Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет62/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   205
Акмеология

118
119
Акмеологиялық зерттеулерде тұлғаның ілгері дамуы мен 
кəсібилігінде салыстырмалы тұрғыда өзгермейтін, тұрақты 
заңдылықтарға ерекше назар аудару қажет. Мұндай тұрақты 
заңдылықтарды, қасиеттерді, сапалар мен сипаттамаларды іздеу 
инварианттылық принципіне сүйеніп жүзеге асырылуы керек. Атал-
ған принцип кибернетикада құрастырылды, инженерлік психология-
да «адам-машина» инвариантты жүйесін құру үшін қолданылды. 
Акмеологияда ол ерекше жағдайларда мамандардың іс-əрекетінің 
кəсібилігінің акмеологиялық инварианттары тұжырымдамасын 
құрастыру үшін қолданылады. Оның идеясы жалпы жəне ерекшенің 
деңгейінде кəсібиліктің ұқсас параметрлерін анықтаудан құралады, 
бұл параметрлердің инвариантты сипаты болады (яғни, тəуелсіз). 
Басқаша айтқанда, кəсібиліктің құрылымында іс-əрекеттің 
өзгешелігіне тəуелсіз барлық кəсіпқойларға тəн құрамдастар бар, 
сондықтан кəсібилікті дамыту бірінші кезекте сол құрамдастардан 
басталуы қажет. 
Гуманизмнің əдіснамалық принципі акмеология үшін маңызды 
принциптердің бірі болып саналады. Оны жалпы түрде қолдану, 
акмеологиялық білімнің бірінші кезекте адамның мүдделеріне, 
оның ілгері тұлғалық жəне кəсіби дамуына бағытталу қажеттілігін 
көрсетуге мүмкіндік береді. Акмеологияның міндеті аталған 
принципке сəйкес, адамды қоғамның гуманистік талаптары 
деңгейіне немесе адамның өзі үшін анықтаған деңгейіне дамытудан 
құралады. 
Акмеологиялық зерттеулерде жеке сипаты бар акмеологияның 
жекеленген əдіснамалық принциптері негізделген жəне сипатталған: 
психоəлеуметтік, үйлестіру, прагматикалық, шынайылық жəне т.б. 
Белгіленген жалпы жəне жеке əдіснамалық принциптер, 
акмеологиялық зерттеулердің əдіснамалық кеңістігін, акмеология-
ның өзгешелігін, бағдарын, оның адамға қатысты тұғырларын, 
білімнің аталған саласында əлеуметтік жəне тұлғалық қажеттілікті 
анықтайды. Олар объектінің – жоғары деңгейге жетуге бағытталған 
дамудың субъектілік сипаты бар дамушы тұлғаның акмеологиялық 
өзгешелігін нақтылауға мүмкіндік берді. 
Теориялық-əдіснамалық зерттеулер нəтижесінде, шынайы 
күйден, тұлға дамуының сапасы мен деңгейінен (кəсібилік) 
болашақ идеалды күйге өтуді анықтайтын акмеологияның пəнінің 
əдіснамалық моделі құрастырылды. 
Модель: 
• тұлғаның күйі мен əлеуетінің біріктіруші сипаттамасы; 
• оны дамытудың алгоритмдері мен тəсілдері; 
• болашақ күйдің бейнесі; 
• кері байланыстың бақылаушы механизмдері мен функцияла-
рын сипаттау сияқты компоненттерді қамтиды. 
Алгоритм əрекет етудің, дамыту мен байланыстың тəсілдерінің 
сипаттамалары мен нұсқаларын біріктіретін, акмеологиялық 
заңдылықтардың мəнін көрсететін механизм болып табылады. 
Тұлға принципінің акмеология үшін нақты мазмұны мен 
мəні, салыстырмалы түрде оның психологияда түсіндірілуімен 
ашылады. С.Л. Рубинштейн тұлғалық принципті ұсынып, оны 
адамды оқшауланған психикалық функцияларға, қабілеттер мен 
күйлерге бөлетін функционализм психологиясына қарама-қарсы
қойды. В.Н. Мясищев бірізді түрде С.Л. Рубинштейннен кейін, осы 
принципті өзінің еңбектерінде жүзеге асырды. 
Атап өтетін бір жайт, осы принципті психологияда жүзеге 
асыру əлі жалғасып келеді, бірақ аяқталмады: қабылдау, ес, ойлау 
үдерістерінің өзіндік тұлғалық сипатын ашу қиынға соғады. 
Акмеологияда тұлға өзінің дамушы, функционалды күйінде 
қарастырылады: тұлғалық принциптің акмеологиядағы ерекшелігі 
де осында. Осы принциптің ажырамас ерекшелігі, тұлғаның қызмет 
ете отырып, өмір сүрудің басқа жүйелеріне – іс-əрекет, қарым-
қатынас, таным жүйесіне «енуінен» құралады. Сондықтан тұлға-
лық принциптің аталған ерекшелігі, тұлғаның қызметі белгіленген 
жүйелердің əрқайсысындағы өлшемдер бойынша жүзеге асы-
рылатын болады. Егер бұл кəсіптер жүйесі болса, акмеологияны 
кəсіпқойдың тұлғасы қызықтырады, аса нақты түрде – басқарушы, 
педагог, менеджер, мемлекеттік қызметкер тұлғасы қызықтырады. 
Акмеология тұлғаны бір мезгілде психологиялық тұрғыда жəне 
əлеуметтік-кəсіби оңтайлылық тұрғысында қарастырады. 
Əрі қарай, егер психологияда тұлға ілгері дамуда қарастырыла-
тын болса, онда акмеологияда тұлға мақсатты бағытталған, ілгері, 
шыңға шығушы дамуда қарастырылады. Акмеологияда тұлғаның 
дамуы сатылы-жас ерекшелігінде жəне функционалды-əрекеттік 
(кəсіби – кəсіпте даму, кəсіпқой ретінде қалыптасу) жəне ситуативті 
(тұлғаны қарама-қайшылықтан тұратын қиын жағдайда дамыту, 
немесе позитивті, шешуші, жағдайды оңтайландырушы əсерді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет