Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет49/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   205
Акмеология

94
95
– аталған үдерістің мақсаты ретінде, болашақ мамандардың 
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру қажеттілігімен байланысты 
тұлғаның сапасы ретіндегі қабілетін қалыптастыру қарастырылатын 
болады; 
– кəсіби өзіндік білім алу қабілетін қалыптастырудың құралы 
ретінде, модульдік технология алынатын болады, ол мамандардың 
өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыруға даярлаудың мақсатта-
рына адекватты дидактикалық жүйе болып табылады; 
– білім беру үдерісінің модульдерінің мазмұнына негізгі оқу 
бағдарламасына қатынасы бойынша қосымша болатын кəсіби 
өзіндік білім алу тəжірибесін меңгеру сияқты компонент енгізілетін 
болады. 
Кəсіби іс-əрекет жəне тұлғалық-кəсіби даму үдерістерінде, 
шығармашылық əлеуетті ашудың, жүзеге асырудың жағдайлары 
мен факторларын анықтауға бағытталған акмеологиялық зерттеулер 
аса конструктивті жəне практикалық тұрғыда маңызды болып 
саналады. Аталған зерттеулердің пəндік жəне объектілі өрісі 
ауқымды, шығармашылық кəсіби іс-əрекеттің кез келген түрінде 
мүмкін жəне практикалық тұрғыда қажет. Зерттеу мəліметтері 
тұлғаның əлеуетінің мəнді сипаттамаларын қайта жаңғыртылатын 
ресурстар жүйесі ретінде акмеологиялық түсіндіруге негізделеді, 
олар өз кезегінде жағымды, əлеуметтік мəнді нəтижелерді алуға 
жəне тұлғаның ілгері дамуына бағытталған іс-əрекеттің тиімділігін 
арттыруға ықпал етеді. 
Аталған түсіндіруде əлеует, ең алдымен орны толықтырылатын 
ресурстар ретінде, яғни қойылған мақсаттарға сəйкес тұлғаның өзі 
бағыттайтын, сонымен бірге ілгері тұлғалық дамуға бағдарланған, 
табиғи-негізделген ресурстар ретінде қарастырылады. Басқаша 
айтқанда, мұндай түсіндіру акмеологияда өзекті жəне əлеуетті 
дамуға, субъектінің принциптерін жүзеге асыруына сəйкес келеді. 
Тұлғаның əлеуетін ашу бірінші кезекте, тұлғаның қабілеттерін 
дамытумен байланысты болады, əсіресе іс-əрекетке қатысты немесе 
тұлғаның бағыттылығына сəйкес келетін қабілеттерді дамытумен 
байланысты. Кемелденген тұлғаның күрделі, жекеленген қабілеттерін 
дамыту, əдетте өзіндік оқыту мен кəсіби іс-əрекет үдерісінде жүзеге 
асырылады, оның барысында субъектінің алдына тұлғалық-кəсіби 
өсу мен жетістіктерге жету міндеттері қойылады. 
Даму үдерісінде интеллектуалды қабілеттерді дамытуға ба-
сымдылық беру қажет. Интеллектуалды даму үдерісінде білімдер 
толығады, дүниетаным кеңейеді, интеллектуалды біліктер қалып-
тасады, бұлар өз кезегінде əлеуеттің қайта жаңғыртылатын құрам-
дасын жүзеге асырады. Бұл жаңа интеллектуалды қажеттіліктер, 
мақсаттар мен мотивтердің қалыптасуына ықпал етеді, яғни даму 
үдерісі жеделдейді. 
Қабілеттердің дамуы іс-əрекеттің тиімділігін жəне кəсіби 
жетістіктерге жетуді арттыруға ықпал ететін тұлғалық-кəсіби 
немесе кəсіби маңызды сапалардың қалыптасуымен қамтамасыз 
етілуі керек. 
Проблеманың реттеуші аспектісі – біліктер мен дағдылардың 
қалыптасуы мен дамуы. «Қабілеттер – сапалар – біліктер – 
мотивтер – мағыналық құрылымдар» жүйесінің дамуында тұлғаның 
əлеуетін ашудың негізгі тетіктері қаланған. Бұл үдеріс жетістіктер 
мотивациясына адекватты нəтижелі рефлексия мен «Мен-
тұжырымдама» аясында жүзеге асырылуы қажет. 
Тұлғаның əлеуетінің жүйелі сапалар қасиеті бар, олар жүйелі 
тұғырға сүйеніп, əлеуетті сипаттауға мүмкіндік береді. 
Психикалық əлеует психикалық процестердің ресурстығын 
көрсетеді – естің, зейіннің, ойлаудың, қиялдың көлемі жəне си-
паттамасы, эмоционалды-ерікті саланың ерекшеліктері. Аталған 
əлеует тұлғаның арнайы қабілеттерімен тығыз байланысты, 
салдарында оны ашу соған сəйкес қабілеттердің дамуымен 
анықталады. 
Характерологиялық əлеуеттің болуын индуктивті түрде болжауға 
болады. Мінездің белсенділік, мақсатқа ұмтылушылық, беріктік, 
шешім қабылдау сияқты белгілері дами алады, тұлғалық жəне кəсі-
би жетістіктердің маңызды коррелянттары болып саналады. Аталған 
əлеуеттің мəнді толықтырушы ресурстығы болады, себебі мінездің 
белгілері ырықты түрде қалыптасуы мүмкін. 
Тұлғаның тəжірибе əлеуетінің мүмкін болар толықтыру 
ресурстық деңгейдегі тəжірибелік шектелмеген қасиеті болады. 
Тəжірибе, жаңа білімдер мен біліктер өмір бойы меңгеріледі
бұл үдеріс динамикалық түрде жеделдетілуі мүмкін. Тұлғаның 
бағыттылық əлеуеті тұлғалық стандарттар мен эталондармен, 
мақсаттармен, тұлғалық мағыналармен байланысты жəне оның 
акмеологиялық мазмұны болады. 
Жүйелі тұғырда тұлғаның біртұтас əлеуетін жекеленген, өзара 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет