122
123
болып саналады. Оларды шеше отырып, тұлға өзінің кемелдігіне
жетеді, субъект сапасына ие болады.
Акмеология үшін субъектіліктің екінші өлшемі ретінде, өзінің
өмір сүруінің ішкі жəне сыртқы жағдайларын игерудің еркіндігі,
тұлға жəне басқа адамдардың арасында қатынастар субъектісі
ретінде оңтайлы қарым-қатынас құру қабілеті алынады.
Тұлғаның субъектілігінің маңызды өлшемі ретінде, «Мен-
тұжырымдамасының» болуы алынады, ол тұлғалық базистік
құрылымы болып саналады, алайда өзінің нақты архитектоника-
сында, өзінің шамасында тұлғаның субъектілігінің шамасы туралы
айтуға мүмкіндік береді. Өз кезінде, С.Л.Рубинштейн өзінің
«Основы общей психологии» еңбегінде тұлғалық құрылымның
негізгі құрамдастарын сипаттап, оның құрамдасына үш параметрді
енгізді: адам нені қалайды (бұл оның қажеттіліктері, мотивтері,
қалаулары), адам не істей алады (оның қабілеттері, мүмкіндіктері,
ресурстары қандай), адам өзі кім (оның дүниетанымы, мінезі жəне
т.б. қандай). Егер қалаулар қабілеттерге сəйкес келмесе, тұлғалық
қарама-қайшылықтар социуммен қарама-қайшылыққа ұласады, ал
мінез қабілеттерді, тілектерді жүзеге асыру бағытында қолдануға
мүмкіндік бермейді. Осы құрамдастарды үйлестіру субъектінің
жоғары мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
Психоəлеуметтік тұғырдың қазіргі заманғы ғылым үшін
жеткілікті жаңа əдіснамалық сипаты болады, шетелдік еңбектерде
ол тұғыр бұрыннан құрастырылған. Психологияда осы принципті
құрастыруға К.А.Абульханова-Славская қатысты.
Іс-əрекет субъектісі принципі психологияда бірнеше рет жəне
көпдеңгейлі нақтылауға ұшырады. Н.В.Кузьмина құрастырған
педагогикалық жүйені жəне оның функционалды компоненттерін
анықтауға сүйеніп, А.А.Деркач іс-əрекетте (енді тек педагогикалық)
оның түбегейлі функционалды макрокомпоненттерін анықтады:
гностикалық, білім мен қабілеттерді іс-əрекетте операционалды,
нəтижелі қолдану жүйесінен құралатын; жобалаушы, ол іс-
əрекеттің мақсатты сипатымен байланысты, алайда психологияда
тек философиялық жүйе арқылы мақсат, құрал, нəтиже ретінде
сипатталды.
А.А.Деркачтың жобалаушы компонент туралы тұжырымы, іс-
əрекетті жүзеге асыру тəсілдерін, оның болжанатын сатыларымен,
оқиғалармен, жүзеге асыру деңгейлерімен нақты байланыстыруға
мүмкіндік
берді.
Компоненттердің
қатарына
А.А.Деркач
конструктивті компонентті енгізді, оны түсіндірудің негізіне
акмеологиялық тұғырдың мəні алынды: конструктивтілік іс-əрекет
жүйесін жəне субъектінің іс-əрекет тəсілдерін жеделдетуге мүмкіндік
береді, ол іс-əрекеттің ырықсыз, кездейсоқ сипатын қамтымайды,
қателіктер мен «теріске шығаруды» азайтады, іс-əрекетті жүзеге
асырудың «бағасын» төмендетеді.
Іс-əрекеттің ұйымдастырушылық компоненті «іс-əрекет» жəне
«ұйымдастыру» ұғымдарын жақындастырудың əдіснамалық үрдісін
білдіреді. Ол бір мезгілде іс-əрекеттің барлық құрамдастарын,
барлық буындарын реттеу міндетін көрсетеді, сонымен бірге іс-
əрекетті ұйымдастырудың жобалаушы, болжаушы, интеллектуалды
тəсілімен оны практикалық жүзеге асырудың байланысын білдіреді.
Алғаш психология ғылымында теориялық жəне практикалық іс-
əрекетті теңестіру жойылды, ол тек философиялық анықтама
аясында жүзеге асырылды, олардың өзгешелігі, байланыс тəсіл-
дері, іс-əрекеттің практикалық шынайы, онтологиялық мəні ашыл-
ды. Бірқатар еңбектерде іс-əрекеттің практикалық компоненті
орындаушылық компонент ретінде түсіндірілсе де, ол тек когнитивті,
интеллектуалды компонентті жүзеге асыру ретінде қарастырылды.
«Ұйымдастырушылық» ұғымын енгізе отырып, А.А.Деркач
іс-əрекетті жүзеге асырудың практикалық деңгейінде шешілетін
түбегейлі, мəнді міндетті айқындады. Сонымен, автордың
анықтаған коммуникативті компоненті психологияда артып келе
жатқан саналы ұғынуға сəйкес келді, ол ұғыну бойынша іс-əрекет
тек дара субъектінің іс-əрекеті емес, сонымен бірге оның бірлескен
жинақтаушы сипаты болады.
К.А. Абульханова С.Л. Рубинштейннің ой-пікірлері негізінде
субъект категориясын жалпы əдіснамалық тұрғыда түсіндіруді
құрастырып, оның психология үшін түйінді мəнін ашып, іс-əрекет
субъектісі принципін нақтылады.
Біріншіден, іс-əрекет субъектісі — бұл тұлғаның жаңа, қайта
құрылған сапасы, ол тұлғаның психикалық ұйымдасуының барлық
жүйесін толық қайта құруды білдіреді. Субъектінің бұл сапасы
тұлғаның ерекшеліктері, қалаулары, мотивтері, мүмкіндіктері, іс-
əрекет талаптары мен қоғамның оның орындаушысына қоятын
талаптары арасындағы қарама-қайшылықты шешу арқылы
туындайды. Егер сана мен іс-əрекет бірлігі принципінің дамуының
|