельянова, Е.В. Руденский),
«сөйлеу мəдениеті» (Л.А. Введенская, Л.Г. Павлова, Б.Н. Головин),
«тілдік қарым-қатынас мəдениеті» (О.М. Казарцева), «тілдік мінез-
құлық мəдениеті» (А.К. Михальская) ұғымдарымен теңестіріледі.
Қазіргі заманғы əлеуметтік жағдайлар жəне əлеуметтік
қажеттіліктер, қоғамның əрбір мүшесінің коммуникативті мəдение-
тін қалыптастырудың қажеттілігін айқындайды. Коммуникация
адамның негізгі қажеттіліктеріне жатады, себебі ол адамның түсіну,
əлеуметтік жақындасу жəне өзара əрекеттестік мүмкіндіктерімен
қамтамасыз етеді. Кез келген мəдени даму ақпараттық алмасуға,
ойлауға, ұрпақтан ұрпаққа ақпараттар мен құндылықтарды
жалпылауға, беруге негізделеді, олар өз кезегінде тұлғаның,
əлеуметтік топтардың, біртұтас қоғамның өмірінің мəдени негізін
құрайды. Коммуникативті құзыреттілік əлеуметтік жəне кəсіби
қабылданған деңгейде, тұлғалық өзара əрекет саласындағы білімдер,
біліктер жəне дағдылардың, түйінді ұғымдардың қалыптасуының
деңгейін көрсететін адамзат іс-əрекетінің кез келген саласында
мамандарды даярлаудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып
табылады.
Педагогтің коммуникативті құзыреттілігінің басты көрсеткіште-
рі ретінде, қарым-қатынас пен мінез-құлықта рефлексиялау қабілеті,
білімгерлердің интеллектуалды жəне эмоционалды күйлерін сезіну
шеберлігі, байланысты қабылдау жəне құру қабілеті, оқушыларға
белсенді жəне педагогикалық тұрғыда əсер ету шеберлігі алынады.
Педагогтің коммуникативті құзыреттілігі мəселесіне зейін аудару,
білім беру жүйесінің болашағы жəне біртұтас қоғамның мəдениеті
үшін мазасыздану сезімімен туындады. Өзінің табиғаты бойынша
кəсіби іс-əрекеті коммуникативті болатын мұғалім, үнемі өзінің
біліктерін саналы түрде көрсетеді, өзінің коммуникативті əлеуетін
тиімді қолдануды көрсетеді. Педагогикалық өзара əрекеттестіктің
жетістігі, педагогтің сөйлеу мəдениетінің деңгейіне байланысты
болады, оны қалыптастыру өз кезегінде кəсіби қалыптасу мен
педагогтің өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі тəрбиелеудің маңызды
міндеттерінің бірі болып табылады.
Педагогтің коммуникативті құзыреттілігінің маңызды құ-
рамдасы ретінде, оның эмоционалды мəдениеті алынады. Эмо-
ционалды өзін-өзі реттеу мəселесі – маңызды психологиялық-
педагогикалық мəселелердің бірі. Оқытушының басынан өткеретін
психологиялық жүктемесі, онда кəсіби күйзелістің дамуына
əкеледі, соның салдарында «эмоционалды жану» синдромының
қалыптасуына əкеледі. Жиі қайталанатын, жағымсыз эмоционалды
күйлер жағымсыз тұлғалық сапалардың, қозудың, тітіркенудің,
мазасызданудың, пессимизмнің, агрессивтіліктің пайда болуына
əкеледі. Бұл өз кезегінде педагогтің іс-əрекетінің тиімділігіне жəне
білімгерлермен, əріптестермен өзара қатынасына жағымсыз əсер
етеді. «Эмоционалды жанудың» меңгерілген синдромы кəсіби
жағымсыз мінез-құлықтың стереотипті түрлерінің қалыптасуына
жəне қарым-қатынас үдерісінде қоршаған адамдармен қысым мен
қолайсыздықты құруына əкелуі мүмкін. Осылайша, педагогтің
қазіргі заманғы білім беру үдерісінің қатысушысы ретіндегі
коммуникативті құзыреттілігіне қойылатын талаптар, оның эмо-
ционалды күйімен қарама-қайшылыққа түседі.
Қоғамның қазіргі дамуы, ақпараттық технологиялар, өзінің ден-
саулығына қамқор болу шеберлігі, коммуникацияға түсу шеберлігі,
кəсіби мəселелерді шешу білігі сияқты білім берудің қазіргі заманғы
қоғамның сұранысына сəйкес сапаларын меңгеруін жүзеге асыруға
қабілетті тұлғаны қалыптастырудың тетіктерін құрастырудың
қажеттілігін туындатады.
Қолданбалы акмеологияда тұлғаның кəсібилігін дамытудың
факторы ретінде, оның рефлексивті ұйымдасуы мен рефлексивті
мəдениетінің деңгейін арттырудың мүмкіндіктерін іздеуге бағыт-
|